Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Өндірістік ортаның жай-күйін үнемі бақылау



бет43/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Өндірістік ортаның жай-күйін үнемі бақылау

Өндірістік ортаның жай-күйін үнемі бақылау жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің қауіпті және зиянды факторларын өлшеп (белгілеп), бағалауды көздейді. Бұл процесс қызметкерлерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың; қызметкерлердің денсаулығы үшін қауіп төндіруі мүмкін жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық және әлеуметтік-психологиялық еңбек жағдайларының әсерін, сондай-ақ оларды жою және (немесе) азайту үшін әзірленген олардан қорғану жүйесінің болуын және олардың жай-күйін бағалауды көздейді.

Мұндай бақылау өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды, қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді айқындауды, қызметкерлердің денсаулық жағдайы туралы деректерді талдауды немесе сұрауды, сауалнама жүргізуді және т.с.с. қамтиды.

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары жай-күйінің неғұрлым толық сипаттамасын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау кезінде алады. Бұл рәсім жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалауды, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды анықтауды, қолданылатын қорғаныш құралдарын бағалауды, сондай-ақ еңбек жағдайларын мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес келтіру жөнінде іс-шаралар әзірлеуді көздейді. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау соңғы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізген сәттен бастап кемінде бес жылда бір рет жүргізіледі.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың қорытындыларын мынадай мақсаттарда пайдаланады:

1) мемлекеттік нормативтік еңбекті қорғау талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;

2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің іс жүзіндегі жай-күйін бағалау;

3) қызметкерлердің тиісті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың іс жүзіндегі еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарттардың талаптарына сәйкестігін айқындау;

4) кәсіптік ауруға күдіктенгенде және кәсіптік ауру диагнозын қойғанда, оның ішінде сот тәртібімен даулар мен өзге де келіспеушіліктерді шешу кезінде аурулардың кәсіп пен атқарып отырған жұмысымен байланысын анықтау үшін еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс істеу фактісін растау;

5) өндірістік объектіні немесе жабдықтарды пайдалануды тоқтату, сондай-ақ технологияның өзгеруі туралы шешім қабылдау;

6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есепті құрастыру;

7) жұмыс берушінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауаптылығын сақтандыру кезінде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау;

8) Қазақстан Республикасының еңбек заңында көзделген еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге еңбекақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;

9) қызметкерлердің еңбек жағдайларының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау шаралары туралы шынайы ақпарат алуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет