Айнымалы мониторларын көрсету
Scratch-те айнымалыларды сахнада айнымалылар мониторы көмегімен көруге болады.Сіз чекбокстеайнымалы атының жанынақанат белгісін қоятыныңызға немесе алып тастайтыныңызға байланысты, сіз 3.9-суретте көрсетілгендей, Сахнада мониторды жасыра немесе көрсете аласыз.Сондай-ақ сіз айнымалыны көрсету және айнымалыны жасырупәрмендерінің көмегімен сіздің скриптіңіздің ішіндегі монитордың көрінетіндігін бақылай аласыз.
3.9-сурет.Айнымалы мониторын көрінетіндей ету үшін, чекбоксте оның жанына қанат белгісін қойыңыз
Мониторды индикатор панелі немесе басқару пульті ретінде пайдалануға болады: ол сізге айнымалы құрамын көрсетуге, сондай-ақ оны сізге өзгертуге мүмкіндік бере алады.Стандартты түрін (әдеттегі қалпы бойынша), үлкейтілген немесе тұтқыш түрін таңдау үшін, Сахнадағы мониторингтің тікбұрышы бойынша екі ретшертіңіз. Егер сіз тұтқышты көргіңіз келсе, сіз, оған тінтуірдің оң батырмасымен шертпесімен түртіп және шығып тұратын терезеде 3.10-суретте көрсетілгендей, минимум мен максимумды орнатып, оның диапазонын табыстай аласыз.
3.10-сурет.Тұтқыш режімінде монитордың минималды және максималды мәнін орнату
Тұтқышты пайдалану скрипт жұмысы барысында айнымалы шамасын ауыстыруға мүмкіндік береді – пайдаланушы үшін қосымшамен өзара әрекет етудің қолайлы тәсілі. Тұтқышты пайдаланудың қарапайым мысалы 3.11-сур. берілген.
3.11-сурет.Тұтқыш көмегімен түсСахнаайнымалысын өзгерту
Осы мысалда тұтқыштар арқылы әрекет жасау түсСахнаайнымалысын өзгертеді, ол әсер түсін өзгерту пәрменінің параметрі болып табылады. Осы скрипт Сахнаға жататын болғандықтан, тұтқышты қозғалту оның түсін өзгертуге әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |