Келе жатыр қасиетті рамазан, Сауабын бер ниеттенген оразам



Дата30.05.2020
өлшемі13,44 Kb.
#71697
Байланысты:
Рамазан


КЕШІРЕРСІҢ

Келе жатыр қасиетті РАМАЗАН,

Сауабын бер ниеттенген ОРАЗАМ,

Қасиетті осы күнде бір ғажап,

Кешірерсің, кешіре гөр, кешіруге жарасаң.

КЕШІРЕРСІҢ:

Ағат басып аңдамай аңғал болсам,

Көңіліңе қаяу мұң салған болсам,

Сыртыңнан ғайбат айтып арланбасам,

Серт беріп сақтай алмай жалған болсам,

Үмітіңді ақтай алмай қалған болсам,

Қадіріңе жете алмай тұрған болсам,

Жаңға батар әрекетке барған болсам,

Көрегендікті байқай алмай сараң болсам.

КЕШІРЕРСІҢ:

Сеніміңнен шыға алмай жүрген болсам,

Сөздің нарқын білмей жатып күлген болсам,

Жалған сөйлеп өмірде сүрген болсам,

Сөз ұғатын жандардай білген болсам,

Біліп тұрып кері іске жең түрген болсам.

КЕШІРЕРСІҢ:

Шыңға жеткеніңді көре алмасам,

Керек кезде қол ұшын бере алмасам,

Сүрінгенге сырт күліп жер аунасам

Бауырым деп құшағымды кере алмасам.

КЕШІРЕРСІҢ:

Қара күйе жағып сені қараласам,

Сыртыңнан мазақ етіп табаласам,

Ақ-қараны ажыратпай кінәләсам,

Ауыр сөзбен жүрегіңді жараласам,

Ойланып келіп сөзімді сараласам,

Кешірерсің бәріміз де пендеміз ғой,

Пендешілікпен қателесіп жүргенбіз ғой,

Кешіре алсаң сен мені кешіре гөр,

Кешіріммен жан бағу сүргенбіз ғой.

КЕШІРЕРСІҢ:

Кешірім- ізгіліктің белгісі ғой,

Пенденің бітіретін жерде ісі ғой,

Періште көкте екенін білеміз ол,

Қадамыңды қадағалар сізде ісі ғой,

Біліп, білмей жасаған қатем болса,

Кешіріңіз, кешірімді боп кешірерсіз,



Рамазан кешірім айы сіздесу ғой... 23.04.2020ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет