Сабақ: «Суреттер мен жазуларды пішімдеу»


Сурет.Контексті менюден  4 Сурет. Қаріп терезесін



бет3/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#28814
түріСабақ
1   2   3
3 Сурет.Контексті менюден  4 Сурет. Қаріп терезесін

Қаріп командасын таңдау шақыруға арналған батырма

Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласындар (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіңдер. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискілеріңде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (9 Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңдар.



9   Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру      10  Сурет. Клип батырмасы

батырмасы

Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім деген  жаңа қосымша пайда болады (13 Сурет). Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

13   Сурет.  Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы
14    Сурет. Басқа түске бояу батырмасының көмегімен кескіннің параметрлерін таңдау

Басқа түске бояу менюіндегі Мөлдір түс орнату командасы суреттің кез- келген элементінің түсін мөлдір түске өзгертуге мүмкіндік береді. Оны таңдағаннан кейін курсор пішінін өзгертеді (14 Сурет). Суреттің мөлдір түс орнату қажет элементіне шерту керек (15 Сурет).



15 Сурет.  Мөлдір түсті орнату 16 сурет Мониторда графиканың түсі өзгерді

Сурет шекарасы батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады (20 Сурет). Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы  менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз (21 Сурет).  Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады (22 Сурет).



21       Сурет. Сурет шекарасы менюі 22       Қалыңдық бағыныңқы менюі

Тапсырма1. Абай Құнанбаевтың өлеңін қатесіз теру.

Қыс (А.Құнанбаев)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Тапсырма2. Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мейрамына сурет салу және тілектерін жазу.



4. Сергіту сәті

Видеороликке қарау арқылы жаттығу жасау.

5. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Пішімдеу дегеніміз не?

2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?

3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?

6. Оқушыларды бағалау

7. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарға байланысты тест құрастырып келу. Ребус құрау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет