Жолда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін көлік құралдарын мынадай мүлкі бар дәрі қобдишасымен жарақтандыру көзделген:
валидол 0,06 таблетка: жүрек тұсы ауырғанда, таблетканы тіл астына қояды;
калий перманганаты (марганцовка): ауыз қуысын, тамағын және жараларды жуу үшін сулы ерітінділерде қолданылады (ерітінді қызғылт түсті болуы керек);
аммиактың 10% сулы ерітіндісі (нашатыр спирті): теріні тітіркендіру және естен танған кезде, газбен уланған кезде деммен жұту мақсатында;
5% спирттік, йод ерітіндісі, (йод тұнбалары): антисептик ретінде сыртқа қолдануға;
қан тоқтатуға арналған жгут: аяқ-қол артерияларынан қан кетуді уақытша тоқтату үшін қолданылады;
бактерицидті жабысқақ; сырылуда, кесілуде, кішкентай жарақаттарда қолданылады.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІ КӨЛІКТЕН ШЫҒАРУ, ОНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ. Автокөлік жарақаттарына алғашқы көмек көбінесе өте қиын және қолайсыз жағдайда көрсетілуі керек. Бұл ЖКО жиі қарқынды жол қозғалысы жағдайында немесе шалғай жерлерде адамсыз жолдарда, жаздың ыстық күнінде, тұман жаңбырда, ал қыста қарда, бұрқасын, аязда, тәуліктің қараңғы уақытында және т. б. орын алуымен түсіндіріледі.
Егер автокөліктің есіктері мен терезелерін ашу мүмкін болмаса немесе денесі көліктің деформацияланған бөліктері арасында қысылса, зардап шеккен адамға жақындау қиын болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бірінші кезектегі міндет-зардап шегушіні көліктен шығару және зардап шегушінің өмірлік көрсеткіштерін тексеру. Ең алдымен, мойыннан ұйқы артериясының тамыр соғысын (пульсациясын) және тыныс алуын тексереміз.
Алайда, медициналық қызметкерлер келгенге дейін өмір белгілері болмаса да, адам өмірі үшін күресу керек. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезіндегі бірінші кезектегі міндет зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін қауіпті жою болып табылады. Мұндай қауіп есін жоғалту, қатты қан кету, жүрек қызметі мен тыныс алудың бұзылуы, шок кезінде пайда болады. ЖКО кезінде алғашқы көмекті көбінесе зардап шекпеген немесе жеңіл жарақат алған жүргізуші немесе жолаушылар көрсетеді. Дегенмен, апатқа қатысушылар мен куәгерлердің арасында алғашқы көмекті білетін адамдар болмауы мүмкін. Сондықтан әрбір жүргізуші зардап шеккен адамды қажет қалыпта жатқызып, қауіпсіз жерде осындай көмек көрсете алуы керек. Егер суық мезгілде оның денесін бөлмеге кіргізу мүмкін болмаса, онда жәбірленушіні тақталардан, бұтақтардан, шөптерден, киімдерден және т.б. беткейге қою керек. Егер зардап шегушінің есі айқын болса, зақымданған жерді ол өзі көрсете алады.
Алғашқы медициналық көмек келесі ретпен көрсетілуі керек: