Топтық жұмыс барысында «DEAL» әдісі арқылы талдау жасап, мысалдармен дәлелдеді.
Кейбір оқушылар тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтіріп, «DEAL» әдісі арқылы өлеңннің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлел жасады. Мақал- мәтелдермен түйіндеме жасады. Өз ойларын еркін жеткізді. Абай заманындағы базар мен қазіргі замандағы базарды байланыстыра білді.
Қосымша тапсырма: оқушылар тірек сөздерге сүйене отырып, қазіргі заман базарына туралы өлең шығарады.
Үлгі:
.. ... барамын
... ... аламын
... , ... алтынды
.. ... саламын
Тапсырмалар нақты, қолжетімді, уақыты шектелінген.
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау үдерісінде оқушылар екі жұлдыз қойып және бір тілек айтты.. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 затты жазды. Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсені айтты. Бұл кері байланыстың тиімділігі оқушылар өз кемшіліктерін көре алады, алдағы тапсырмаларда ол кемшіліктерді қайталамауға тырысады.