Айтып беру Бағалау .Ішкі және сыртқы шеңбер Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.
Бір сөйлемде барлығын айтып беру Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.
Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс) Бағалаудың міндетті бір элементі – кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.