Кенесары Қасымұлы туралы конференция сабақ
ШҚО, Аягөз ауданы, С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих
пәні мұғалімі
Тулеуов Талғар Халықбергенұлы
Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Сабақтың мақсаты: 1.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде- Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру;
-көтеріліс басшыларының көтеріліс барысына ықпалын бағалау; көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
2. Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту:
-ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалытарды оқытуда, қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ғлтжандылыққа тәрбиелеу;
-оқушыларды көтерілістің тарихи маңызын және оның ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында атқарған рөлін түсінуге жетелеу;
-оқушыларды жүйелі ойлау, өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
3.Оқушыларды өз елін суюге, қандай да болмасын өктемділікке, күш көрсетуге қарсы тәрбиелеу.Адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру;
-оқушыларды еліне, жеріне, туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: конференция
Сабақтың әдісі: ізденіс, зерттеу, пікірталас, сүрақ-жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кенесары Қасымұлының суреті; 1836-1837 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс картасы; Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы слайд.
Кенесарының хаттарынан үзінділер: «...Орыстар неге бізге жер сыйлауда? Ол жерлер онсыз да бізге тиісті ғой....
Қазір күн сайын біздің жерлерімізді тартып ала отырып, ол жерлерге бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын жағдайға жеткізуде.
Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті...»
«... біздер, қазақтар, мұндай қысымға шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ та ол сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті мен, Кенесары Қасымұлы, қолға қару алып ұлы күресті бастауға аттандым. Қазақ халқын орыстардың езгісінен азат етемін...»
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Махамбет Өтемісұлының күйі- «Махамбет» (орындаған 11 А сынып оқушысы Қазыбекқызы Назерке)
Кіріспе: Міне,балалар, сендер Махамбет ақынның «Махамбет» күйін тыңдадыңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр жерім деп, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ - Кенесары Қасымұлы.Оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды. 3 топқа бөлінеді; тарихшылар, әдебиетшілер, зерттеушілер.
Мұғалім:
1. Тарихшылар тобы: тақырыпты балаларға түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен белгілейді
3. Әдебиетшілер тобы: Кенесары туралы өлеңмен мағлұмат береді.
4. Оқушылармен жұмыс: «Ұлт санасын оятқан тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар?
1- оқушы-Ескенова Шынар:
-Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау оьлысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті, соңғы ханы Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген.
«Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күрсемін»- деп ашық айтқан еді.
2- оқушы -Әльжекеева Маржан:
-Кенесары- жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адагершілігі мол адам, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан Кенесары Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде-ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп аң аулағанды ұнатқан.
3- оқушы –Садырбекова Зәуреш:
-1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды.Көтерілісшілердің басты мақсаты қазақтардың Ресейлік патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, қазақ жерлеріне құрылған округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілісшілер алғашында патша үкіметінің саясатына жарамсақтана қолдаған сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алуды, кейінірек шекара шебіндегі әскери бекіністерге, патша үкіметінің әскери жасақтарына шабуылдай бастады.
4- оқушы – Қабдырахман Алуа:
- Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Кенесары Қасымұлы – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағыбай / Орта жүзден/,
Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Жоламан Тіленшиев /Кіші жүзден/және Бұғыбай/Ұлы жүзден/. Осы шайқастарда Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. Бұған оның Ақмола бекінісін басып алғаны дәлел.
5- оқушы –Аманжолова Ажар:
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің бас қосқан жиынында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Кенесары хан 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтады.
Отаршылдыққа қарсы күреске қазақтардың үш жүзінің бәрі бірдей белсене қатысуы патша үкіметінің зәресін ұшырды. Сондықтан Ресей императоры көтілісті басу үшін арнайы жазалаушы әскер шығарды. Бұған қоса патша үкіметіне берілген жергілікті сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды.
6- оқушы –Назарбеков Айбек:
Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан Орынбор басшылығы 1845жылдың ақпан айында Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберді.
Жүргізілген келіссөздер барысында патша үкіметі тарапынан Кенесары ханға орындалуы мүмкін емес талаптар қойылды. Хан патша үкіметінің қойған талаптарының бірде-біреуін қабыл алған жоқ. Елшілер кеткен соң хан әскери кеңес шақырып, Жетісу аумағына қарай көшуге шешім қабылдады.
7- оқушы –Қанапиянов Мақсұт:
Осы кезеңдерде Қоқан хандығы Арал өңірі мен Сыр бойындағы қазақтардың шұрайлы жерлерін басып алып, әскери бекіністерін сала бастаған еді. Кенесары мен Қоқан хандығы арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуінің өзіндік себебі бар болған. Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым сұлтанды өлтірген болатын. Қоқан хандығының отарында болған қазақ жерлерін азат ету күресінде Кенесары хан Жанқожа Нұрмағанбетұлы батырдың көмегіне сүйенді. Сөйтіп 1845-1846 жылдары Қоқан хандығының бірнеше бекіністерін шауып алып, олардың қазақтарға озбырлық жасауын тоқтатты.
8- оқушы – Айтбекова Жансая:
Патша үкіметі Кенесары жасағын ығыстырып, Алатаудың етегіне көшуге мәжбүр етті.
Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болған еді. Кенесары хан солтүстік қырғыз руларының билеуші манаптарын өзіне бағынып, отарлаушыларға қарсы күреске бірігіп шығуға шақырды. Қырғыздар Шыңғысхан ұрпағына бағынудан бас тартты. Оның үстіне қырғыздар Абылай ханның қырғыз жеріне жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын.
1847 жылы Кенесары он мыңдай қолмен қырғыз жеріне басып кірді. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалды. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі салдарынан көтерілісшілер қоршауда қалып,жеңіліс тапты.
9- оқушы—Мамырбекова Жұлдыз:
Ресей зерттеушісі Л. Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы соғысты.Сібір қырғыздары (Орта жүз қазақтары) көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген серіктері тугелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты.»
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты.
Зерттеушілер тобы: Картадан Кенесары хан жасағының жорық жолдарын көрсете отырып, баяндап береді.
10- оқушы—Ахметова Нұрай:
1837 жылдың аяқ шенінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. 1838 жылдың 7 тамызында Кенесары жасақтары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.
Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді.
11- оқушы--- Серікқанов Санжар:
Туған өлкенің жер жағдайын жақсы білетін Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрі үдетті. 1844 жылы шілденің 20- сынан 21-іне қараған түні Кенсары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді.
Кенесарының жеңіске жігерлендірілген негізгі күштері 1844 жылы тамыз айында Екатерина станицасына шабуыл жасап, елді мекенді өртеп жіберді.
12- оқушы--- Аятова Күнім:
Кенесары хан Жанқожа Нұрмұхмедұлы батырдың жасағымен қосылып, 1845 жылы Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні өзіне қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тиылды. Бірақ Кенесары хан өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.
13—оқушы---Айтбеков Әділ:
Күші басым патша үкіметінің қысым жасауымен Кенесары жасағы Сарыарқаны тастап, Жетісуға, Іле өзенінің оң жақ бетіне өтіп, Алатаудың етегіне көшіп барды. 1847 жылғы Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір тауының қойнауында өтті.
14- оқушы --- Жолдасова Балнұр:
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің жеңіліске ұшырауы мынадай жағдайларға байланысты болды: -Хан жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады; -Кенесары хан бірнеше бағытта --- патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. -Қазақ сұлтандары мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстырының бірі болды.
Кенсары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.
Әдебиетшілер тобы: «Кенесары-Наурызбай» дастанынан, т.б. шығармалардан үзінділер оқиды.
15- оқушы --- Орынғазина Жанерке:
Әркімнің алла панасы.
Жан біткенге несібе –
Дәрияның аққан саласы.
Үйсіздерге үй болған,
Би — отанның ханасы.
Кенесары, Наурызбай –
Абылай хан-ды бабасы,
Әуелгі мекен-тұрағы –
Көкшетаудың даласы.
Жазғы жайлау қонысы –
Ұлытаудың саласы.
16- оқушы – Болатова Перизат:
Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап.
Жауды үркітіп, қашырды,
Ақ алмастай жарқылдап,
Зәресін алды дұшпанның,
Найзағайдай шартылдап.
Қасына ерген төлеңгіт
Олжаға батты қарқылдап.
Кенесары, Наурызбай
Мұсылманға жан тартты.
Ерегескен дұшпанның
Жылқысын алып, зарлатты.
Азырақ күн бақыты
Жанған оттай қаулапты.
17- оқушы –Жайдахметова Дидар:
Абылай ханның баласы
Асып туған Қасым-ды.
Арғы тегін сұрасаң,
Шынжыр қатар асыл-ды.
Саржан атқа мінген соң,
Төренің бағы ашылды.
Қарсы келген егесіп
Дұшпанның көңілі басылды.
Жалғыз Саржан не болар,
Есенгелді қосылды.
Кімге апарып теңейміз
Наурызбай сынды жасынды?!
18- оқушы –Қойшанова Зарина:
Өте залым болмаңыз,
Мұсылманның баласы.
Ақырында олардың
Қырғыздан болды қазасы.
Кенесары ер болды,
Ел ішінде бір болды.
Қашқан, босқын жиылып,
Өз алдына қол болды.
Жұртқа тиіп кесірі,
Әркімдерге сор болды.
Қарсы келген адамның
Көзінің жасы көл болды.
11 Б сынып оқушысы Құттыбаева Әйгерім «Кенесары» монологынан үзінді оқиды.
Мұғалім:
-Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігінің іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт- азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті.
Бүгінгі конференция сабағында алған әсерлеріңіз туралы өз ойларыңызды ашық айтуға
дағдыланыңыздар.
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатса дағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.
Күн көреміз қайда барып, алашым?
Білгіштердің хал мүшкілін, қарасын.
Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң,
Әркім жейді біздің қазақ баласын.
Алаш туы астында,
Біз—Алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді.
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Достарыңызбен бөлісу: |