Сынып : 1
Сабақ тақырыбы: 9 санының құрамы . Қайталау.
Сабақ мақсаты: а) Сандар қатарын қайталату, 9 санының құрамымен таныстыру.
ағылшын тілінде 1-9 дейінгі сандардың атауларын, ойыншықтар атауларын қайталау; ә) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауларын дамыту, ой-өрісін кеңейту,өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттерін қалыптастыру;
б)Ұқыптылыққа, әдептілікке , бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, АКТ
Сабақтың көрнекіліктері: 9-ға дейінгі цифрлар, дидактикалық материалдар, ойын есептер, жұмбақ есептер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Зейіндерін сабаққа аудару
Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз!
Ағылшын тілінде сәлемдесу
Good morning, Good morning,
Good morning, to you!
Психологиялық даярлық «Қуану»
Сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру
-Бүгін біз сендермен өткен тақырыпты қайталап, еске түсіріп, 9 санының құрамымен танысамыз және осы тапсырмаларды орындау барысында «Сен білесің бе?» деген энциклопедиядан алынған мәліметтер бойынша бір жануар туралы қызықты мәліметтермен танысамыз. Әр тапсырманы орындағаннан кейін сол жануар туралы кезекті мәлімет алып отырамыз. Сабағымыздың соңында ол қандай жануар екенін білеміз. Сондай-ақ орыс және ағылшын тілінен де білгендерімізді ортаға саламыз.
-Сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабағымыздағы жұмыс жасау ережесін құрып алайық:
Мұғалімді мұқият тыңдау
Уақытты тиімді пайдалану
Тапсырмаларды дұрыс орындау
Белсенді болу
Партаға дұрыс отыру
Әдемі жазу
Бір-бірімізге кедергі жасамау
Ұйымшыл болу
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Логикалық есептер шешу арқылы сандар көршісін табу, ауызша
Ағаштағы төрт алмұрт,
Өскен екен тимей құрт.
Самал алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін?
(4 - 2=2)
Үйге кірді Әсия
Оған қоса Әлия
Кейін келді Алида
Қанша болды бар бала?
(1+1+1=3)
Шығармақ болып кеше есеп,
Жиналыпты бес есек.
Біреуі ұйықтап отырды, ,
Ынталысы неше есек?
(5 – 1 =4 )
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?
(2+2+1+1=6)
123, 234, 345, 567.
Мәлімет___Оларға_ешқашан_суык_тимейді_екен._Мағынаны_тану'>Мәлімет:___Олар_орманды,_орманды_таулы_жерлерде_мекендейді._(ағаш_суреті)__Жұмбақ'>Мәлімет:
Олар орманды, орманды таулы жерлерде мекендейді. (ағаш суреті)
Жұмбақ
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан. ( пойыз - поезд - train)
«Орнын тап» пойыз вагондары
9-ға дейін тура және кері санату. (қазақша, орысша, ағылшынша)
(Жекелей оқушылар тақтаға шығып, әр санның орнын табады)
Мәлімет
Оларға ешқашан суык тимейді екен.
Мағынаны тану
Пойыздың әр вагондарындағы тапсырманы тақтада теңдіктер құру арқылы орындау
8+1=9 7+2=9 6+3= 9 5+4=9 4 +5=9
3+6=9 2+7=9 1+8=9 9+0=9
(Қорытындылау: нешеге нешені қоссам 9 болады? сұрағына жауап беру)
Мәлімет
Көп уақыттарын сыртқы келбеттерін жақсартуға жұмсайды екен.
Көзге арналған гимнастика
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу. 18 бет №3 (екі жолын жазу)
Жекелей жұмыс. 78 бет №2 Өзара тексеру.
Мәлімет
Олар ұйықтағанды өте жақсы көреді. Өздеріне жапырақ пен ағаш бұталарынан жатын орын дайындап алады екен.
Cергіту сәті «one, two, three …»
Жұптық жұмыс
9 санының құрамын жазу. Тақтаға ілу. Тексеру.
Мәлімет
Балаларына тамақ табуды ғана емес, тіс тазалауды да үйретеді.
Топтық жұмыс
Жұмбақ
Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. ( Ұшақ – самолет - plane )
79 бет №4. Сурет бойынша өрнектер құрастыру және олардың мәнін табу.Дәлелдеу.
5 – 2 = 3 3 + 2 = 5
Сергіту сәті
Ойтолғаныс
Логикалық тапсырма №1
Шаршының сәйкес бөліктерін табу
Логикалық тапсырма №1
Үстел үстінде 3 қияр, 5 апельсин және 2 сәбіз тұр.Үстел үстінде барлығы қанша
көкөніс бар?
Мәлімет
Ең сүйікті асы банан.
Суретті көрсету
Маймыл туралы видео көрсету
Бағалау: өз өздерін бағалайды «бағдаршам»
Рефлексия: Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!
Ауа райы қандай? Тамаша!
Математика мен ағылшын сабағы қандай ? Тамаша!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша!
«СТЕПНОЕ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ» КММ
КІРІКТІРІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ
Пәні: математика / ағылшын
Сынып: 1 «А»
Тақырыбы: 9 санының құрамы / қайталау
Мұғалім: Мульянова А.А.
Малгаждарова Е.Ж.
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |