Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Сарамандық жұмыс №5
Тақырыбы: Қазақстанның химия өнеркәсібі.
Мақсаты: Қазақстанның химия өнеркәсібінің құрылымын, маңызын, негізгі салаларын, орналасу ерекшеліктерін анықтау.
Көрнекілік: Атлас, глобус, Қазақстанның экономикалық картасы т.б.
Жоспары.
1. Төмендегі жоспар бойынша химия өнеркәсібі салаларының біреуіне сипаттама.
а) Орналасу принципі.
ә) Өнеркәсіптің басқа салаларымен байланысы.
б) Бұл сала кәсіпорындарының шоғырланған аудандары, олардың шикізат көздерімен және дайын өнімді тұтынушылармен байланыстары.
2. Химия өнеркәсібі салаларына сипаттама.
Салалары
|
Орталықтары
|
Шығаратын өнімдері
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
|
|
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Көлік кешені.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көлік кешені, салалары, құрылымы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның көлік кешенімен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Химия өнеркәсібінің өнімдері?
2. Химия өнеркәсібінің басқа салалармен байланысы?
3. Кен химиясы?
4. Негізгі химия?
5. Органикалық синтез бен полимер химиясы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы көлік кешенінің салаларын түсіндіру.
3. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы көлік кешені салаларының ірі магистральдарын түсіндіру.
Көлік кешені салалары
|
Ірі магистральдары
|
Автомобиль жолы.
|
Алматы-Астана, Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент, Қарағанды-Теміртау-Астана, Семей-Павлодар-Омбы, Алматы-Шелек-Нарынқол, Орал-Атырау т.б.
|
Теміржол.
|
Түркісіб, Оңтүстік Сібір, Орта Сібір, ТрансҚазақстан т.б.
|
Су көлігі.
|
Каспий теңізі, Орал, Іле, Ертіс өзендері боиы т.б.
|
Әуе көлігі.
|
51 әуежай жұмыс істейді, 21 республикалық маңызы бар.
|
Құбыр желісі.
|
Доссор-Ракуша, Өзен-Жетібай-Ақтау, Өзен-Атыру-Самара, Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу т.б.
|
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы көлік кешені салаларының жүк тасымалы, ұзвндығы түсіндіріледі.
Көлік кешені
Автомобиль жолы
Теміржол
Су көлігі
Әуе көлігі
Құбыр жолы
Ұзындығы-14,6 мың км, 57,5% жүк, 56% жолау-шы тасымал-данады.
Маңызды жол ұзындығы-12,4 мың км,
Ұзындығы-6 мың км,
19 шетелдік әуе компания-
ларының 9-ы алыс шетелге
жүк тасиды.
Мұнайдың 60%, газ толығымен тасымал-данады.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Қазақстанның көлік кешені.
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Сарамандық жұмыс №6
Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені.
Мақсаты: Қазақстанның көлік кешенінің құрылымын, маңызын, негізгі салаларын, орналасу ерекшеліктерін анықтау.
Көрнекілік: Атлас, глобус, Қазақстанның экономикалық картасы т.б.
Жоспары.
1. Жүк айналымының мәліметтері негізінде көлік салаларының графигін сызу.
2. Қазақстанның оңтүстігіндегі 1317 км-лік газ құбыры.
Мүбәрәк Шымкент Тараз Бішкек Алматы
3. Трансқазақстан, Түрксіб теміржолдарының бағыты, шаруашылық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |