Күні: Сабақ саны:
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр әңгімелерінен
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушы аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен танысады, аңыз бен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол ашу;
2. Оқушы оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауын, қиялын ұштап, байқағыштық қабілеттерін дамыта түсу;
3. Оқушы адам бойындағы алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау керектігін ұғынады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, топтау, әңгімелеу, "Биопоэма" стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар , карточкалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
"Менің күнделікті еңбегім" атты шағын шығарма жазу
ІІІ.Жаңа тақырып
1.Қызығушылықты ояту.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Байды алдап, мақтанған,
Кедейлерге жақ болған.
Сараң емес, бай да емес,
Ақшақұмар жан да емес.
Табыңдаршы жанды осы,
Сыйлығым бар тапқанға.
- Бұл өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- Аты аңызға айналған кімдерді білесіңдер?
"Топтастыру" стратегиясы бойынша орындау.
- Осылардың ішінен қай кейіпкерді сомдау саған жеңіл тиеді?
-Қайсысын қазіргі таңда ортамыздан табуға болады?
2.Мағынаны тану.
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. "Болжау" стратегиясы бойынша әңгіме не туралы болатынын саралап көру.
Әңгімені оқу. Қожанасыр келбетін сомдау.
-Қожанасыр жұмыртқасын неліктен жарып алды?
-Қожанасыр қандай кейіпкер?
-Қожанасыр қиялының орындалмауына не себеп болды?
-Ал сен өзің қиялдай аламысың? Нені?
-Орындалмайтын армандарың бар ма?
-Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың?
(Ол ержүрек батыр сияқты соғысқа аттанып, жауды жеңді ме, әлде бүуіл ауылды аштықтан құтқарып қалу үшін аң аулады ма екен?)
-Мәтіндегі қиялын Қожанасыр іске асыра алады дегенге сенер ме едің?
-Қожанасырға қандай мінездеме берер едің?
-Қожанасыр жайында тағы қандай аңыздар білесіңдер?
Сергіту сәті.
Қожанасыр айтқан екен...
(Қожанасырдың қысқаша аңыздары карточка түрінде оқушыларға таратылады, ал оқушылыр аузша әңгімелеп береді)
3.Ойтолғау.
Бұл аңыздардан қандай сабақ алуға болады?
"Биопоэма" стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.
1) Аты
2) Үш-төрт етістік
3) Басқалармен қарым-қатынасы
4) Үш-төрт ұнататын заты
5) Екі -үш басынан өткізген сезімі
6) Екі-үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)
7) Көргісі келетін немесе көргенде сезім ұялататын екі-үш заты
8) Ол қорықпайтын екі-үш зат
9) Мекенжайы
10)Фамилиясы .
Тапсырманы топта талдай отырып орындайды.
ІV. Үй тапсырмасын беру.
"Қожанасыр елінде" атты Қожанасырдың хикаялары жайлы жинақ құрастыру.
V. Рефлексия.
VІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |