Ашық сабақ: «Суреттер мен жазуларды пішімдеу»
Естайлакова Айдын Абсабитовна
Арқалық қаласы, Фурманов ауылы, Фурманов орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Күні:
Сыныбы: 6 «А»
Ашық сабақ тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу
Ашық сабақ мақсаты:
Ашық сабақ білімділігі: оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;
Ашық сабақ дамытушылығы: оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Ашық сабақ тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау
Пәнаралық байланысы: Әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу.
Ашық сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, практикум
Ашық сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;
В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
2. Үйге берілген тапсырмасын тест арқылы тексеру:
1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?
А) Мұғалімді шақырамыз
Б) Ақауды өз бетіммен жоямын
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын
Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын
2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?
А) CapsLock
Б) Shift
С) Tab
Д) Ctrl
3. Кестені құру жолын көрсет?
А) главная - таблица
Б) вид - таблица
С) разметка страница - таблица
Д) вставка - таблица
4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?
А) вставка – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
Б) главная – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
С) вид – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
Д) разметка страница– иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу
С) Тұрып, кабинеттен шығу
Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Пішімдеу дегеніміз не?
Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |