Сабақ тақырыбы : Бақыт сыры Сабақ мақсаты



бет2/3
Дата07.02.2017
өлшемі242,38 Kb.
#8903
түріСабақ
1   2   3

«Бақыт сыры» өлеңі

Сөзі Қ.Жүнісовтікі

Әні Б.Жолдасқызынікі
Балғын дәурен, балауса кезің қандай,

Гүл бағында балқиды сезім балдай.

Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,

Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.

Қайырмаасы

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,

Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,

Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер.
Арманның мекені алыстап кетеді,

Жастығың өтеді қас қағымда...

Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,

Өмірің жайнасын жас шағында.
ІІ – Бөлім. Ойланайық, пікірлесейік

Оқушылармен бүгінгі тақырыпты аша түсу үшін әңгімелесу әдісі ұсынылады.



Әңгімелесу сұрақтары:

·        «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?

·        Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

·       
Неліктен бақытты құсқа теңейді?

·        Балалар қай кезде бақытты болады?

·        Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?

·        Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?
ІІІ – Бөлім. Сыр сандық танымдық ойын

І. Есенберлиннің «Бақыт сыры» шығармасында айтылған пікірлерге сүйене отырып, оқушылар бақытты болу сырларымен таныстырады.


Бақыттың он сыры:

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Сондай-ақ біз бәріміз сол үшін бұл дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білуі керек.



Шынайы бақыттың бірінші сыры-көзқарас күші.

Осы сәттен бастап өз өмірімнен тек жақсылық іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіме байланысты. Ендеше мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын.

Шынайы бақыттың екінші сыры-дене күші

Бұған айтар дауым жоқ. Сергек көңіл, ширақ дене өзімді бақытты, сезінуіме көмектеседі.

Шынайы бақыттың үшінші сыры-бір сәттік өмір күші.

Не туралы ойласам да, не істесем де, өмірімнің әр сәтіне: берумен сөйлессем-сол адамға, жұмыс істесем-сол нысанға; жолдан өтсем-машинаға көңіл бөлем.

Шынайы бақыттың төртінші сыры-өзін-өзі тану күші.

Өзім туралы жаман ойдан арылу үшін:

басқалардың айтқаны әділ екендігіне анықтаймын, егер оған негіз болса, өзімнің теріс жақтарымды өзгертемін;

күнбе-күн болашақта өзімнің қандай адам болатындығым туралы жақсы ойлармен өзімді-өзі сендіремін;

не үшін өзіме-өзім ұнаймын, не үшін өзімді-өзім сыйлаймын деген сауалдар қоямын.



Адам баласының ең ғажап қасиеті-әрқашан дұрыс сұраққа дұрыс жауап бере алуында

Шынайы бақыттың бесінші сыры-мақсат күші


Мақсаттар өмірімнің қиын кезеңдерін неғұрлым жеңіл, жеңіл кезеңдерін одан да жарқын етеді. Ол өміріме мән мен мағына береді. Менің таңертең төсектен риза болып тұруыма түрткі болады

Шынайы бақыттың алтыншы сыры-шаттық күші.

Өмірді қызық жағынан қабылдай білсем, өз бақытымды сезіне аламын.

Ұсақ нәрселер үшін мазамды алмаймын. Өмірімнің көпшілігі осы ұсақ-түйектен тұратынын есіме сақтаймын.

Шынайы бақыттың жетінші сыры-кешірім күші.

Қателіктер мен сәтсіздіктер менің өміріме сабақ болады. Өзгелерді де, өзімді де кешіре білемін.
Шынайы бақыттың сегізінші сыры-сыйлық күші

Өзіме бір нәрсе алып бақытқа бөлене алмаймын, қуануым мүмкін. Менің бақытым басқаларға беріп, көмектесуімде. Басқаларды көбірек бақытты етсем, менің бақытым шексіз болады.

Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры- қарым-қатынас күші.

Өмірімнің жақсы болуы адамдармен қарым-қатынасыма, сыйластығыма байланысты. Мен достарымның, таныстарымның көп болғанын қалаймын.Біреумен бөліскен қуаныш-екі мәрте қуаныш, ал біреумен бөліскен реніш-жарты реніш.

Шынайы бақыттың оныншы сыры-сенім күші

Мен өзіме, өз жақындарыма, достарыма, болашағыма сенемін
·        Өздерің осы тұжырымдардың барлығымен келісесіңдер ме?

·        Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсыңдар?


ІҮ –Бөлім. Дәптермен жұмыс

Бақыттың түрлері оның адам өмірінің сан салалы көрінісінде танылатыны аңғарылады. Оқушыларға беріліп отырған осы ойды жалғастыру ұсынылады.

Сәби бақыты, ол - ...

Әйел бақыты, ол - ...

Ер-азамат бақыты, ол - ...

Ата-ана бақыты - ...

Дәрігер бақыты, ол - ...

Ұстаз бақыты, ол - ...

Ұлт бақыты, ол - ...

Қоғам бақыты, ол - ...




Дәйексөз.
«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу»

В.Н.Терешкова


Өзін-өзі білген-ер бақытты,

Өзін-өзі билеген-ел бақытты.

Халық мақалы



Ү – Бөлім. Түйіндеме

Оқушылардан ұсынылып отырған «Бақытты адамның ұстанымдарынан» жанына жақынын таңдап алып,бүгінгі ашық сабаққа байланысты өз ойларын түйіндеп айту ұсынылады.

  ·        Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.

·       Бақыт – бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен еңбектену.

·        Бақыт – достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.

·        Бақыт – қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы.

·        Бақыт – денсаулығыңның мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу.

·        Бақыт - әр күннің нұрлы шуағын сезіну.



Сабақта балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау. (күншуақ)



Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.


Барлық жұмыстарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет