Сабақ: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» 2-сабақ Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп»



Дата05.06.2017
өлшемі56,8 Kb.
#18041
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» 2-сабақ

Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 28.01.2017

Мұғалімнің есімі: Смаилова С.Т.

Сынып: 5«А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ мақсаты

Ақын өмірі, шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мамұнын меңгерту

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

  • Сәкен Сейфуллин өмірі туралы мағлұмат алады, өлең мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Өлеңді талдай алады, салыстырады.

Кейбір оқушылар:

● Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Алған білімдерін қолданады;



Өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ақсақ киік, киік зары, Бетпақдала

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:




Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

С.Сейфуллин «Ақсақ киік» 1-сабақ

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут



  1. Ұйымдастыру.

  2. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

  1. Сынып оқушыларын топқа бөлу: киік аттары бойынша

  2. «Жезкиік», «Құралай», «Ақбөкен» тобы деп бөлінеді.

  3. Үй тапсырмасын сұрау. «Киік – киелі жануар»» ойтолғау

Үлестірмелер

Ортасы

Білу


5 минут

Түсіну


5 минут

Қолдану

10 минут

Талдау 10 минут



Ой қозғау

Балалар, жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, топтарға берілген атауларға зер салыңдаршы. Ненің аты берілген? Киік. Ендеше киік қандай аң екендігін еске түсірейік.

Осындай киелі аң жайлы өлең жазған ақынның өміріне назар аударайық.

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,


Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне, осы»- деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
                                           Сырбай Мәуленов

І деңгей.

1-топ. Сәкен Сейфуллин

2-топ. Киік

3-топ Табиғатқа топтастыру жасау.

Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс жасау. 
ІІ деңгей
1.Өлеңде қандай жерді суреттеген?

(Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.)
2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)
3. Киікті неге теңейді? (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )

ІІІ деңгей
1. Киіктің портреті қандай?
(Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Қап - қара екі көзі мөлдіреген
Әдемі екі танау желбіреген)
2. Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.)
3. Өлеңге талдау жаса Дәптермен жұмыс. (1.Тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған; 2. Шумақ саны -17; буын саны – 11; идеясы – экологиялық жағдайды ашына айтуы)
Сергіту сәті. «Әлқисса» күйіне билеу.


Ғаламтор жүйесі

5 сынып оқулығы

АКТ құралдары( интербелсенді тақта, компьютер, слайд,)


Жинақтау

7 минут


Аяқталуы


Үйге тапсырма

2 минут



Бағалау 3 минут

«Бес жолды өлең» стратегиясы, өлең жазу 
1. Зат есім.

2.Сын есім, сын есім.

3. Етістік, етістік, етістік.

4. Сөйлем.

5. Синоним.

Тест.иә^ ,жоқ- (слайд бойынша оқып,шартты белгісімен көрсету)

Тест.

Тесттің шартты белгілері: Иә^,жоқ-

1.С.Сейфуллин 1894 ж. дүниеге келді ме?

2.Киіктер орманды жерде мекен ете ме?

3.Киікті бөкен деп атауға бола ма?

4.1919 ж. Киікті аулауға тыйым салынды ма?

5.1954 ж. Ақбөкенді кәсіптік жолмен аулауға рұқсат етілді ме?

6.12. ғасырда киіктер жойылып кетуге аз-ақ қалды ма?

7.1 қаңтардан 15 ақпан аралығында киікті атуға рұқсат етіле ме?

8.С.Сейфуллин 1938 ж. дүниеден өтті ме?



Үй тапсырмасын беру.
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.» тақырыбына ойтолғау.

Кері байланыс «Даналық ағашы»

Бағалау.

бағалау парағы



Қосымша ақпарат электрондық оқулық. Түйін жасады. Салыстырады. Дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет