1.Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды түгендеу, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1 топ
2 топ
3 топ
Зат алмасу
автотрофтар
гетеротрофтар
Оқушылардың білімі биологиялық диктант түрінде қорытындыланады.
Биологиялық диктант
1. Табиғаттағы барлық организмдер қоректену тәсіліне қарай (2) топқа бөлінеді.
2. Дайын органикалық заттар, энергияны пайдаланушы организмдер (гетеротрофтар) деп аталады.
3. Оларға (жануар, адам) және (кейбір бактериялар) жатады
4. (Хлорофилл) органоиды бар өсімдік жасушасының тіршілік үшін маңызы зор.
5. (Фотосинтез) – Күн сәулесі энергиясын (химиялық) энергияға айналдыратын күрделі процесс.
6. Күн сәулесі қатысында (бейорганикалық) заттардан органикалық заттарды синтездейтін организмдер (автотрофтар) деп аталады.
3.Жаңа білімді меңгеру.
1. Қызығушылықты ояту.
Жер бетінде өсімдіктерге бейжай қарайтын бір де бір адам жоқ!
Өсімдіктің ең қайталанбас, Ең ғажайып, Ең құпия ТАМАШАСЫ! Ол не?
Өсімдіктің Гүл, Жапырақ, Жеміс, Тұқым, Тамыры болсын – барлығы да адам үшін пайдалы заттарға бай! Соншама пайдалы заттарды өсімдіктер қайдан алады?! Өсімдіктер тек су мен минералды заттарды ғана жұтпай ма?!
Барлығы өсімдіктердің бірегей қабілетінде! Өсімдіктер Күн сәулесінің қуатын пайдаланады! Бұл жайлы бүгінгі сабақта білеміз!
Сабақ тақырыбы
2. Мағынаны ашу INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― — “мен үшін түсініксіз”, + — “мен үшін жаңа ақпарат”,? – “мені таң қалдырады”
Жапырақтың ішкі құрылысы: Жоғарғы қабаты – эпидермис.
Эпидермис клеткасы – мөлдір. Неге олай деп ойлайсыңдар?
Өсімдік неге жасыл түсті? Себебі, клеткада жасыл пигмент – ХЛОРОФИЛЛ бар
Хлорофилл құрамындағы магний атомы өз кезегінде өсімдіктердің жасыл түсті болуына себепкер. Хлоропласт дөңгелек пішінді, қос қабатты мембраналы
Хлоропласт ішінде текшеленген құрылым – граналар. Граналар тилакоидтардан тұрады, олардың ішінде хлорофилл орналасады. Осы хлорофилл органойдында өсімдіктің бірегей процесі – фотосинтез өтеді.
Фотосинтез процесінің жалпы реакциясы: 6СО2 + 6 Н2О = С6Н12О6 + 6О2↑