Ақтөбе қаласы, Георгиевка орта мектебі
Қазақ тілі ашық сабақ
Тақырыбы: "Дауыссыз л мен р"
2 класс
Өткізген: Есжанова Д.Т.
Қазақ тілі. 2әкласс. 14.10.14ж.
Тақырыбы: Дауыссыз л мен р
Мақсаты: 1.Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру. Жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа
үйрету. 2.Сөздік қорларын дамыту. 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Формасы: жүйелі
Типологиясы: жаңа
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Көрнекілік: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - сабаққа даярлық
ІҮ. Мақсат қою кезеңі
Суреттермен жұмыс:
- балалар мыны заттардың аты қандай әріптерден басталады?
- дауыссыз л мен р
- ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Дауыссыз л мен р".
Ү. Жаңа сабақ.
Күн ретін жазу . Көркем жазу Лл Лл Лл
лақ Ләйлә лайық ала бал Іле
Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у)
Оқулықпен жұмыс.
119- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу.
Сөз басында л мен р дыбысының айтылуына назар аудару.
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Ережені хормен оқу. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру
Сөздік дикант: рәсім, рең, разы, лебіз, лашын лай, лауазым,рақат, Іле, ылди. Тексеру , бір-бірін тексеру.
Сергіту сәті : 1. музыка әуенімен қимылдар жасау.
2. жаңылтпашты қайталап айту.
Гүл өсірген дұрыс па?
Ұл өсірген дұрыс па?
Тіл өсірген дұрыс па?
Құр есірген дұрыс па?
120- жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жазу, мағынасын ашу.
Сөз басындағы л, р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Ребусты шешу: ребустың шешуін сипаттау. Раушан.
Шығармашылық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
Сөздерді қатесіз көшіріп жаз.
Раушан, рауғаш, лезде, рұқсат, рас, лақтыру.
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына л,р әріптерінің тиістісін қой.
...ақ, ...ай, ...ақмет, ...ебіз, ...ақат, ...айық, і...імшік, ...ең, ...аушан.
ІІІ деңгей
ылғал, ілгіш, лебіз сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
121-жаттығу. тақтамен жұмыс. л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек, р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастырып жазу.
ҮІІ Бекіту.
1. 122- жаттығу. жұптық жұмыс.
Сөздерді оқу, салыстыру, қорытынды жаса.
2. - Бүгін не өттік?
-оқушылардың жауаптары
3. 3 қатар жарысу
1-ші қатар л дыбысына сөз ойлау, 2-ші қатар р дыбысына сөз ойлау,
3 қатар үш сөйлем құрау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма 1. 123-жаттығу.
2. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |