шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру (7.А/И1).
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың барлығы: мультимедианы қолдану арқылы шығармаданмәліметтер тізбегін түсініп құрады.
Оқушылардың көпшілігі: алынған мәліметтерді меңгере отырып, оларға шығармадан дәлелдемелер келтіріп түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі:шығармада туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.
Құндылықтар
Оқушылар жақсы қарым-қатынас жасау, сындарлы тіл табыса білу, өз мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау, әдептілікті сақтау, бір-біріне деген адалдық, ашықтық, бір-бірін бағалау, қасиетті дәстүрлерден құндылықтарды бойына жинайды.
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы: XIX ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы жағдай; музыка әдебиеті, «БілімЛанд» кз.басқа да сайттарды мен интерактивті тақтаны қолдану.
Сілтемелер
http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15759
Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия.
Сүйінбай мен Қатағанның (Қазақ / Қырғыз) айтысы
https://www.youtube.com/watch?v=xVNwhBJE3lg
https://www.youtube.com/watch?v=zneuwum3td8
Ел бірлігін жырлаған, Сүйінбай пірің мен болам
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
"Менің пірім Сүйінбай" авторы. Ж.Құрамысов орын. Данияр Құрамысов
Алдыңғы білім
Өлең– сөздің патшасы, сөз сарасы. https://www.youtube.com/watch?v=zneuwum3td8 «Біржан-Сара» айтысы.
Сабақ кезеңдері
Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
Оқыту ресурстары
Сабақтың басы
7 минут
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сынып ішінде жағымды атмосфера орналастыру
3.Топқа бөліну Толғауууы тоқсан қызыл тіл тарауы бойынша.
4.Үй тапсырмасын сұрау
Сәйкестендір
1.Қатағанның екпінінен ең бірінші кім жасқанады?
Тезек Төре
Сүйінбай
2.Қара Бәйтік – Сүйінбаймен айтысады?
Дұрыс
Бұрыс
3. Қисық ағаш кездесті, Басыңнан өлең жаудырып, Бір құрайын тезімді! Барың болса қарышта,! Кімнің сөзі?
Қатаған
Сүйінбай
4. «Ей, -----------, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе? Булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды» Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Төрем
Сүйінбай
5. Айтыс –тартыс пен қақтығысқа, суырыпсалмалыққа құрылған жазба әдебиеті
Дұрыс
Бұрыс
6.Көп нүктенің орнына түсіп қалған сөздерді қой.
---------- мойынды, ----------жон
---------туған жатаған
Сүйінбай сенен жеңілсем,
Қатаған болмай -------------- 7. Оқиғалар тізбегін ретімен орналастыр.
Академик Мұхтар Әуезов Сүйінбайдың айтыстағы өнерін өте жоғары бағалаған, оны "айтыс өнерінің алтын діңгегі" деп атаған. "Сүйінбай сан түрлі саңлақ ақындармен айтысқан, соның бәрін жеңген, әіресе Сүйінбай мен Қатағанның айтысы адам таңғаларлық ерекше айтыс қой! Мені алғаш рет қырғыз еліне таныстырған осы айтыс. Ел арасында көп жырладым", - депті Жамбыл жазушы Сапарғали Бегалинге айтқан бір естелігінде. 1937 жылы Жамбыл Жабаев Қырғыз ғылым академиясының ғылыми қызметкерлерінің өтініші бойынша, Сүйінбай мен Қатаған айтысының толық текстісін жаздырған. Фрунзенің ғылыми архивінде сақталған бұл қолжазба 98 беттен тұрады, араб әрпімен жазылған, сыртқы мұқабасында "Сүйінбай ақынның қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен айтысқаны" деген жазу бар, барлығы 4472 тармақтан тұрады. Жамбыл жаздырған бұл материалдың тарихи маңызы зор, бірақ ақынның жылдам айтуына ілесе алмағандықтан көшіруші жолдас өлеңнің ұйқасы мен ырғағын, мазмұн бірлігін бірыңғай сақтай алмаған, шалағайлық, үстірттік жіберген. Сүйінбай мен Қатағанның айтысын Жамбылдан басқа Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Арғынбай, Қарабек, Мақыш, Шүкітай секілді белгілі Жетісу ақындары да жатқа білген
Оқушылардан тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар
ға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау Оқушылардың ақпаратты қанша
лықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Сабаққа белсенді қатысу үшін тапсырмаларды жеңілден бастап күрделендіруге тырысамын. Қабілеті жоғары оқушыларды үнемі назарда ұстаймын.Олардың қызығушылығын жоғалтып алмау үшін бірде жеңіл, бірде сыни ойлантатын тапсырмалар беремін.
Бағалауды әділ жүргізуге тырысамын.Комментарий айту арқылы оң мен жетілмей тұрған тұсына оқушы өз пікірі мен ойын қосып айтуына ықпал жасаймын.
Қазақстан тарихы пәнімен, әдебиет тарихымен , музыка, АКТ-мен байланыс жасауға ықпал етілді. Ашықтық, еркін сөйлеуге, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету. Техникалық құралдарды пайдаланғанда сақтық шараларын ескеремін.
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?