М. Сиранов атындағы орта мектеп
«Шебер сабақ- шебер мұғалім» байқауы
Тақырыбы:Нәтиже сабақ
Сыныбы: 1
Бастауыш сынып мұғалімі:
Бектурсинова Ардақ Есенгалиевна
2017- 2018 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облыстық білім беру басқармасы
Индер аудандық білім бөлімі
Пән аты: Сауат ашу
Сынып: 1ә
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Пән мұғалімі: Бектурсинова Ардақ Есенгалиевна
Лауазымы: Мұғалім
Жұмыс орны: М. Сиранов атындағы орта мектеп
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,
Индер ауданы, Елтай селосы М. Шарипов көшесі
№28
Жұмыс орнының телефоны: 8 (71234) 25 2 45
Үй телефоны: 8 (71234) 25 206
Ұялы телефоны: +7702 573 46 65
Электрондық пошта: bektursinova65@mail.ru
Түсінік хат
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Уақыт талабына сай жаңа мақсаттардың тағы бірі- қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамды жасау.
Сондықтан ұстаздардың алдында тұрған көп міндеттердің бірі-жаңартылған білім аясында «өмір бойы білім алу» керектігін сезінетін,бойында жеке бас құндылықтары бар,алған білімін өмірде қолдана білетін,шығармашылық қабілеті бар оқушы дайындау..Сол мақсатқа негізделген 1ә сыныбының сауат ашу пәні бойынша «Нәтиже сабақ» тақырыбындағы сабақ жоспарымда берілген оқу мақсаттарына жету жолдарын шығармашылық тапсырмалар негізінде құрдым..
Бірінші мақсат- сауат ашу пәніндегі тыңдалым, айтылым,оқылым,жазылым дағдылары бойынша әрекет ету қабілеттерін шыңдау болса,екінші мақсат осы әрекеттерді шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыға ұғындыру болатын.
Жалпы мақсат:оқушының шығармашылық,танымдық қабілетін арттыру және «бірлесе отырып қарым-қатынас жасау» арқылы нәтижеге бағытталған жұмысқа ұмтылыстарын қалыптастыру
Міндеті:
1.Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру
2.Сын тұрғысынан ойлау деңгейлерін дамыту
3.Бірлесе отырып жұмыс жасауға төселдіру
4.Қиындықтан шығу жолдарын өз беттерімен іздестіру
5.Бәсекелестікке ұмтылу
Күтілетін нәтиже:
1. Шығармашылық қабілеті қалыптасады.
2.Топпен жұмыс жасау ережелерін меңгереді.
3. «Жетекші әрекет»-оқу әрекетіне бейімделеді.
4.Сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
5.Өзін-өзі бағалай отырып,өзгені бағалауды үйренеді.
6.Функционалды сауаттылығы артады.
Пән: Сауат ашу
Күні: 08.11.19
Сынып: 1
|
Мектеп: А. Гайдар атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімінің аты жөні: Омарова М. А.
Қатысқандар саны: 16
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
|
Осы сабақта қол жеткізі-
летін оқу мақсаттары
|
1.1.7.1.Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.1.8.1.Сурет бойынша өз ойларын білдіру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушы білуге тиісті:оқыған,тыңдаған,
аудио визуальды материалдар бойынша мазмұнды түсінеді.
Көптеген оқушылар: оқыған,тыңдаған,аудио визуальды материалдар бойынша мазмұнды түсінеді және әңгімелей алады
Кейбір оқушылар: оқыған,тыңдаған,аудио визуальды материалдар бойынша мазмұнды түсінеді, әңгімелей алады және тақырыпқа өз пікірлерін білдіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
.топтық,жұптық жұмыстарды орындай алады,топта өз пікірін білдіре алады,сөздік қоры молаяды, сөйлеу мәднениеті қалыптасады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық, сыйластық, құрмет,еңбек, жауапкершілік
|
Пәнаралық байланыс
|
қазақ тілі, дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта
|
Тілдік құзыреттілік
|
Қайталау-повторение-review
Нәтиже-результат-resuits
Талқылау сұрақтар:
1.Сөз дегеніміз не?
2. Сөйлем неден құралады?
3.Мәтін қандай сөйлемдерден құралады?
|
Сабақ барысы
|
кезең
дер
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
3 минут
|
Тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым сөздері бойынша топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау,топ ережесін еске түсіру,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру
Білу және түсіну
Ширату тапсырмасы
Айгүлді қалай жұбатамыз?
Максат:оқушылардың көңіл күйлерін бір қалыпқа келтіру,
сабаққа дайындау,сыныпта ынтымақты орта қалыптастыру
Нәтиже: оқушылардың қызығушылығы оянады.
Қайталау-оқу анасы
«Таза тақта» стратегиясы
Мақсат:сұрақтар арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау
Нәтиже: сұраққа дәл,накты, толық жауап беруге талпынады.
1.Сеніңше,әліпби деген не?
2.Тіліміздегі дыбыстар туралы не айта аласың?
3.Сөз неден құралады деп ойлайсың?
4.Сөздерден не құралады?Мысал келтір!
5.Сөз бен сөйлемнің айырмасы неде?
Проблемалық сұрақ?
Кімнің жауап беру деңгейі ұнады?-оқушы пікірі тыңдалады.
Мақсат: оқушының еркін сөйлеу дағдысын жетілдіру
|
суреттер
Интерак
тивті тақта
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Қолдану
«Ой-қиялға ерік беру» стратегиясы
Топтық жұмыс төмендегі тапсырмалар бойынша орындалады.
Тыңдалым
1 топ
Мақсат: аудиозапистен тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну және әңгімелеу
Айтылым
2 топ «Құрастыру» әдісі
Мақсат: берілген суреттерден мазмұнды сурет құрастыру және сол суреттері бойынша әңгіме құрып айту
Оқылым
3 топ
Мақсат: буындарды сәйкестендіру арқылы сөздер құрау және оны буындап оқу
Жазылым
4топ
Мақсат:суреттегі заттың атауларын сауатты жазу
Сергіту сәті
«Мен басқаның көзімен» әдісі
Мақсат:өзі туралы басқаның пікірін тыңдау арқылы өзін-өзі реттеу
Талдау
Танымдық тапсырма «Кім зерделі? (ұжымды жұмыс)
Мақсат:зерделеу арқылы сурет астындағы зат атауларын тез табу
4.Жинақтау
Жасырын сөз « Кім шапшаң? ойыны
Дыбыс Буын
Сөйлем
Мақсат: дыбыс,әріп,сөз, сөйлем арасындағы байланысты меңгерту
Есіңе сақта!
Сөз- зат атауы ,белгілі мағынаны білдіреді.
Сөйлем- тиянақты аяқталған ойды білдіреді.
Мәтін –байланысқан сөйлемдер
|
Аудиоза-пись
Суреттер
желім
кеспе буындар
суреттер
Интерак-
тивті тақта
|
Сабақ
тың соңы
10 минут
Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз
|
Кері байланыс
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз
Оқу мақсаттары дұрыс таңдалды. Барлық оқушы мақсатқа толық жетті деп айта аламын , оқушылар топтық жұмыс жасаудың қағидаларын меңгерді, сабақтан оқушылар дыбыс,сөз, сөйлем, мәтін олардың айырмашылығы,бір-бірімен байланыстылығы туралы толыққанды мәлімет ала алды.
Сыныптағы ахуал жоғары деңгейде болды.Дегенмен жекелеген оқушылар тарапынан топ ережесіне бағынбаушылық кездесіп қалды.Топтық жұмысты көбірек ұйымдастыру керек деген ой түйдім.
Берілген уақытқа үлгере алмай қалдым.Болашақта ескеретін жайт.
Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?
Сабақта топтық жұмыс болғандықтан,топтар бір-бірін бағалайды, яғни стикерлер арқылы
Жоғары деңгей-5 стикер
Орта деңгей-4 стикер
Төмен деңгей-3 стикер
Ал жеке өздерін «Блоб ағашы» арқылы бағалайды
|
АКТ
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
1сыныптың сауат ашу пәнінен «Нәтиже сабақ» тақырыбы бойынша откізілген сабаққа рефлексивтік есеп
Жалпы ұстаздар қауымының алдында тұрған көп міндеттердің бірі-бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін,танымдық ойлау деңгейін,нәтижеге бағытталған жұмысқа ынтасын арттыру болып табылады.
Сондай мақсатқа негізделген сабағымның бірі-1 сыныпта сауат ашу пәнінен өткізген «Нәтиже сабақ» тақырыбындағы сабағым. Сабақты жоспарлаған кезде алдымдағы оқушыларым жетуге тиісті 2 мақсат қойдым.Біріншісі-бұған дейінгі тақырыптар бойынша алған білімдерін сөйлеу әрекетінің тыңдалым,айтылым, оқылым, жазылым дағдысы бойынша көрсету,яғни тапсырма мазмұнын өздері аша білу,өздері қорытындылау,пайымдау және түйіндеу,екіншісі- берілген тапсырмаларды топ болып, «бірлесе ойлау» арқылы шығармашылықпен іздену арқасында табысты нәтижеге ұмтылу.
Алдымен сабағымды оқушыларымды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Көңіл – күйімізді көтерейік» атты тренингпен бастадым.Бұндағы мақсатым-оқушылардың көңіл-күйлерін бір қалыпқа түсіру және сыныпта қолайлы,жылы орта туғызу болатын. Сөйлеу әрекеттерінің төрт дағдысына байланысты 4 топқа бөліп отырғызып,топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіру жұмыстары жүрді.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырдым,орындалатын жұмыс түрлері жөнінде айта отырып,әр оқушы сол мақсатқа жету керектігін және сабақ топтар арасында жарыс түрінде өтетіндігін естеріне сала кеттім.
.Сабақта оқушыларымның қызығушылығын ояту мақсатында «Жүйрік жады» әдісі арқылы ширату тапсырмасын орындаттым.Тақтадағы қуыршақ суреті бойынша әңгімелеуге кезек бердім. Суретке қарап не айтуға болады? Ең бірінші қараған кезде ойыңа не келді? Қуыршақтың көңіл күйі туралы не айтасың? Көңілдендіру үшін қандай әрекет жасаймыз? Ойды пайымда деген жетелеуіш сұрақтар тастап, оқушылардан өзіндік пікір айтуына мүмкіндік бердім, яғни еркін сөйлеу дағдысына ерік бердім.Осы тапсырма арқылы оқушы бойында бір-біріне құрметпен қарау, қиын кезде көмек қолын созу секілді құндылықтар жүзеге асып жатыр деп есептеймін.
Блум таксономиясының «Білу» және «Түсіну» кезендеріне байланысты үй тапсырмасын «Таза тақта» әдісі бойынша, жабық сұрақтар арқылы өткен тақырыпты пысықтаудан бастадым.Әрине,жауаптың дәлдігіне мән беріп,,толық берілуін назарда ұстадым.Бұл тапсырма арқылы жеткен жетістігім оқушылар ойланбастан айтыла салатын ашық сұрақтардың иә,жоқ жауаптарынан гөрі,жабық сұрақтар кезінде тиянақты,жүйелі ойлауға жұмыстанды.
Келесі «Қолдану» кезеңінде «Ой-қиялға ерік беру» стратегиясы бойынша топтарға төмендегідей тапсырмалар таратылды.
1 топ Тыңдалым
Мақсат:мәтінді аудиозапись арқылы тыңдап өз беттерімен мазмұнды ашу, өзара талдау,тәрбиелік ойды табу
Бұл тапсырма арқылы мазмұнды өз бетімен тыңдау арқылы түсіну және талдауы қалыптасады.
2 топ Айтылым
Мақсат: жеке сурет бөліктерінен мазмұнды сурет құрастыру,мазмұнға қарап әңгіме құрап айту
Бұдан оқушылар моделдеуді үйренеді.
3 топ Оқылым
Мақсат: буындарды сәйкестендіру арқылы сөздер құрау және оны буындап оқу
Әрі сәйкестендіреді,әрі буындап оқиды.
4 топ- Жазылым
Мақсат:суреттегі заттың атауларын сауатты жазу- бұл тапсырманы да оқушылар қызығушылықпен орындады,есту арқылы жазғаннан гөрі суретке қарап жазғанға қызығады екен, әрі сауаттылықтары артады.
Әр тапсырма сайын топтар бір-бірін стикерлер арқылы бағалап отырды,яғни жоғары деңгейде жауап берген топқа- 5 стикер,орта деңгейге-4,төменге-3 стикерден беріп отырды.
Ал топ басшылары топтағы оқушылардың қатысы туралы ақпарат беріп отырды.
Жұмыс арасында «Мен басқаның көзімен» сергіту сәтін өткіздім.
Шарты:сыныптасының құлағына сыбырлап,оның екі жақсы, бір кемшілігін қасиетін айтады.Бұл да қызықты болды, 1 сынып болғасын ба белсенділікпен қатысты.Досының айтқан пікірі арқылы өзін реттеуге ұмтылады.Келесі «Талдау»
кезеңінде оқушылардың зерттеу- зерделеу қабілеттерін дамыту бағытында таным
дық «Белгісіз бейне» атты әдісті пайдаландым.Бұл жерде оқушылардың байқағыш-
тығы,шапшаң жауап беруге тырысқандығы байқалды.
Жалпы білуге тиіс мәліметтің ең негізгі түйіні- сабақтың келесі «Жинақтау» бөлімінде орындалып,ережелермен жұмыстар жүрді.Мұғалім тарапынан формативті бағалау сабақтың өн бойында жүріп отырды,және жауыр болған «Жарайсың!» нан гөрі «Өте ғажапсың!»,»Жоғары деңгей», «Бүгін сен өз-өзіңе келдің?»»Мен саған сенемін!»,Меніңше , сен ұғып алдың?»деген жігер беретін сөздер мен мұғалімнің тарапынан жағымды жылы іс-әрекеттер жоғары деңгейде жауап берген оқушыны құшақтау, жаксы жауап бергендердің басынан сипау,кем-шін жауап берушінің қолын қысу секілді жылы іс-әрекеттер өз тарапымнан болып жатты.
Оқушылармен кері байланыс орнату мақсатында сабақ ұнады ма? Сабақтан қандай әсерлер алдындар? Түсініксіз сұрақтар болды ма? атты сұрақтар тасталып, толық жауаптар алынды.Сабақ барысында жеткен жетістігіме келетін болсақ, байқағаным оқушылардың сабаққа белсенділігі,қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды.Топтық жұмысқа төселгендігі,бір-бірімен достық қарым-қатынасы айқын көрініп тұрды,оқушы өз бетімен ізденуге үйренді. Әркімнің өзіндік пікірі бар екенін ұқты және сол пікірге құрметпен қарауға, өзгені түсінуге, сөзін бөлмеуге, бір-біріне шыдамдылықпен қарауға үйренді. Алдымда отырған әр баланың білімге деген сәл болса да қызығушылығын ояту –ол менің үлкен жетістігім деп есептеймін.Қай істің де жақсы жағымен,жаман жағы қатар жүретіні заңды құбылыс секілді.Сол секілді бұл сабақ барысында өз тарапымнан кеткен кемшілігім-ол уақытты дұрыс пайдалана алмағаным.
Кейін зерделеп отырып,оқушыларға берілетін әр тапсырмаға уақыт белгілеуім керек екен деп шештім.Бір жағынан оқушы да уақыттың бағасын түсінеді,уақытпен есептесуді меңгереді.
Болашақта әлемдегі жақсы өзгерістерді қабылдай отырып,оқушыға білім мен тәрбие беруде игі істерге қол жеткіземін деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |