Сабақ Сыныбы : 7 «а» Тақырыбы: Африка өзендері мен көлдері


«Сұрақ менен –жауап сізден»



бет2/3
Дата19.05.2017
өлшемі4,05 Mb.
#16446
1   2   3

«Сұрақ менен –жауап сізден»

1.Африка материгінің аудандары мен қоса есептегендегі ауданы?

2.Материктің биік нүктесін атаңыз?

3.Материктің ірі аралы және астанасы?

4.Африканың шығысындағы ірі арал?

5.Субтропиктік ылғалды климат дегеніміз?

III. Жаңа сабақ

Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік -шығыс бөлігі.Шөлді аймақтарда өзендер өте аз.Керсінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі.







Конго – Африканың ең мол сулы өзені ,су жинау алабы мен суының молдылығы жағынан дүниежүзінде Амазонкадан кейінгі екінші орын алады. Жоғарғы ағысы (Кисангани қаласынан жоғары) Луалаба деп аталады. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін жалғыз ірі өзен. Салалары: Ридольфа Танганьика

Су алабының ауданы — 4 014 500[1] км². Конго ұзындығы — Чамбези бастауынан бастап 4700 км, Луалаба бастауынан бастап 4374 км құрайды. Луалаба Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік шығысынан бастау алады.


Нигер (Nіger) – Батыс Африкадағы өзен; алабы мен ұзындығы жөнінен Конго мен Нілден кейін үшінші орында. Гвинея, Мали, Нигер, Нигерия мемлекеттерінің аумағы арқылы ағып өтеді. Ұзындағы 4160 км, алабының аумағы 2,1 млн. км². Жылдық орташа су ағымы 12000 м3/с. Солтүстік Гвинея қыратынан басталып, Атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына атырау жасап құяды. Басты салалары: Бани (оң), Сокото, Кадуна және Бенуэ (сол). Жоғары және төменгі ағысы тұсында жауын-шашын мол, орта ағысы климаты құрғақ аймақта. Өзенде Каинджи СЭС-і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен іргелес өңірде кең көлемде жер суаруға пайдаланылады.

Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазынақұяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.

Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км² болатын атырау түзеді.



Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.








IV. Даптермен жұмыс

Өзендері

Көлдері

Ніл,Конго,Замбези,

Нигерия


Тана,Чад,Танганьика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет