Алгоритм – орындаушыға арналған әрекет жоспары.
Есептеу процесінің бірнеше мүмкін жолынан біреуін таңдау алгоримті - тармақталу алгоритмі деп аталады.
Әрбір таңдау жолы алгоритмнің тармағы деп аталады.
Тармақталу алгоритмнің белгісі - шартты тексеру операциясының болуы.
Алгоритм схемасында шартты тексеру операциясын логикалық блок орындайды.
Логикалық блок - ромбымен бейнеленеді.
Ішіне тексерілетін шарт жазылады.
Және де екі шығысы болады: «иә» (ақиқат) және «жоқ» (жалған).
Е
№11 слайд, №11 флипчарт
гер шарт (қатынас) ақиқат болса (орындалса), онда блоктан ‘иә’ шығысы бойынша шығамыз; егер шарт жалған (орындалмаса) болса - ‘жоқ’ шығысы бойынша шығамыз. Демек, программаның орындалу бағыты өзгереді.
Есептерді шешкенде тармақталған есептеу процестерін беру және операторлардың орындалуының табиғи тізбегін өзгерту үшін (басқаруды беру), яғни тармақталу алгоритмін машинада жүзеге асыру үшін Visual Basic 6.0 объектілі-бағытталған программалау тілінде де Turbo Basic немесе Qbasic программалау тіліндегідей арнайы конструкция қолданылады. Олар:
№9 слайд, №9 флипчарт
Шартты көшу операторы;
Шарттсыз көшу операторы;
Таңдау (вариант) операторы.
Программалау тілінде шартты операторлар екі түрде: толымды және толымсыз формада да қолданылады.
Толымды түрінің жазылу форматы
Псевдокодта
жазылуы:
Егер шарт онда
оператор1
әйтпесе
оператор2
егер - соңы
(жазылу синтаксисі):
If < логикалық өрнек > then
< оператор1>
Else
< оператор2 >
№12 слайд, №12 флипчарт
№13 слайд, №13 флипчарт
Мұндағы
If (егер) – оператордың аты немесе қызметші сөз;
Then (онда) - оператордың аты немесе қызметші сөз;
Else (әйтпесе) – оператордың аты немесе қызметші сөз;
< логикалық өрнек > - тексерілетін жай немесе күрделі шарт;
< оператор1> және < оператор2> - орындалатын операторлар.
Немесе
If B then S1 Else S2
Мұндағы В – логикалық өрнек;
S1 және S2 – операторлар.
О
№14 слайд, №14 флипчарт
ператордың қызметі.
Программаның орындалу процесінде If қызметші сөзінен кейін жазылған <логикалық өрнек> тексеріледі. Егер ол ақиқат болса, онда then қызметші сөзінен кейін жазылған <оператор1> орындалады да нәтижесі келесі операторға беріледі, әйтпесе else қызметші сөзінен кейін жазылған <оператор2> орындалады және нәтижесі келесі операторға беріледі
Ш
№15 слайд, №15 флипчарт
№15 слайд, №15 флипчарт
арт – логикалық өрнек, операндалар мен операциялар белгісінен құралған.
Шарт түрлері:
1. Жай шарт (логикалық өрнек) – қатынас амалдарымен байланысқан екі арифметикалық өрнек немесе текстік шама (символдық немесе литерлік шама).
Мысалы:
X+y<7; y≥lnz; R≤x2+√d; 2≠3; ‘қосу’= ‘алу’; B= ‘да’
Күрделі шарт (логикалық өрнек) – қатынас амалдары және логикалық амал арқылы байланысады.
0≤х≤1 → (x>=0) and (x<=1), немесе (x=0) or (x=1)
Операциялар :
салыстыру операциялары; өзара бір типті шамалар салыстырылады.
логикалық операциялар;
Мысалы:
(x>=1) and (x<=2) – нүкте [1,2] кесіндісінде жатады,
Шартты оператордың толымсыз түрі:
If < логикалық өрнек > then < оператор1>
Шартты оператордың толымсыз түрі сирек қолданылуы да мүмкін.
Э
№16 слайд, №16 флипчарт
ксперимент:
1. Берілген екі санның үлкенін (max) табу бағдарламасының үзіндісі:
If x>y then z:=x else z:=y;
If қызметші сөзінен кейінгі шарт ақиқат болса then қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады, яғни x мәні z шамасына меншіктелінеді, ал шарт жалған болғанда else қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалып, z айнымалысына y мәні меншіктелінеді
Кейбір есептерді шешуге бағдарлама құрғанда бір нәтижемен тоқтамай, тағыда бірнеше нәтиже алу қажет болған жағдайда шартты оператордың толымсыз if ... then конструкциясын бірнеше рет қолдануға болады.
Бөлу амалын Visual Basic 6.0 программа қосымшасында орындау.
Private Sub Command1_Click()
a = InputBox("sangy engiz:")
b = InputBox("sangy engiz:")
If b = 0 Then MsgBox ("Sandy nolge boluge bolmaidy!") Else c = a / b: Text1.Text = c
End Sub
№20-23 слайд, №20-23 флипчарт
Достарыңызбен бөлісу: |