Сабақ: Шегіртке мен құмырсқа
|
Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ
|
Күні: 20.04.2017 жыл
|
Мұғалімнің есімі: Мадишева Л.Е.
|
Сынып: 3«Ә»
|
Қатысқандар
саны: 24
|
Қатыспағандар
саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын айтады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын айтады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: мысалды түсініп оқып, мазмұнын жүйелі әңгімелейді.
|
|
Кейбір оқушылар: Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
... (істей) алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Алдыңғы тақырып
|
Елемес Салықовтың «Күзгі орманның көріністері».
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Психологиялық дайындық.
«Бір-бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз»
«Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5-ке қолды жеткізу»
– Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Үй тапсырмасын тексеру
Елемес Салықовтың Күзгі орманның көріністері. «Саңырауқұлақ жинау» ойынымен бастау. Әр саңырауқұлақтың астында сұрақтар жазылады.
«Күзгі орманның көріністері»
1.Мәтінінде не туралы айтылған?
2.Күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?.
3.Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеңдер?
III. Ой қозғау (Суретпен жұмыс)
«Ұлы тұлға»
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
|
Психологиялық жаттығу
«Ыстық орындық» әдісі
|
Ортасы
|
Крылов Иван Андреевич туралы түсінік беру, өмірбаянымен таныстыру
3. Қызығушылықты ояту.
«Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмінен үзінді көрсету
IV. Ой шақыру
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1.Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
– Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.
V.Мысал – кейіпкерлері адам емес аң, жан-жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиғаны, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарма.
VI. Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі –шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы – бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.
VII. Оқулықпен жұмыс (Топпен жұмыс):
1-топ
Абай ата туралы не білеміз, қандай шығармаларын оқыдық?
2-топ
Мысал туралы не білесіңдер?
Мысал туралы түсінік бер.
3-топ
Табиғат туралы өлеңін айт
VIII. Сергіту сәті
IX. Мағынаны тану:
– Біздің ойымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
– Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.
(Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
Білемін – Білмеймін + - мен үшін жаңалық? - мені таң қалдырды
X. Ойға шабуыл:
Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
Шегіртке: Қанаты бар, ұшады, секіреді, зиянды, кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланады.
Құмырсқа: Кішкентай, пайдалы, емдік қасиеті бар, түрлері көп, еңбекқор.
Ұқсастығы: Тірі табиғат, жәндіктер, бунақденелілер.
XI. Шығармашылық тапсырма:
1-топ: жаз мезгіліндегі шегіртке
2-топ: қыс мезгіліндегі шегіртке
3-топ: Сен құмырсқаның орнында болсаң, не істер едің?
XIII. Сахналау ( Рөлге бөліп ойнау)
|
АКТ қолдану
Ой шақыру
АКТ қолдану
+
|
Аяқталуы
|
XIV. Қорытындылау:
– Өмірде іс-әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
– Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің?
XV. Үйге тапсырма:
– Мысалды рөлге бөліп оқу
– Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетін сипаттайтын мақал - мәтел жазу.
– Суреттерін салу
Бағалау. Мадақтау:
Сабаққа өте жақсы қатысқан топқа «Жарайсыңдар»
Жақсы қатысқан топқа «Құттықтаймыз»
Орташа деңгейдегі топқа «Әлі де талаптан»
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау. Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау. Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
|
|