«№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназия» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»
3«Д»сынып жетекшісі:Жаппарова А
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар
Мақсаты:
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Барысы:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» тақырыбында.
Мақсаты:
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады.
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І – « Кім көп біледі?»
Қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
« Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
« Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
12. «Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз, eye)
....... – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
Еңбегі жоқ ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука, hard)
.... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
...... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
« Білім артық па, мал артық па?»
ІІІ – « Ата салтың – халықтық қалпың»
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
3. Логикалық сұрақтар жауаптарымен
1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
3. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
7. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
8. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
9. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
10. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
11. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
12. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
13. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
4.« Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі: 2 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі тест , спорт сұрақ жауап. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
Спорт
50 ұпай – Футбол ойынына қанша адам қатысады? (11 адам)
100 ұпай – Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
200 ұпай - Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)
« Ойлан тап»
Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (екінші орынды)
Сандар қатарын жалғастыр: 18,20,24,32? (48)
Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (аққайыңда алма өспейді)
Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама-қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір-бір мысықтан. Барлығы неше адам құландыға бара жатыр? (Бір әже ғана)
Достарыңызбен бөлісу: |