Сабақ: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі Күні



Дата15.12.2023
өлшемі130,51 Kb.
#197221
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ Ш.Құдайбердіұлы Жастарға өлеңі (8 сынып)


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп: №47 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП



Сабақ:



Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қайпханова Мейірім Қайпханқызы



Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Әдеби шығарманың идеясы мен құрылымдық ерекшеліктерін ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады. Шығарманың рухани
құндылығын ашады.


Оқушылардың көпшілігі: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.Ұлттық мүдде тұрғысынан өзіндік талдау жасайды.


Кейбір оқушылар орындай алады:Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.
Жаңашылдығына баға береді.

Бағалау
критерийлері

  1. Рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыра алады.

  2. Құндылықтардың жаңашылдығына баға бере алады.




Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, пікірлесу, қолдану.




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Ата-бабаларымыз айтып кеткен құнды ақыл-өсиеттермен танысады. Талдай отырып негізгі ойды анықтайды.



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша... жас кезімізде, асыл адамдардан білімді, ақылды, әдепті үйренген дұрыс па деп ойлаймын, себебі... т.б.




Талқылауға арналған сұрақтар: Автордың «Жастарға» өлеңінен бойыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңіре алдың? деген сұрақ төңірегінде ойтолғау жасайды. -Не себепті деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, белсенділік таныту, ұлттық патриотизм, өмір бойы білім алу, тіл байлығын дамыту, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықты үйрету, болашаққа бағыт – бағдар.

Алдыңғы оқу:

Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығымен танысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт







Жоспарланған жаттығу
түрлері

Ресурстар

Сабақ
Басы
5 мин






1 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
І топ. «Білім». ІІ топ. «Ақыл». ІІІ топ. «Ғылым»
Үй тапсырмасымен жұмыс. «Сауқат бер» әдісі арқылы жүреді. Қырыққабат секілді оранған парақтардың қабаттарын ашқан сайын жазылған сұрақтарды алады. Сол парақтағы сұрақты алған оқушы үй тапсырмасы бойынша жауаптар береді. Соңғы орамды ашқан оқушы үш суретін көрсетіп, есімдерін атауды сұрайды.



Р.Зайкенова


С.Ч. Тұрсынғалиева
Қазақ әдебиеті
8-сынып
«Арман-ПВ» баспасы, 2018


Сабақ
ортасы


30 мин


2 мин
2 мин

5 мин

5 мин


5 мин







Осы үш портретті оқушыларға көрсетіп, «Болжау» әдісі арқылы төмендегі сауалдарды қоямын:

  • Суретте кімдердің бейнелерін көріп тұрмыз?

  • Бұл тұлғалардың бір-бірімен байланысы бар ма?

  • Біздің сабағымызға қандай байланысы болуы мүмкін?

-Бүгінгі сабақта ақындардың қандай тақырыптағы шығармаларымен танысқыларыңыз келеді?
-Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?
Осы сұрақтармен жұмыс жасап, бүгінгі оқу мақсаты мен бағалау критерийлері хабарланады.
-Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Ахмет, Мұрат, сияқты тұлғалардың ізін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңімен бүгін танысамыз.
Ж. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін оқу. Шығармадағы материалдық және рухан құндылықтарды табу.
ТЖ. «Кітапша» әдісі
І топ. Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы.
ІІ топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
ІІІ топ. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстыру.
ҚБ: дескриптормен бағалау
ЖЖ. Венн диаграммасы. Екі ғасыр жастарының айырмашылықтарын салыстырады, жаңашылдығына баға беру.

Топ атаулары жазылған қима қағаздар таратылады.
«Шеңбер» доп арқылы сұрақтарды айдалдыра қою
АКТ мүмкіндігі



Сабақ
соңы


5 мин

5 мин

5 мин


2 мин

2 мин


1 мин

5 мин



ХХ ғасыр жастары ХХІ ғасыр жастары

ҚБ: Қол соғу
Ж. «Екі жақты түсіндірме күнделігі»

Өлеңнен үзінді

Менің түйгенім

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық




ҚБ: ҚБ: Мадақтау
Кері байланыс орнату.
1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?
2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
Сергіту сәті. (Қызықты қимыл қозғалыстары)

Кері байланыс. Бір минут
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.
Рефлексия."Веер" әдісі
1.Бүгінгі сабақ туралы сұрағың?
2.Бүгінгі сабақтан есіңде қалғаны?
3.Бүгінгі сабақтан оқып үйренгенің?
Үйге тапсырма. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін жаттау.

Не жақсы шықты?


Күшті жақтары қандай болды?


Үй тапсырмасы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңі жаттау.




АКТ мүмкіндігі







Қосымша ақпарат

Саралау.
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау.
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.
АКТ-мен байланыс.



Оқушыларға сараланып берілген мақсаттар бойынша тапсырмалар түрлі әдістермен оңтайлы беріледі. Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жеңілден күрделіге бағыттауда оқушылардың бірлесе, белсенді жұмыс жасайды. Оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асады.
2.Оқушыларға тапсырманы күрделендіруде жүйелік тәсілін басшылыққа аламын.
3. Кейбір оқушылар эссе жазуда мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін түсініп, қолдануды орындайды.

Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.
2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы жетістіктері айқындалады.
3.Оқушылар өз-өздерін «Мадақтау», «Шапалақ» арқылы бағалайды.
3. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады7
Сараланған тапсырмалар дескриптор арқылы бағаланады.\
4. «Бір минут» арқылы кері байланыс жасалады.



Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір-бірінің жақсы мінез-құлық қасиеттерінтани отырып,сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында сергіту сәті өткізіледі. АКТ мүмкіндігін пайдалануда адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады. Ресурстар оңтайлы және жас ерекшелігіне сай беріледі.

Жоспарлаудағы рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері СМАРТ мақсатына сай жоспарланды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді орындайтын әдістер сараланды. Мәтін мазмұнындағы құндылықтарды анықтауға бағытталған сұрақтарға оқушылар жауап береді.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Топтық, жүптық жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлауды, өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезінуді, өмір бойы оқуға дайын болуды, дұрыс сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі әділ бағалауды үйренеді.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Тақырыпты оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болады. Жұптық, топтық жұмыстар барысында берілген тапсырмалар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым саралап оқыту тәсіліне сай дағдылары қалыптасады.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталады. Топтық,жұптық жұмыстар тиімді жүзеге асады.


ТАПСЫРМА-1. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін оқу. Шығармадағы материалдық және рухан құндылықтарды табу.
І топ. Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы.
ІІ топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
ІІІ топ. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстыру.

Тапсырма-2. «Жақсы білім не үшін керек?» -эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет