Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, обсөЖ



бет5/5
Дата10.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#1454
1   2   3   4   5

II


ИКО 1969 жылы құрылған. Оны құру туралы шешім мұсылман мемлекеттерінің үкімет және елбасы конференциясында Рабат қаласын да (Марокко) қабылдаған. Сол конференцияда 43 мемлекет өкілдері қатысқан. Конференция жұмысына бақылаушы ретінде Пипр, Филипин және басқада мұсылман қауымынан өкілдер болған.

972 жылы қабылданған жарғысында ИКО-ның жоғарға органы -“Үкімет және мемлекет басы конференциясы” саналады. Ол үш жылда бір болады.

Ұйымның саяси органы –“сыртқы істер министрлігінің конференциясы” болып бекітілі. Атқарушы орган – Бас секретариат болып табылды. Секретариатты Ген секретар басқарады. ИКО-ның алғашқы секретары Тунку Абдул Дахман (Малайзия) болған.

Бас секретариатта төмендегі бөлімдер бар:



  • әлеуметтік –экономикалық бөлім;

  • ғылым жіне техника бөлімі;

  • Информация бөлімі;

  • Адам құқығы бөлімі;

  • Мұсылмандық бейүкіметтік ұйымдар істері жөніндегі бөлім;

  • Халықаралық мәселелер жөніндегі бөлімі;

  • Азия және Африка істері жөніндегі бөлім

ИКО БҰҰ-мен тығыз байланыс орнатқан. 1975 жылдан бері ИКО БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие. БҰҰ-ның бас Ассамблеясының 36 сессиясында “БҰҰ мен ИКО-ның ынтымақтастығы туралы” арнайы ревалюция қабылданған.

1996 жылы Қазақстан өзінің ИКО-ғы бақылаушы мәртебесін, осы ұйымның тең құқықты мүшесіне өзгертті. Тең мүшесі ретінде Қазақстан өзінің экономикалық, ғылыми және мәдени мәселелерін шешуде.

Ұйымда шешімдер мемлекеттік дәрежеде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық дәрежеде тек қана ИКО өз қызметін атқарады.

III.


Мұсылман әлемінде құрамына мемлекеттер емес, ал жеке дара қауым мен діни бірлестіктер кіретін халықаралық ұйымдар бар. Олардың қабылдаған шешімдері “кеңес беруші” сипатта болады. Мұндай халықаралық ислам ұйымдарына төмендегілер жатады:

  • Европа Ислам кеңесі

  • Ислам миссиясының дүниежүзілік федерациясы

Сонымен қатар мұнайды экспорттаушы мемлекеттер халықаралық ұйымында (ОПЕК) бейислам елдерде бар. Бұл ұйымға діни негіздер бойынша емес, ал коммерциялық негізге беріледі және бұл ұйымның негізін мұнай өндіруші мұсылман мемлекеттері құрады. ОПЕК 1960 жылы құрылған, оның жоғарғы органы органы-министрлер конференциясы. Штаб –квартирасы-Веха қаласында(Австрия) орналасқан. ОПЕК-тің қатысушылары: Иран, Ирак;Кугаит, Саудовская Аравия, Венесуэлла, Катар, Индонезия, Алжир, Нигерия,және т.б. мемлекеттер.

Бұл ұйым мұнай бағсы бойынша саяси принципін аықтайды. Сонымен қатар бұл ұйымның иүшелері өте үлкен дәрежеде мұнайды өндіріп, экспорттайды. Мұсылман әлемінің Лигасы –1962 жылы Меккеде құрылған. Лиганың басқарушы органы –ген секретар басқаратын кеңес. Оның қызметіне кіреді: исламды уағыздау; мешіттер құрылысы; меккеге мұсылмандардың қажылық сапарын ұйымдастыру.

Дүниежүзілік ислам конгресі- Сауд Аравиясы королінің бастамасымен 1926 жылы құрылған хаылқаралық ұйым болып табылады. Бұл ұйымға 40-қа жуық мемлекет кіреді. Конгрестік орталық кеңес (әр жылы қажылық сапары аяқталғанда жиналады). Ұйымда ислам философиясын, тарихын зерттейтін ғылыми зерттеу орталығы бар. 1978 жылы Джидда қаласында Сауд Аравиясының принципінің бастамасымен ислам Банктерінің халықаралық Ассоциясы құрылған. БҰл ұйым банк ісінде ислам принциптерін таратуды мақсат еткен және де ұлттық ислам банктеріне көмек көрсетуге құқығы бар.

Афро-Азияттың ислам ұйымы 1964 жылыДжапартта (Индонезия) құрылған. 1970 жылы “Дүниежүзілік ислам ұйымы” болып өзгертілді. Оның мақсаттарының бірі-барлық мұсылман ұйымдарын біріктіру болып табылады.


IV.


Халықаралық субьектілігінің бір элементерінің бірі ол – шарттар не сауда қабілетінің болуы. Бұл талап кез келген , сондайақ мұсылман мемлекеттері үшінде тиісті болып табылады.

Мұсылман мемлекеттері БҰҰ-ның 107-бабына сәйкес, іс жүзінде өздерінің барлық келісім шарттарын БҰҰ-да тіркейді. Сондай-ақ көптеген мұсылман мемлекеттері 1969 жылғы “Халықаралық келісім шарттар туралы” Вена конвенциясының және 1978 жылғы “мемлекеттердің келісім шарттарға құқықтық мирастығы туралы” конвенцияға т.б. келісімдердің қатысушылары болып табылады.Шарттар құқығы ішкі және халықаралық құқықтың аспептіде болуы мүмкін. Мемлекеттің ішкі шарттарын негізінен азаматтық –құқықтық сипаттағы шарттар құрайды. Олар: сатып алу-сату шарты, айырбас шарты, сақтау шарты.т.б. Еңбек қатынастары саласында сол сияқты еңбек шарттары (ұжымдық және жеке) түзіледі. Ислам мемлекеттерінің шартта екінші рольде болса, ал халықаралық ислам құқығында шарттар маңызды ролде болады. Ислам ішкі және халықаралық құқығында басты қайнар көз ролін –құран атқарады.

Халықаралық ислам ққ-да шарттар субьектілерге байланысты 2 топқа бөлінеді: 2 жақтың аймақтық болып бөлінеді.
Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай.


  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 16

Ислам даму банкі.
Жоспар:

  1. Ислам даму Банкі қызметіндегі Ислам конференсия ұйымының экономикалық ынтымақтастығы.

  2. Ислам даму Банкі мүшелеріне-ең төмен дамыған мемлекеттерге көмек көрсету.

  3. Банкінің арнайы (ерекше) көмектері

  4. Жоғары технология саласын оқыту мақсатында арнайы степендиялары болу бағдарламасы.

Ислам даму Банкі (ИДБ) халықаралық қаржы ұйымы ретінде Джидда қаласында (сауд Аравия корольдігі) 29 мемлекет қол қойған келісімді орындау үшін құрылған.

ИДБ өзінің ресми жұмысын 20-қазан 1975 жылы бастады. Алғашқыда банк капиталы 2 млн. ислам динарын құраған, ол 2 мың ИБД акциясына бөлінді. Қазіргі таңда бұл банк капиталы 4- млрд ислам динарына жуық.

Сонымен қатар ИДБ қарамағында төмендегі арнайы қалалар бар:



  • ислам банктерінің портфелі;

  • экспортты қаржыландыру схемасы;

  • ИДБ-нің пай қоры;

Банк бұл аталған қалаларды ИДБ-нің басшы (жоғарғы) органдары дайындаған (қабылдаған) ережелер мен тәртіптерге сәйкес иелік (басшылық) етеді.

ИДБ мүшелеріне болып құрылтайшы келісіміне қол қойып негізін салған мемлекеттер мен қатар, кейіннен осы банкке қосылған мемлекеттер де жатады.

1998 ж. ИДБ-не 53 мемлекет бірікті. ИДБ тәуелсіз халықаралық ұйым ретінде төмендегілерді алады:


  • келісім шарттар түзуге;

жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді иемденуге және

сатуға;


- сот органдарына арыздануға;

Құрылтайшылық келісімге байланысты ИДБ мүше-мемлекеттерде соттық қудаланудан иммунитетін пайдаланады. Соттық іс тек қана егер Банк өзінің құзіретін қаражат жинау сауда саттық немесе құнды қағаздарды сатуға кепілдік беру үшін пайдаланса болады. Басқа жағдайларда банктің бірде бір мүшесі, жеке не заңды тұлға ИДБ қарсы іс қозғауға құқығы жоқ.

Құрылтайшы келісім шарттың 64- бабына сәйкес ИДБ мен қатысушы мемлекет не оның өкілі арасындағы түсініспеушіліктер мен дау туған жағдайда арбитраждық (төрелік сот) тәртібімен шешіледі.

Арбитраждық сот үш арбитрмен (төреші) жүзеге асырылады:

а) ИДБ өкілі;

б) дауға бастамашы болған ИДБ-не мүше

в) тараптармен келісілген және Банктің басқа рушы кеңесі мақұлданған халықаралық соттан немесе тиісті шешім қабылдауға құзіреті және құқығы бар кез келген орган өкілі;

Шешім көпшілік дауыспен қабылданады, сонымен қатар үшінші арбитор дауысы шешуші мәнге ие және ол тараптар үшін міндетті болып табылады.

ИДБ төмендегі өкілеттерге ие болып, функцияларды атқарады:


  1. Мүше – мемлекеттердің өндірістік – мекеме мекемелерінің акционерлік капиталына қаржыландырады.

  2. Мүше-мемлекеттердің әлеуметтік инфраструктура және экономика салаларын қаржыландырады.

  3. Техникалық көмек көрсетеді;

  4. Кадрларды дайындауды қамтамасыз етеді;

  5. Мұсылман мемлекеттерінде шариат принциптеріне сай болу үшін экономикалық, қаржыжәне банк салаларында зерттеу жүргізеді.

  6. Ерекше мақсаттар үшін арнайы қорларды құрады және билік етеді.

  7. т.б. өкілеттіліктерді

ИДБ құрамында:

  • басқарушылар кеңесі;

  • атқарушы директорлар кеңесі;

  • Президент және үш вице-президенттер;

  • Іс-әрекетінің түрлі салаларына маманданған бөлімдер бар.

Басқарушылар кеңесі жылына бір рет жиналады. Барлық билік басқарушылар кеңесіне тиісті. Атқарушы директорлар кеңесін Президент басқарады және оның мүшелері басқарушылар кеңесінің құрамына кірмейді. Атқарушы диреторлардың өкілеттік мерзіміүш жыл.

Президентті басқарушылар кеңесінің сайлауға құқығы бар мүшелерінің 2-3 қатысқан жағдайда көпшілік көпшілік дауыспен сайлайды. Президент міндетті түрде банктің мүше мемлекеттерінің бәрінің азаматы болуы тиіс. Ол өкілеттік мерзімінде басқарушы және атқарушы директор қызметінде бір мезгілде бола алмайды. Президенттің өкілеттік мерзімі 5 жыл, қайта сайлана алады.

Вице-президенттерді Президент ұсынысы бойынша атқарушы директорлар кеңесі тағайындайды. Вице-Президентте банкке мүше-мемлекеттің азаматы болуы тиіс.

ИДБ-ның штат-квартирасы Джидда қаласында орналасқан. ИДБ-ның үш аймақтық офисі бар:



    1. Куала-Лумпур (Малайзия)

    2. Рабат (Марокко);

    3. Алматы

Халықаралық исламдық банк құқығы.

Банктік қызметте жоспарды сонымен бірге саудааралық маңызды мағынадағы сұрақтарды мемлекет мүшелерімен исламдық конференцияда ұйымдастырады. Экономикада сауда ісін нығайту маңызды роль ойнайды. Исламдық конференцияда мемлекетаралық мүшелерімен және экономикалық мемлекетаралық одақтардың құрылуы ұйымдастырылады. Мемлекет мүшелері исламдық банке сауданы әртүрлі жол тәсілдерімен жетілдіруге дамытуға көмектеседі. Банк ісінде ақша салуды енгізу ішкі сауданы қаржыландыру, сауда жүзінде іске асырылуды қамтамасыз етеді. Саудаға нысана көрсету көмектесу іске асыру және банке көрсету түрінде екінші симпозиюм “Саудада кездескен шара” тақырыбында өткізілді. Ал бесінші симпозиюм “Ислам конференцияны мемлекет мүшеаралық ұйымдастыруымен экспортты көрсету және көмектесу” тақырыбымен Тегеранда 1992 ж. өткізілді.Сауда банкі 1994 жылы Исламдық корпорация құрды. Сақтандыру инвеститциялық экспорттық кредит капиталы 100 млн. исламдық динар (АҚШ доллар шаққанда 150млн;$). Корпорация мұсылмандық құққа сәйкес экспорттық кредитті сақтандыруға төлемеушіліктің жабуына коммерциялық немесе коммерциялық ұйымдардың тәуекелін қамтамасыздандырады.

Корпорация инвеститциялық шетел валюталарымен аударуды ұсынады. Негізгі тәуекел соғыспен азаматтықтан айыруға сақтандыруда шек қояды. 1989 жылы банк арнайы тақырыптарда симпозиюм өткізді. Назар ұсыныушылар мемлекет мүшелерімен исламдық банкті іске асыруда өз ойларымен тәжірибелерін алмасты. Өткізілген симпозиюмда теориялық және практикалық мағыналарда иемделенді. 1989 жылы Рабатта ақпан айында банктік симпозиюм “Ауылшаруашылықты іске асыру, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі” тақырыбында мемлекеттік мүшелердің ұйымдастырылуымен исламдық конференция өткізілді. 1992 жылы Тегеранда өткізілген симпозиюмда экспорттық проблемаларды және экспортаралық мүмкіншіліктерді арттыру, іске асыру талдалған сұрақтарды мемлекет мүшелерінің ұйымдастырылуымен конференцияда көрсетілді. Банк қабылдаған ағымдағы саясатты бұзуға қайта қарапшығуға жаңа стратегияны талқылап шығуға көрсетуге банкке жол беріледі. Сонымен бірге жаңа мүмкіншілікті ашу, үлкен қарым-қатынас аралықты мемлекет мүшелерімен исламдық банктік симпозиюмда іске асырылады. II Экономикалық қарым қатынасты және исламдық банктің іске асырылу қызметін исламдық конференцияда мемлекет мүшелерімен ұйымдастырылады. Негізгі бір мақсатты іске асыру үшін исламдық банкқа эконмикалық қарым қатынас әрекетін тереңдету керек. Банкті басшылыққа алу мынадай бағдарламалық документтермен яғни меккелік декларация және жоспарды жүргізу нығайту экономикалық саудалық техникалық қарым қатнасты мемлекет мүше аралық ұйымдармен исламдық конференцияларды түгелдей нығайту. Жоспарды жүргізуде орындауда үш тұрақты комитет құрылады: экономикалық және коммерциялық қарым-қатынастық комитет, ғылыми технологиялық комитет, мәдени істермен хабарлау комитеті.

Банк басқа да тұрақты экономикалық комерциялық комитеттермен қарым-қатнаста. Банк жаңа экономикалық сферада стратегиялық қатнасты істеуде активно қатысуды қабылдадаы. Дүниежүзілік және экономикалық халықаралық аренада алаңғы оқиғаға істелінген стратегиялық қажетті мағынаға байланысты мемлекет мүшеаралық ұйымдастырудағы исламдық конференцияда тездетілген өзгертулермен иемденді.

II. Техникалық ынтымақтастық программаны 1983 жылы енгізді бұл банктың қосымша әрекеті және исламдық банктың (мемлекеттік іс әрекетін мүшелеріне) алдын ала өркендеуіне мемлекет мүшелерінің техникалық көмегін көрсету сонымен бірге мемлекет аралық тәжірибелердің алмасуына көмектесті. Қысқа мерзімді (грант) техникалық көмек грант жүзінде көрстеілді яғни мемлекет мүшелерімен исламдық банктың іске асырылуына экспорт төлемдердің көмегімен жұмысшы орындардың жоғарылауына қызметшілердің ұйымдастыруымен белгілі тақараптық семинарға профессионалдық техникаларды дайындайды. Исламдық қаржыларды құруға жұмысшылар бір-бірімен қарым - қатнасты қолдайды. Бірінші орныда шығыс жобаларының жай іске асырылуына көңіл бөледі. Мұндай жоб мемлекет мүшелерімен исламдық банктерде іске асырылады.

Мына қаржылық қатнас исламдық банктың іс әрекеттерімен бірігуімен атақты координациялық топтарға кіреді:


  1. Абу Дабидың іске асыру фонды

  2. Африкалық экономикалық іске асырылуындағы араб банкі

  3. Экономикалық және социалды іс әрекетінің Арабиялық фонды.

  4. Араб валюта фонды

  5. Ирак фондының ішкі іс әрекеті

  6. Кувейт фондының Араб экономикадағы іс әрекеті

  7. Халықаралық фондтардың іс әрекеті

  8. Сауд фондының іс әрекеті

  9. Ислам банкінің іс әрекеті

Координациондық топтар отырысы екі түрлі негізде өткізіледі

а) Басшылардың басқару операцияларымен жылына 2- рет

б) Жетекшілердің қажетті бір негізде кез-келген уақытта

Көптеген жобалар координациондық топтарға қаржылай біріктірілген. Ақшалай қаражаттық топ 10 млн. долларды құрайды.(АҚШ) Соңғы исламдық қаржылық структура мен тығыз бір-бірімен байланыста. Біріктірілген қаржылай проект мына агенттіктерді қолдайды:

ООН агентігін, африкадағы экономикалық комиссияны, Азия экономикасындағы комиссия, Тамақ өнідерімен ауылшаруашылық ұйымдарды, ООН балалар фондын, сауданың іске асырылуындағы ООН конференциясы білім ғылым және мәдени ұйымдардың ООН бағдарламасымен айналаны қорғауды, ООН-ң бағдарлама іс әрекетіндегі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарды және т.б.


Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 17
Мұсылман мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.
Жоспар:

  1. Ислам Конференция ұйымына мүше мемлекеттер арасында сауданы дамытуда көмек көрсету

  2. Экономикалық ынтымақтастықтың субригионалдық ұйымдары, олардың мақсаттары.

  3. Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы.

  4. Ислам даму Банкісімен сауда операцияларын қаржыландыру.

Мұсылман құқығының теоритеттері адамдарды қабылдау арқылы, олардың әлеуметтік жағдайына, тіліне, ұлтына және тағы басқа мән жағдайларына қарамастан теңестіреді деп есептейді.

Бұл теңестіру өз ішінде сот пен заң алдында теңдікті де қамтиды. Қазіргі таңда исламның теңдік туралы нормасы әйелдерге де үлестірілген (тиесілі). Оған Құранның төмендегі аяттары айғақ.

49/6: “Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе оны анықтаңдар”.

4/58: “ ...адамдардың арасында билік қылсаңдар, әділдік пен билік қылуды әмір етеді.”

Ислам “жеке адамның құқықтық мәртебесіне” үлкен мән берген, оған Құранда 70-ке жуық аяттар арналған. (бар) Ислам теориясы адам құқығының негізі етіп “Құранның 70-ші сүресін басшылыққа алады:” “әркім өз ісіне жауап береді” Сондай-ақ Мұхамеддің хадисіне де негізделеді: “адамдар бір-біріне бауыр басады.

Бұлардың негізінде әр мұсылманның мемлекеттен өзінің негізгі құқығын талап етуге құқығы барлығын білдіреді.

Адам құқықтары мен бостандықтары ислам принсиптеріне негізделген мұсылман мемлекеттеріндегі конституцияларда бекітілген, сол үшін мемлекет мұсылмандардың құқығын қамтамасыз етуі тиіс.

Араб елдерінде отбасылық заң орны түгелдей мұсылмандық құқық принциптеріне негізделеді. Бұны, отбасылық құқық нормалары мәселелері реттелмеген жағдайда, мұсылмандық құқық мектебі қорытындылары немесе исламдық құқықтық принциптері қолданылатындығын көруге болады.
Әдебиеттер.

1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай



  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

“Сырдария” университеті

“Заңтану – тарих” факультеті

“Құқық” кафедрасы


Мұсылман құқығы пәні бойынша 050301 “Юриспруденция” мамандығының студенттері үшін

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Жетісай – 2005 ж.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ




Сабақтың тақырыбы, мазмұны


Әдебиеттер

1

Мұсылман құқығының түсінігі мен пәні.

Мұсылман құқығы пәні, оның зерттейтін аясы

Мұсылман құқығы пәнінің жүйесі.

Мұсылман құқығы мен ислам дінінің ара қатынасы.




Ә-1-9

2

Ислам құқығы мен ислам діні

Мұхамед пайғамбар, оның өмірі және оның қоғамдағы алар орны.

Араб халифатының құрылуы мен ислам дінінің етек жауы.

Алғашқы мұсылмандар, олардың меккеге қайта оралуы.

Мұсылман жыл санауының бастауы.

Мекке қаласының құқықтық статусы.




Ә-1-5

3

Мұсылман құқығы теория негіздері.

Мұсылман құқығы теориясының негізі, түсінігі.

Кәлем және дәнке ілімдерінің түсінігі мен олардың бөлімдері.

Мұсылман құқығының X-ғасырға дейінгі дамуының ерекшеліктері.

Мұсылман құқығындағы модернизация және кодификациялық жұмыстар.


Ә-1-6

4

Мұсылман құқығының тарихы.

Мұхамед пайғамбардан кейінгі, оның жалын жалғастырушы халифтер және ислам дінінің таралу аясы.

Мұхаммед пайғамбар қайтыс болған соң, жоғары билік мәселелеріне байланысты туындаған проблемалар.

Ислам дініндегі жаңа адамдардың пайда болу себептері.

Ислам дініндегі “дхимма” терминінің түсінігі мемн оның формалары.



Ә-5-9

5

Мұсылман құқығының жүйесі.

Шариат және оның элементтері

Мұсылман құқығы жүйесінің бөлімдері.

Мұсылман құқығы жүйелерінің қалыптасуы.

“Сийар” терминінің қалыптасуы мен мағынасы


Ә-4-6

6

Мұсылман құқығының қайнар көздері.

Құран, оның құрылымы мен қайнар көз ретінде ерекшелігі.

Хадис, оның түрлері мен қайнар көзі ретінде ерекшелігі.

Адилля иттихад, оның түрлері.

Ислам заңдарының жиынтығының бөлімдері.

Фикһ, пәтуә мағыналары.




Ә-5-9

7

Мұсылман құқығының мектептері.

Мұсылман мектептерінің негізгі бағыттары: сунна және шина олардың негізгі ерекшеліктері.

Х-ғасырдағы сунна бағытының мектептері.

Маликит және ханифит мектептері.

Ханбалит және шафиит мектептері.



Ә-3-7

8

Ислам және отбасы құқығы

Отбасы құқығы құқық саласы ретінде түсінігі, оның реттейтін салалары.

Некеге тұру шарттары

Некенің бұзылу шарттары.

Неке заңындағы “мухала” немесе “хал” сөздерінің түсінігі.

“Идда” мағынасы, оның құқықтық реттелуі.




Ә-1-4

9

Мұсылман азаматтық құқық

Мұсылман құқығындағы “Меншік” түсінігі, оның құқықтық реттелуі.

“Даман” қағидасының түсінігі.

Азаматтық құқықтық келісім шарттардың классификациясы.




Ә-1-6

10

Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы

Ислам діні бойынша құқық бұзушылықтың түсінігі және сипаттамасы.

Құқық бұзушылықтың классификациясы.

“Хадд” құқық бұзушылықтар.

“Кисас”, “Кавад” және “дия” құқық бұзушылықтар


Ә-4-6

11

Мұсылман қылмыс құқығы

Мұсылман құқығының ХV-ғасырға дейінгі доктрикасы.

Мұсылман құқығына ХІХ-ғасырдың 2-ші жартысында енгізілген өзгерістер.

“Тазир” құқық бұзушылық

Өлім жазасы.


Ә-2-8

12

Мұсылман заңдарындағы дәлелдеу теориясы.

Мұсылман заңдарындағы кінәсіздік презумциясы мен заң алдындағы теңдік принципі.

Судьялар шешімдері және оның басшылыққа алатын негіздері.

Куәгерлерге қойылатын негізгі талаптар.

Айыпкердің өзінің қылмыс жасағанын мойындауы.


Ә-3-7

13

Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы

Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығының халықаралық құқықпен ара қатынасы.

Шарттардың сипаттамасы мен түрлері.

Юфид және хилф келісім шарттары.

Муссанадах және муаваддах шарттары.


Ә-1-6

14

Ислам және дипломатия.

Құран дипломатиялық қатынастар жөнінде.

“Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена Конвенсиясымен (18.04.1961) мұсылман елдерінің ара қатынасы.

Елшілердің артықша құқықтары мен иммунитеттері.




Ә-5-9

15

Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары.

Халықаралық ұйымдар, олардың классификациясы.

Ислам конференция ұйымы.

Ислам даму банкі, оның құрылу мақсаты.

Үкіметтік емес ислам ұйымдары.


Ә-6-9

16

Ислам даму банкі

Ислам даму Банкі қызметіндегі Ислам конференсия ұйымының экономикалық ынтымақтастығы.

Ислам даму Банкі мүшелеріне - ең төмен дамыған мемлекеттерге көмек көрсету.

Банкінің арнайы (ерекше) көмектері

Жоғары технология саласын оқыту мақсатында арнайы степендиялары болу бағдарламасы.


Ә-3-9

17

Мұсылман мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.

Ислам Конференция ұйымына мүше мемлекеттер арасында сауданы дамытуда көмек көрсету.

Экономикалық ынтымақтастықтың субригионалдық ұйымдары, олардың мақсаттары.

Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы.

Ислам даму Банкісімен сауда операцияларын қаржыландыру.


Ә-1-5

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті

“Заңтану – тарих” факультеті

“Құқық” кафедрасы


Мұсылман құқығы пәні бойынша 050301 “Юриспруденция” мамандығының студенттері үшін

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.
(СӨЖ)

Жетісай – 2005 ж.


10. СӨЖ - ТАҚЫРЫПТАРЫ





СӨЖ- тақырыптары, мазмұны


Әдебиет

1

Мұсылман құқығының түсінігі мен пәні.


Ә-1-9

2

Ислам құқығы мен ислам діні


Ә-1-5

3

Мұсылман құқығы теория негіздері.


Ә-1-6

4

Мұсылман құқығының тарихы.


Ә-5-9

5

Мұсылман құқығының жүйесі.


Ә-4-6

6

Мұсылман құқығының қайнар көздері.


Ә-5-9

7

Мұсылман құқығының мектептері


Ә-3-7

8

Ислам және отбасы құқығы


Ә-1-4

9

Мұсылман азаматтық құқық


Ә-1-6

10

Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы


Ә-4-6

11

Мұсылман қылмыс құқығы


Ә-2-8

12

Мұсылман заңдарындағы дәлелдеу теориясы.


Ә-3-7

13

Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы


Ә-1-6

14

Ислам және дипломатия


Ә-5-9

15

Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары.


Ә-6-9

16

Ислам даму банкі


Ә-3-9

17

Мұсылман мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.


Ә-1-5

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті


“Заңтану – тарих” факультеті

“Құқық” кафедрасы

Мұсылман құқығы пәні бойынша 050301 “Юриспруденция” мамандығының студенттері үшін

БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:
А) Тестілік сауалнамалар

Б) Жазбаша бақылау жұмыстары.

В) Коллоквиумдар

Г) Сөзжұмбақтар


Жетісай – 2005 ж.




СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМІН РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ.

Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рол оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.


Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі Sillabys / қыту бағдарламасына / міндетті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:



Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары

Бағалаудың %-тік мазмұны


Бағалаудың дәстүрлі жүйесі.

А

4.0

100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

Ғ

0

0-49

Қанағаттанғысыз

Пәннен Ғ – деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек.


Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет