Сабақ Тақырыбы : «Үй жануарлары»



бет1/2
Дата19.05.2017
өлшемі197,86 Kb.
#16507
түріСабақ
  1   2
МҚКК №30 сәбилер бақшасы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

ІІ-ші сәбилер «Айгөлек» тобы

Өткізген: А.Ж. Катаева

2013-2014 оқу жылы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты:

Білімділік: Үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. 

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ – жауап, іздену, ойлау. 
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, үй жануарлары бейнеленген карточкалар. 

Тәрбиеші балалармен амандасып, шеңбер құруларын сұрайды. Балалар бір-бірімізбен және жаңа күнмен амандасайықшы:

Балалар шеңбер құрып, мына жылы сөздерді айтады:

Сәлем бердім мен күнге

Сәлем бердім мен саған

Сәлем бердім апайға

Қонақтарға баршаға!

Балалар естисіңдер ме, біреу есікті қағып тұрған сияқты. Мальвина келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!

Сұлу-ару-қыздарым

Ақылды да ұлдарым

Қадірменді қонақтар!



  • Сендер мені таныдыңдар ма?

  • Иә, сен Мальвинасын.

  • Дұрыс таптыңдар, мен Мальвинамын, мен сендерге сиқырлы себет әкелдім.

Тәрбиеші: Оның ішінде не бар екенін білу үшін, сендер ең алдымен бірнеше сөз ұйқасты менімен бірге қайталаңдар.

Ах-ах-ах – Секеңдейді лақ

Ой-ой-ой – Қорада тұр қой

Кі-кі-кі – Секіреді ешкі

Себеттің ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Аяна сұра ғой.

Аяна: Мальвина өтінемін айтшы сенің себетінде не бар?

Мальвина: Менің себетімде әртүрлі суреттер бар. Сендер ең алдымен орындарына жайғасып отырыңдар.

Тәрбиеші: Ержарас маған келіп, Мальвинаның себетінен бір суретті алып, ол суретте не бейнеленгенін айтып бере ғой.

Ержарас: Ол жылқы. Ол бізге сүт, ет береді.

Дұрыс Ержарас, ол жылқы, ол балалар үй жануары, ол бізге сүт беріп, одан біз қымыз жасаймыз,және де ет береді. Ол жүк тасиды.





Тәрбиеші: Аяна бір суретті алып, ол туралы айта ғой.

Аяна: Сиыр. Ол мөңірейді, сүт береді, шөп жиді, оның терісінен біз тон тігеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет