Сабақ тақырыбы : Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Оқу мақсаты



Дата04.02.2020
өлшемі22,15 Kb.
#57134
түріСабақ
Байланысты:
Атмосфералық қысым


Мектеп: Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты

Күні:  Мұғалімнің аты-жөні: Жеңісов Қуаныш Жеңісұлы

Сынып: 7 а 




Сабақ тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.




Оқу мақсаты:

7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.




Сабақтың мақсаты:

«Атмосфералық қысымның» физикалық мағынасын білу.

Барлық оқушылар: оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады.

Басым бөлігі: өз бетімен тәжірибе жасап, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады.Атмосфералық қысымның формуласын пайдалана отырып, әр түрлі биіктіктегі қысымды анықтай алады




Оқу дағдыларының деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану.




Бағалау критерийі:



  1. атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.

  2. барометр арқылы атмосфералық қысымды өлшейді.

  3. өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді.




Тілдік масаттар:

Пәндік терминдер бойынша сөздік:


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

қысым

давление

pressure

атмосфера

атмосфера

atmosphere

атмосфералық қысым

атмосферное давление

Аtmosphere pressure

барометр

барометр

barometer

барометр-анероид

барометр-анероид

barometer-anеroid







Құндылықтар:

2. Қоғамдағы ұлттық бірлік. Тілдің біртұтастығы. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді негізге ала отырып, бірін-бірі құрметтеуге, еңбексүйгіштік пен ынтымақтастыққа баулу,өзара түсіністікпен топта жұмыс істеу, толеранттылық таныту.




Пәнаралық

байланыс:

география, ағылшын




Алдыңғы білім:

Қысым, ауа қысымы.

География пәнінен атмосфера ұғымы жайлы біледі.

Математикадағы білімдерін пайдаланып, есептеулер жүргізеді.





Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы


3 мин


1.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Мозайка әдісімен «Атмосфералық қысым», «Барометр», «Торричели» деп топтарға бөлу.

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.



ІІІ.«Кім жылдам?» ойын өзін-өзі тексеру:

1. Қысымның өлшем бірлігі? 
2. Қысымның формуласы? 
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы?
4. Күштің өлшем бірлігі? 
5. Заттың неше күйі бар? 
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? 
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? 
8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең? 
9. Қатынас ыдыста керосин мен су құйылған. Деңгейлері бірдей ме? 
10. Керосиннің 0,5 м тереңдіктегі қысымы неге тең?

Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды).

Ұғымдар жазылған түрлі түсті стикерлер

Слайд 1



Сабақ ортасы
10 мин
Білу, түсіну

Оқылым


Айтылым,

Айтылым


Жазылым

5 мин


«Оқулықпен жұмыс»

«Суреттер сөйлейді» әдісі берілген суреттер бойынша ой тастау.

Оқушылар суреттен атмосфераның құрамы туралы түсіндіріп береді. Олар география пәнінен атмосфераның құрамын біледі.



Джигсо тәсілі бойынша топтармен жұмыс істеу:
1 топ– оқулықпен жұмыс істеу, Торричелли тәжірибесін зерттеу.
Қойылған сұрақтарға жауап береді:

Атмосфералық қысымның пайда болу себебі неде?

Торричелли тәжірибесінің мәні неде?
2 топ – оқулықтармен жұмыс жасау, барометр-анероидтың құрылысын зерттеу.
Сұрақтарға жауап:

Барометр-анероидтың құрылысы?

Барометр-анероид қалай жұмыс істейді?
3топ- Сұйық барометр, шприцтің жұмыс істеу принципін түсіндіріп беру.
Сұрақтарға жауап:

Барометр не үшін қолданылады?

Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
Дескриптор:


  • Атмосфералық қысымды біледі

  • Биіктікті анықтай алады

  • Атмосфералық қысымның маңыздылығын біледі

Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек құлағымыздың бітіп қалатынын сеземіз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.

Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. 101325Па = 1013 гПа = 100 кПа = 105Па.

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін анықтаңдар.


Дескриптор:

  1. Берілген суреттермен жұмыс жасайды.

  2. Суреттер бойынша ойын жинақтап, атмосфералық

қысым туралы ойларын айтады.
Қалыптастырушы бағалау: Жарайсыңдар! Бәрекелді!


Концептулдық кесте

Слайд 2



4 мин

Сергіту сәті: «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:



  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

  3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.

Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.

Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:

Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.







15 мин

«Жағдаят туғызу» топтық жұмыс (әр топқа тәжірибелік тапсырмалар)

1 топ. «Төңкерілген стақан». Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен?


2 топ. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді.
3 топ. «Магдебургтік шарлар». Бөтелкенің аузына піскен жұмыртқа - ны қоямыз. Жұмыртқа ішіне түспейді. Енді қағазды жағып бөтелкенің ішіне салып, содан соң жұмыртқаны салсақ, ол бөтелкенің ішіне түседі. Жұмыртқаның бөтелке ішіне түсуіне не әсер етті?.
ҚБ: (Әр топтың жұмысын бағалау)

Слайд 3


3 мин

Кері байланыс «Табыс сатысы»
Мен білемін.

Мен түсінемін.

Мен жасай аламын.

«Табыс сатысы» парағы

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: «Атмосфералық қысым» сөзжұмбақ құрастыру.





2 мин

Рефлексия:

Бәрекелді Тамаша Жарайсыңдар








Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау



Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша керекті мәліметтер оқып, дәптерге жазады.



Кейбір оқушылар

Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді.



Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау кезінде «қысым» белгісімен берілген парақтармен әр кезеңдегі іс-әрекеттерін бағалау тиімді болды.


География, ағылшын тілі пәні алған білімдерін қолданады.

Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді.



Рефлексия

Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады.

Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды.


Оқу мақсаттары толығымен ашылды.

Келесі сабақта өзін-өзі бағалау әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырып бойынша білімдерін нақтылау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет