Сабақ тақырыбы : 7-сынып қазақ әдебиетінен С. Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінен үзінді



Дата24.04.2017
өлшемі254,31 Kb.
#14720
түріСабақ

~ ~






Астана қаласы

53 мектеп –лицей



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы

Сабақ тақырыбы: 7-сынып қазақ әдебиетінен С. Мұратбековтің

«Жусан иісі» повесінен үзінді



Мақсаты. 1. Білімділік: Әңгіменің мазмұнын біліп, кейіпкерлері туралы өз ойларын айта білуге үйрету; Аян бейнесін таныту

2. Дамытушылық: Мұғалімнің конструкциялау технологиясы арқылы әңгіме мазмұнын талдауға қалыптастыру; Сабақтың пәлсапалық түйінін ашу.

3. Тәрбиелілік: Достық, елжандылық, қиялдауға үйрету.Әңгімедегі ізгілік қасиеттерден үлгі алу.

Сабақ әдісі: Мұғалімнің эвристикалық -конструкциялап оқыту технологиясы

Сабақ түрі: Талдап-жинақтау сабағы

Типі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекілігі: « Аянның ағасының пальтосы» бейне-баян, «Аянның ертегісі» аудио-жазба, оқушы шығармашылығынан кітапшалар, суреттер, слайдтар, эвристикалық- конструкциялық карта плакаты, бір түп жусан өсімдігі, С. Мұратбековтің портреті, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру. С. Мұратбеков жайлы , өмірі мен шығармашылығынан оқушылардың хабарламасы.

(1-слайд)


ҚР-ның Президенті Н. Назарбаевтың қаламгердің

60 жылдық мерейтойына арнаған құттықтауы

Құрметті Сайын Мұратбеков!

Сіз қазіргі қазақ әдебиетіндегілирикалық прозаның көкжиегін кеңейтіп , мәртебесін биіктетуге айрықша үлес қосқан еңбегі құрметке лайық белгілі қаламгерсіз!

1996 жыл. 14 қазан

«Е-е, әлгi Аян ендi ауылдағы өзiм қатарлы жолдастардың өмiрiнен алынған дүние. Соғысты көзбен көрмесе де, қан майданда етiгiмен су кешпесе де, соғыстан кемде-кем емес, қиындықты көрген, ауылдастарымның жиынтық образынан жинақталған дүние едi» дедi аға сабырлы дауыспен. (Гүлзина Бектасова )


С. Мұратбековтың шығармашылығы:

“ Менің қарындастарым”, “Ауыл оты” , “Жабайы алма”, “Кәмен-тоғай”.

Аудармалары: Г. Толмачевтің Д. Қонаев, Н. Назарбаев туралы деректі повестерін аударды.
Арала қазағыңның қай ұлысын,

Бәрінің бөле жармас Сайынысың.

Қапталы қарағайлы қара орманның

Ішінде қабығы аппақ қайыңысың.



С. Иманасов

Сабақтың ойқазығы (эпиграфы)



Шыда, шыда!

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Үміттің құланиек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады.

М. Мақатаев

  1. Логикалық-эвристикалық жобалау технологиясы бойынша талдау сбағы

Тапсырмалар жүйесі:

  1. Модельде неше бағыт бар: Әр кординат ( бағыт) бойынша түсініктеме беру

  2. К-1 бағыты. Кейіпкерлер: 1) «Аян бейнесі атты кестемен жұмыс

2. “Шығарманың кейіпкерлері кімдер?” тақырыбында тест жұмысы

3. К-2 бағыты. Әдеби тәсілдер. 1)«Аянның ертегісі» атты аудио дыбысты тыңдату. 2) «Аянның қиялындағы шана» атты оқушылардың үйден орындаған шығармасын тыңдау. Әдеби –теориялық ұғымдармен жұмыс.

4. К-3 бағыты. Психологизм. А)”Аянның ағасының пальтосы” атты видео көріністі көру;

5. К-4 бағыты. Автор тілінің сөздігі.

6. К-5 бағыты. Тартыстар. “Аянның аяулы да, аянышты тағдыры” пікірталас ұйымдастыру.

7.К-6 бағыты. Жазушы шеберлігі. “Оқушыға сауалнама”

8. К-7 бағыты. Философиялық шешімдер. “ Өз қайғысын жүрекке сақтап, басқаларға білдірмеу—жігіттік іс”; “Ертегі—ертеңгі үмітті жандандырады”, “Көппен көрген ұлы той”, Жақсыдан—ғибрат”. “Достық – ұлы күш”.

Өткізу барысы

1) Әңгіменің композициялық жоспары:



кезеңдері

мазмұны

Повестің басталуы

Дамуы


Байланысуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі


Алыста қалған балалық шақ, Аянмен алғаш танысу сәті.

Аянның әжесінің өлімі, кісі есігіндегі жетімдік .

Аяғының тобығын тайдырып ала беруі, Тұржанның соққысы.

Әкеден келген қаралы қағаз

Аянның балалар үйіне кетуі

Аян Жусанды төбеге оралмайды.



Тағдыр тауқыметін арқалаған Аянның қайсар келбеті

мазмұны

1.Кекілі желмен желбіреген сүйкімді Аян
2. Жайдары мінезді , жақсы жолдас
3. 1-сыныпқа келгенде алғыр, зерек оқушы болды және майдандағы әкесіне (аға деп атайды) хат жазуды тез меңгеріп алады.

4 Үш рет обығын тайдырып, аяғын ауыртып алады.

5. Әже өлімін қасқайып көтереді

6.Табиғат сырын танығыш
7. Қиялы жүйрік, ертегі мазмұнынан өмірде бұрын көрмеген өнер туындысы туралы айтады.
8. Әкесін сағынғанда әкеден қалған пальтоны иіскейді.

9.Ауыл басқармасы Тұржаннан таяқ жегенде жетімдікті сезінеді

10. Көктемде колхоз жұмысына көмектесіп жүргенде , аяғын тағы шығарып алды.
11. Жаз ортасында Аянның әкесінен қара қағаз келді.
12. Аян балалар үйіне аттанады.

13. Аянның ертегісін ұзақ уақыт айтады.

Мұнтаздай тазалығымен балаларға ерекше әсер етті

Балалармен тез тіл табысады, ешкіммен сөзге келмейді

Балаларға хат жазуға үйретті

Сынықшы Асылбек шалға аяғын салдырады

Әже зиратына топырақ салды. Балаларға ертегі айтып, іштегі қайғысын тұншықтырады.

Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады.”



Алдында шамы бар ылди-өрде бірдей сырғанайтын рульді шана туралы айтады.
Әжесі: “Ағаңды Жусанды төбеде мал қайырып

жүргенде тапқанмын” дейді екен.

Ағасының пальтосын иіскеп, ағасы келген соң Тұржаннан өш алатынын айтады.

Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң жыламай бақ.

Кешке қарай ат қораға кіріп, Аян солқылдап ұзақ жылады. Сыртқа шыққанда “күн ыстық-ақ, ә!” деді

Балаларды көңілсіздік басады.

Жусанды төбеге неге оралмайды.

2) Тақтамен жұмыс: 2 оқушы тақтада «Аянның бейнесі» атты кестемен жұмыс істейді, басқалары өз орындарында тестік жұмыс орындайды

Аянның бейнесі

Тестік жұмыс

1.”Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтамын” деген жалынышты үн кімдікі?



А) Садықтың үні Ә) Аянның үні Б) Бапай шалдың үні

2. Повестегі 1-сыныптың мұғалімі кім?



А) Иманжанов Ә) Тұржан Б) Аян

3. Балалармен күрескенде Аян кімнен ғана жеңіледі?



А) Есікбайдан Ә) Қосымнан Б) Садықтан

4. Аянды аяусыз соққыға жыққан адам кім?



А) Иманжанов Ә) Бапайдың кемпірі Б)Тұржан

5. Аянның тобығы тайған аяғын емдеп беретін кісі кім?



А) Бапай шал Ә) Асылбек шал Б) Әжесі
6. Аянды балалар үйіне аттандырып салған соң, ойнайық деген баланың атын ата:

А) Қосым Ә) Есікбай Б) Садық

7. Әжесін жерлеген соң Аян кімнің үйінде тұрады?



А) Әңгімеші баланың үйінде Ә) Бапай шалдың үйінде Б) Тұржанның үйінде

8. “Көкше бір таудың биігі-ай, Алыстағы бауырдан хат алудың қиыны-ай” деген әнді айтатындар кімдер?



А) әйелдер Ә) балалар Б) майдангерлер

9. ”Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол “ дегенді кім айтты?



А) Балалар Ә) Бапайдың кемпірі Б) Бапай атай

10. ”Мына сүтті әлгі Аянға апарып берейін” дегенді кім айтты?



А) Асылбектің кемпірі Ә) Бапайдың кемпірі Б) әңгімеші баланың анасы.

Тестің кілті ( өзін-өзі бағалау әдісі)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ә

А

А

Б

Ә

Б

Ә

А

Ә

Б
Б А Ғ А Л А Н У Ы : “5” –10 ҰПАЙ“4” –8-9 ҰПАЙ“3” –5-7 ҰПАЙ

3)Әдеби тәсіл бағыты

С. Мұратбеков өз шығармасын жазу кезінде оқырмандарын қызықтыру мақсатымен мынадай тәсілдерді қолданады:



РеализмҰлы Отан соғысы жылдарындағы балалардың өмірі, ауылдағы қоңырқай тіршілік шын өмірде болған жағдайлар.

Оптимистік рух —қиындықты жеңе білу жолында өршіл бейненің болашақтан күтетін үміті мен мақсаты.

Қиял өмірде бұрын болмаған, ешкім көрмеген жайтты қиял жетегінде танытқан “Аянның шығармашылық қасиеті, (Ылди-өрде бірдей сырғанайтын рульді шана).

Лиризм- Көкше бір таудың биігі-ай,

Алыстағы бауырдан хат келудің қиыны-ай!

Ертегі –ауыз әдебиетінің бір түрі, Аянның жетім бала туралы айтатын ертегілері.

Символ –ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. (Пальто—енді елге оралмайтын әке бейнесін тұспалдайды, жетімдіктің белгісі. Жусан иісі—әкеге деген сағыныш пен қайғы-мұң, туған жерге құрмет сезімді де танытады.)

Жусан туралы басқа шығармалармен, өмірмен байланыс

  1. Жусан қазақстан жерінде өсетін дәрілік қасиеті күшті өсімдік. Жусаннан жасалған түрлі дәрілер медицинада кеңінен қолданылып жүр.

  2. «Сұлтан Бейбарыс» кинофильмі.

Басты кейіпкер, тарихи қайраткер Сұлтан Бейбарыс бұрын құл болып, кейін ең жоғары дәреже - Мысыр билеушісі болады. Өзге елде жүріп, туған жері Қыпшақ елін жусан иісі арқылы есіне түсіреді екен.

Туған жерсіз бәрінің де бекерін,

Қысқа ғұмыр сағынышпен өтерін

Иіскегенде жусан иісін Бейбарыс

Сонда ғана сезді қыпшақ екенін.
Ақырында жетті өзінің еліне,

Кіндік кесіп, қаны тамған жеріне.

Жусан иісі құдіретімен Бейбарыс

Туын тікті туған жердің төріне.



(мұғаліміАршагүл Мөшке)

К-3 бағыт. «Психологизм»

-Енді, оқушылар, 7-сынып оқушылары түсірген



«Аянның ағасының пальтосы» атты бейне көріністі көре отырып, адамның жан тебіренісіне әсер ететін сезімді айтыңдар.

Шыдамдылық қайсарлық


Қуаныш қайғы

Мейірім қаталдық


Үміт торығу

Сонымен, Аянның аяғын салғызудағы шыдамдылығы, әже өлімін көре тұра қайсарлық танытуы, ертегі айтып, балаларға қуаныш сыйлауы, Тұржанның қаталдығына торықса да, болашақтан үміт күтуі адамды ғажап сезімге бөлейді.



Дәптермен жұмыс.
Кіп-кішкентай Аянның өмірлік ұстанымы: «Жылауды әркім біледі, мықты болсаң жыламай бақ»

(Интербелсенді тақтаға жазғызу.)



К-4 Бағыты Ойлан, тап: «Автор тілінің сөздігі»

Әңгімеде қазақ тілінің небір сөз маржандары берілген:

Мақалдар-мәтелдер:

Жаман ит үргіш келеді”

Жақсыдан қалған тұяқ”

Көркем тіркестер: “Ат қойып, зираттан қайту”—ауыр қайғылы жайт.

“Топырағың торқа болсын” – о дүниелік болған адамға арналған сөз.

“Жер құйқасы майға бөккендей туырылып жатады”-жаңа жыртылған жердің сипаты. (Теңеу)

“Байғұс бала көкпеңбек тұлыптай қозғала алмай жатқан көрінеді”– баланың соққыдан денесі ісінген, көгеріп кеткен келбеті. (теңеу)



Дисфемизмдер: жетпегірлер, шойнаңдап, мылжың.

Қарғыс сөздер

Портрет Аянға берілген үлгі

Пейзаж

ХАТ: АСА ЖАННАН АРТЫҚ КӨРЕТІН АҒА...”

К-5 бағыты «Тартыстар!

«Аянныңаяулы да, аяныштытағдыры”

пікірталас ұйымдастыру.

1-топ: « Меніңше, Аян нағыз жігіт!..» 2-топ: «Менің ойымша, Аян қорқақ бала сияқты...»

К-6 бағыты Жазушы шеберлігі

1.Повест неге «Жусан иісі» деп аталған?

2. Әңгімедегі оқиға қай жерде өтеді?

3. Басты кейіпкер баланың атын неге Аян деп қойған деп ойлайсың? (1)Түсте аян беру,



2) белгілі деген ұғым, 3)аяушылық деген мағыналар)

4.Аян ертегілері неге «Бір жетім бала болыпты» деп басталады?

5. Сендердің араларыңда ертекші бала бар ма?

6. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен?



К-7 бағыты Пәлсапалық шешім»

Осы шығарманы оқыдық, талдадық қандай үлгі алдық?

“ Өз қайғысын жүрекке сақтап, басқаларға білдірмеу—жігіттік іс”;

“Ертегі—ертеңгі үмітті жандандырады”, “Көппен көрген ұлы той”,

“Жақсыдан—ғибрат”.

“Достық – ұлы күш”,

“Ондай бала тірі болуы тиіс!”



Оқушылардыңшығармашылықжұмыстарынтыңдау.

Қорытындылау

Қиыншылық көрген жастайынан

Қиялшыл бала еді жас шағынан.

Соғыстың зардабынан жетім болып,

Жалғыздықтан интернатқа тасталынған.
Аян деген мықты бір бала болған,

Мөлдіреген көздері жасқа толған.

Ешқашан да жетіммін деп ойламаған,

Ертегі әлеміне ерте қонған.


-Аян қазір қайда екен,

Достары оның бар ма екен?

-Ер жетіп, үйлі болып,

Ақын болып жүр екен.



Үйге тапсырма: «Әңгіменің өзің ұнатқан тарауын Аян атынан әңгімелеп жазыңдар»

Бағалау парағы бойынша оқушы білімін еске алу:





Оқушының аты -жөні

әңгімелеуі

Тестік жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды баға



















Сабақ соңы: Сендерге Аянның тағдырын тілемеймін, бірақ бойындағы ізгілік қасиеттерін үлгі тұтыңдар дегім келеді. Бейбітшіліктің ақ таңында саушылықта болыңдар!

Астана қаласы

53 мектеп –лицей



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы
Қазақ тілі 6-сынып

Тақырыбы: Еліктеу сөздер

Мақсаты

Оқыту: Еліктеу сөздер туралы түсінік беріп, мағыналық түрлерін,, еліктеуіш пен бейнелеуіштің жасалу жолдарын түсіндіру

Дамыту: морфологиялық талдау түрлерін жүргізу арқылы біртұтас ұғым қалыптастыру

Тәрбиелеу: ұйымшылдыққа баулып, еліктеу сөздерді өмірде қолдана білуге үйрету

Түрі: ойын саяхат сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Барысы

І Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты таныстырылады

ІІ Өткенді қайталау

Үстеуден және басқа сөз таптарынан өткенді қайталап еске түсіруге тапсырмалар.



  1. «Мен сұраймын, сен жауап бер және мысалмен дәлелде» әдісімен өзара сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау

  2. Мәтіндегі сөйлемдерді талдату:

Қарға келіп қарқ етті,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқып ішіп ол кетті.

Осы мәтінді сөз таптарына талдату арқылы қарқ, саңқ сөздерінің бүгін өтетін сабаққа қатысты екендігін айтамын.

Жаңа сабақ

-Балалар, бүгін біз «Еліктеу» деген білім еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін арнайы тапсырмалар болады. Ол ел туралы ұғым алу үшін мына тапсырманы орындауларың керек.

«Бір кесе сүт» өлеңіндегі таныс емес сөз таптарын (қарқ, саңқ) еске ала отырып, компьютерден түрлі дыбыстарды тыңдатамын да, сол естіген дыбыстарды қалай айту керектігін сұраймын. Дыбыстарды еліктеп айтуға, құбылыстарды бейнелеп айтуға болатындығы түсіндіріледі. Түрлі еліктеуге қатысты сөздерді оқушыларға айта отырып, кестені толтырту

Мысалдар

Бейнелеп айтатын сөздер

Еліктеп айтатын сөздер

Көзді ашып-жұму

жыпылық




Артқа тез бұрылып қарау

Жалт




«Білмеймін» дегенді қимылмен көрсету

Қиқаң ету




Қатты тоңғандағы жағдай

Дір-дір ету




Жер тепкілеу




Дүрс-дүрс

Қатты ұйықтағандағы дыбыс




қорыл

Тиындардың дыбысы




Сылдыр

Қоңырау дауысы




сыңғыр

-Сонымен балалар, Еліктеу деген ел бар екені туралы білдіңдер. Ол елдің екі шаһары бар: Еліктеуіш және Бейнелеуіш. Сол елмен бүгін сырттай танысамыз. Әбден зерттеп болған кезде сол елге баруға жолдама беремін, - деп, сыныпты екі топқа бөлемін.

І топ «Еліктеуіш» тобы ІІ топ «Бейнелеуіш» тобы



Екі қаланы зерттеу үшін топтарға тапсырма

  1. Шығармашылық жұмыс: «Футболдан репортаж» («Астана» мен «Тобыл» командасының ойындарын сарт-сұрт, шыр-шыр, гу-гу, шарт-шұрт, саңқ-саңқ; «Жаңбырлы күн» (бала мен күшіктің көрінісін мына сөздермен жазу: қалт-құлт, жылт-жылт, дір-дір, ербең-ербең)

  2. 300-жаттығу. Еліктеу сөздерді тіркесетін сөздерімен теріп жазу:

Қаңқ етер, дүрс-дүрс соғып, тарс-тұрс ете қалғар, гүрс етіп

  1. Әдебиетпен байланыс. «Көксерек» повесі, «Алтын сақа» ертегісі және Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесінен үзінділер алып, оқушылар еліктеу сөзі бар сөйлемдерін жазып алады да еліктеулердің құрамына қарай қалай жазылатынын анықтайды, қос сөздер тақырыбынан өткен білімдерін еске түсіреді.

Сабақты қорыту және үйге тапсырма

-Сонымен, балалар, сендер «Еліктеу» деген елдің шаһарларын сырттай зерттедіңдер, енді сол елдің ерекшелігін көру үшін сендерге жолдама беремін, деп тапсырма жазылған кеспе қағаздар беремін. Бұл үй тапсырмасы болып есептеледі.



Бағалау.

Астана қаласы

53 мектеп –лицей



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы

Қазақ әдебиеті

5- сынып

Сабақ тақырыбы:Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді



Сабақтың мақсаты:

1.хикаяттың идеялық ерекшелігін түсіндіру. Қожаның бейнесін Жантаспен салыстыра отырып, ой қорытуға дағдыландыру

2.Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу

3. Жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау.



Сабақтың міндеттері:

  1. Менің атым – Қожа» повесінен үзіндінің мазмұнын оқып танысып, оқушылар білімдерін толықтырады, өз көзқарасын жүйелеп айтуды үйренеді

  2. Шығарма кейіпкерлері туралы пікірлерін ортаға салу арқылы сөздік қорын молайтады. Қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытады, және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға ынталанады, ой-өрісі мен дүниетанымы дамиды.

  3. Тәртіптілік пен адамгершілік қағидаларын түсініп, оқиғаны сын тұрғысынан талдай алады, дау көтермей сөйлеу әдебін меңгеріп, мәдениеттілікті сақтауға үйренеді.

Сабақ типі: Жаңа ұғым беру сабағы

Сабақ түрі: Жинақтау. Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ әдісі: талдау, әңгімелеу, жазу, баяндау, пікірлесу

Сабаққа қолданған көрнекілік: слайд-презентация, үлестірме кеспе қағаз, тест жұмысы, «Менің атым-Қожа» кітабы

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақ барысы



Сабақ сатылары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Фильмнен үзінді көрсету. «Менің атым-Қожа» фильмі, режиссері: Қарсақбаев

Ерболат Құдайбергеновтың «Менің атым-Қожа» атты музыкасымен сергіту жасап, мұғалім сыныпты сабақ тақырыбымен таныстырады. Сыныпты 4 топқа бөледі, сабақта ұстанатын тәртіптерді келісіп шешу.

Сабақты бастау: - Өмірге келген әр адамның арманы болады. Сондай арманы көп бала жазушы С.Бақбергеновтың «Менің атым-Қожа» повесіндегі Қожа біздің сабағымыздың басты өзегі болады.

Сұрақ:


  • Шығарманың авторы туралы кім не біледі?

  • Бүгінгі күні Қожа сияқты балалар бар ма?

  • Қожаның орнында болсан, сен не істер едің?

  • Қожа мен Жантастың достығы туралы не айтуға болады?




Оқушылар топпен отырып, құралдарын реттеп, сабаққа ынталарын аударады.

Мұғалімнің тапсырмасына 2 минут ойласып, жауап береді, фильмді көреді


Оқушылар осы сұрақтың біреуіне жауап жазады (3 мин)

А.жұпта оқиды

Б. Топта жариялайды.


ІІ. Мағынаны тану кезеңі:
«Әдебиет үйірмесі» стратегиясы

Оқушылар көмегімен алдын ала дайындалған сахналық көріністі сынып назарына ұсыну: «Қожа сабақта».

Тапсырма:

-Кім Қожа болып, Қожаның бейнесін көрсеткісі келеді?

Басқалар Қожаға сұрақ қоюға әзірленеді.

Ой жинактау сұрағы:


  • Үзіндіде қандай ерекше тіркестер бар?

  • Қожа қандай бала деп ойлайсыңдар?



Оқушылар «Қожа сабақта» атты көріністі көреді.
Бір оқушы өз қалауымен «автор орындығына» отырады.

Басқа балалар «Қожаға» әртүрлі сұрақтар қояды, ал «Қожа» жауап береді.


«Ішінде-сыртында» әдісі бойынша мінездемені білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздар дан лайықтысын


ІІІ. Ой толғаныс сатысы «Биопоэма»

Тақтада жазулар тұрады: Анфиса Михайловна, Қожа, Қожаның әжесі, Қоңырау

Оқушылар өз таңдаулары бойынша тапсырманы орындайды

Қорытынды:

-Повесть қалай аяқталады?

-Ендеше осы Қожаның арманы сендерге де армандарыңа арман қосып, адам болып ержетуге көмектессін деп, сабағымызды түйіндейміз:

Лаула, лаула, жігер оты!

Самға, самға қиял күш!

Асығатыным да, аңсайтыным да

Ертеңгі болашағым!

Үй тапсырмасы: «Бақытты балалық шақ» атты шығарма жазып келу

Бағалау парағы бойынша оқушылардың еңбектері бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет