Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет11/15
Дата04.08.2017
өлшемі1,93 Mb.
#22866
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Ауа райы, Жердің Күнді айналуынан Жерге әсері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауа райы, Жердің Күнді айналуынан Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері, Жылу белдеулері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Ауа райы, Жердің Күнді айналуынан Жерге әсерімен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3.Тірек сызбамен жұмыс.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жауын-шашын түрлері.

2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғалдар.

3. Жауын-шашынды өлшеу.

4. Жел түрлері.

5. Желді өлшеу.

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы ауа райы түсіндіріледі.














3. Тірек-сызба.

Тірек-сызба арқылы ауа массалары түсіндіріледі.


Ауа массалары




Экваторлық

Тропиктік

Қоңыржай

Полярлық


4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы жылу белдеулері түсіндіріледі.


1 ыстық белдеу

23,50 с. е. пен 23,50 о. е. аралығы.

2 қоңыржай

23,50 с. е. пен 66,50 с. е. және 23,50 о. е. пен

66,50 о. е. аралығы

2 суық

66,50 с. е. пен 900 с. е. және 66,50 о. е. пен

900 о. е. аралығы


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Ауа райы, Жердің Күнді айналуынан Жерге әсері.
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Климат.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға климат, климаттың ендікке байланыстылығы, мұхит пен теңіздің әсері, климаттық белдеулер жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Климатпен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 5. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 6. Тірек-сызба



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4.Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ауа райы элементтері.

2. Ауа райы құбылыстары.

3. Ауа массалары.

4. Күн теңелулері.

5. Жылу белдеулері.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы климат элементтерін түсіндіру.










3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы климтаттың блінуін түсіндіру.



Теңіздік климат

Ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды, жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді.

Континенттік климат

Ауа температурасыны тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен, жауын-шашын аз болады.


4. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы климаттық белдеулерді түсіндіру.


Климаттық белдеулер




Негізгі

Өтпелі

Экваторлық

Тропиктік

Қоңыржай

Арктикалық

Субэкваторлық

Субтропиктік

Субарктикалық


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Климат деген не?

2. Климаттың ендікке байланыстылығы.

3. Климатқа мұхит пен теңіздің әсері.

4. Климатқа жер бедерінің әсері.

5. Климаттық белдеулер.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Климат.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Сарамандық жұмыс №3
Тақырыбы: Атмосфера

Мақсаты: Оқушылар атмосфера терминін, ауа температурасын анықтау заңдылықтарын, климаттық белдеулерді білуі тиіс.

Көрнекілік: Карта, атлас, оқулық т.б.

Жоспары.

1. Тәуліктік орташа температураны анықта.

Сағат 100 де- (-2)

Сағат 700 де- (-8)

Сағат 1300 де- 3

Сағат 1900 де- 1

(-2)+(-8)+3+1=-60С

2. Орташа жылдық температура және жылдық амплитуданы анықта.


А й л а р









І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа темпе-ратура

Жыл-дық ампли-туда

-200C

-180C

-90C

40C

110C

170C

180C

170C

120C

50C

-60C


-130C








3. Климаттық белдеулерді тірек-сызба арқылы сипаттау.
Климаттық белдеулер


Негізгі Аралық

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Атмосфера тарауын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Атмосфера тарауын қайталаған тұлға.
Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.



Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы атмосфера тарауы қайталанады.


1.Жердің сыртынан қоршап жатқан ауа қабығы қалай аталады?

а) Литосфера

ә) Атмосфера

б) Гидросфера

в) Биосфера

2.Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ:

а) Оттегі

ә) Азот

б) Көмірқышқыл

в) Сутегі

3.Атмосфера қабаттары:

а) Литосфера, тропосфера, гидросфера

ә) Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты

б) Стратосфера, биосфера, ноосфера

в) Литосфера, гидросфера, тропосфера

4.Ауаның жер бетіне түсірген салмағын қалай атайды?

а) Ауа қысымы

ә) Ауа температурасы

б) Ауа райы

в) Климат

5.Әрбір 10,5 м. көтерілген сайын қысымның сынап бағанасы қанша мм-ге кемиді?

а) 5 мм

ә) 1 мм

б) 10 мм

в) Өзгермейді

6.Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?

а) Термометр

ә) Динамометр

б) Гидрометр

в) Барометр

7.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы температура мен ең төменгі тампература арасындағы айырмашылық қалай аталады?

а) Тәуліктік орташа температура

ә) Тәуліктік амплитуда

б) Ауа райының өзгерісі

в) Көпжылдық орташа температура

8.Ауаның температурасын өлшейтін құрал:

а) Термометр

ә) Динамометр

б) Гидрометр

в) Барометр

9.1 м³ ауадағы 1 г. су буы мөлшері қалай аталады?

а) Абсолют ылғалдылық

ә) Салыстырмалы ылғалдылық

б) Қаныққан ауа

в) Құрғақ ауа

10.Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды?

а) Температура

ә) Қысым

б) Конденсация

в) Ылғалдылық

11.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал?

а) Термометр

ә) Шаш гигрометрі

б) Динамометр

в) Барометр

12.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда не түзіледі?

а) Бұлт

ә) Жауын–шашын

б) Жел

в) Тұман

13.Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?

а) 3

ә) 4

б) 5

в) 6

14.Тропосфераның ең төменгі бөлігінде кездесетін бұлттар:

а) Шарбы-қатпарлы

ә) Биік будақ

б) Қатпарлы жаңбыр

в) Шарбы

15.Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды не деп атайды?

а) Бұлт

ә) Жауын–шашын

б) Жел

в) Тұман

16.Атмосферадағы ылғалдың негізгі көзі?

а) Өзен

ә) Көл

б) Құрлықтағы барлық су

в) Батпақ

17.Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді?

а) Миллиметр

ә) Метр

б) Литр

в) Грамм

18.Жауын–шашынның ең көп жауатын жері?

а) Алтай етегі

ә) Гималай етегі

б) Орал етегі

в) Кордильер етегі

19.Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атайды?

а) Бұлт

ә) Жауын–шашын

б) Жел

в) Тұман

20.Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді?

а) Динамометр

ә) Барометр

б) Гигрометр

в) Флюгер

21.Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты?

а) Қысым белдеулеріне

ә) Жер бедеріне

б) Абсолюттік биіктікке

в) Ағыстарға

22.Тәулік бойында ауа қысымының өзгерісіне байланысты?

а) Муссон

ә) Климат

б) Жел

в) Тайфун

23.Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік жай-күйін не деп атайды?

а) Ауа райы

ә) Климат

б) Жел

в) Жауын–шашын

24.Ауа райының негізгі элементтері:

а) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым

ә) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық

б) Су буы, топырақ, қысым

в) Жел, күн радиациясы, бұлттылық

25.Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері:

а) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық

ә) Қоңыржай, тропиктік

б) Тропиктік, субтропиктік, экваторлық

в) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық

26.Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарда қай уақытта күн сәулесі бірдей түседі?

а) 22 маусым және 22 желтоқсан

ә) 21 қыркүйек және 22 наурыз

б) 1 қаңтар және 1 маусым

в) Күз және көктемде

27.Жер шарындағы тропикалық және экваторлық аймақтардағы климаттың жылы болу себебі:

а) Күн сәулесі түсуінің үлкен бұрышы

ә) Күн сәулесі түсуінің кіші бұрышы

б) Көп жылдық тоңның болмауы

в) Жер сілкінісі мен жанартаулардың ықпалы

28.Ауа райының белгілі бір жерге сипатты, көп жылдық орташа жай – күйін не деп атайды?

а) Ауа райы

ә) Жел

б) Климат

в) Боран

29.Негізгі климатты құрушы себептер:

а) Географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері

ә) Күн жылуы, температура, жел

б) Ауа массалары, жауын–шашын, географиялық жағдай

в) Мәңгілік тоң, тау, жазық


Каталог: uploads -> doc -> 0b41
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b41 -> Сабақтың мақсаты: Жылдамдықты табуға берілген есептерді шығара білуге үйрету, есепке сәйкес сызба сала білу
0b41 -> Сабақ: Пернетақта. Пернелер тобы. Мектеп: «№50 Абай атындағы орта мектеп» кмм күні: 20. 09. 16жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет