«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің оқытушысы: Қайрбаева Маржан Нурбековна
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
Cабақ жоспары
Пәні ___Өзін - өзі тану _________Курс____ІІ «Б»_____ Сабақ реті __14_________
Сабақ тақырыбы:_____Бақыт сыры______________________________
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл
ұғымның кең екенін, бақытты бол білуідің маңызын ұғындыру
2. Дамытушылық мақсаты: Бақытты сезіне білуге, біреуге сыйлай білуге үйрету
3. Тәрбиелік мақсаты : Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау
Сабақ түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше
Пән аралық, пәнішілік байланыс: Бақыт алда тұрған арман, мақсат
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау - 8 мин
Шаттық шеңбері – 5 мин
Әңгімелесу сұрақтары - 5 мин
Сыр сандық танымдық ойын – 10 мин
Дәптермен жұмыс – 5 мин
Түйіндеме – 5 мин
Жүректен – жүрекке – 3 мин
Үйге тапсырма беру- 2 мин
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақ мақсатын айту
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сахналау
М.Шахановтың «Күре тамырды іздеу» поэмасынан қойылған үзіндіні тамашалауға шақырамын.
Жастық шақ пен ақын шеткері тұрып сахнаға қарайды. Өрімдей жас жігіт өз Бақытының (Бақыт қыз бейнесінде) соңынан келеді.
Жігіт: (сағынышпен)
- О, Бақыт!
Бар адамға өтімдісің сөйлесең,
Баянсыз да секілдісің кейде сен.
Сені көру еді менің арманым,
Іздеп келем, іздеп келем талмадым.
Іздеп келем әлі күнге жолдамын.
Тым құрыса, қонағым да болмадың.
Шаттығым да, қайғым да өзің күрсінсем,
Айтшы маған қай биікте жүрсің сен?
Бақыт:
Есіңде ме аяулы анаң, қарт анаң,
Нан пісірді саған арнап арпадан.
Жер шырынын ұлым татсын деп еді,
Бірақ сенің оны жегің келмеді.
Жауар бұлттай қабағыңды түсіріп,
Арпа нанды қойдың былай ысырып.
Оранып зор мейірімінің отымен,
Сонда саған анаң боп тіл қатып ем.
Нан бергенім шақырғаным еді ғой,
Егістікте сені күтіп жатып ем.
Жігіт:
Ол күні емес, ертесіне барғанмын,
Сонда мені неге күтіп алмадың?
Бақыт:
Сенен бұрын келіп жеткен біреудің,
Арбасына мініп кетіп қалғанмын.
Жігіт:
О, Бақытым, бала кезден аңсаған,
Қалай айтсам екен мұны мен саған.
Бір күні үйде отыр едім ерігіп,
Сені маған көшеде жүр деді жұрт.
Мен көшеге шықтым жылдам жүгіріп,
Жан-жағыма қарап едім үңіліп,
Таба алмадым іштей ойға малтыдым,
Сен сол күні қайда болдың, жарқыным?
Бақыт:
Ха-ха-ха!
Маған адал болғанымен тілегің,
Аңғармайсың, аңғал сенің жүрегің,
Саған жолда сәлем берген бір қыздың
Жанарына жасырынып тұр едім.
Бала кезгі өрлігіңді қайталай,
Басыңды изеп, өте шықтың байқамай.
Ха-ха-ха! (Бақыт ғайып болғанымен, көпке дейін күлкісі естіліп тұрады.)
Сұрақ:
1. Бақыт пен жігіттің көрінісінен не байқадыңдар ?
2. Жігіт бақытын тапты ма?
Жаңа сабақ: Тақырыбы: «Бақыт сыры»
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бақыт жайлы өздеріне жақын әнді орындату.
І – Бөлім. Шаттық шеңбері:
Достарыңызбен бөлісу: |