нұсқау беру және білімін тексеру
Еңбекті қорғау заңы бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің, жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға, нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.
Нұсқаулықтың келесі түрлері белгіленген:
Кіріспе нұсқау беру;
Алғашқы нұсқау беру;
Қайталанған нұсқау беру;
Жоспардан тыс нұсқау беру;
Күнделікті нұсқау /ағымдағы/ ;
Курстық оқу;
Арнаулы курстық оқу.
Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бақылаудағы еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын сақтауды еңбек қорғау қызметкерлері жүргізеді.
Еңбек қорғау қызметкерлері: оқытады, дәйекті нұсқау береді, білімін тексереді және нормативті акті бойынша белгіленген уақыт кезеңдерінде еңбек қорғау туралы барлық жұмыскерлерді аттестациядан өткізеді. Кәсіпорын басшыларына еңбек қорғау туралы заңды бұзған кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ұсыныс енгізеді. Жұмыскердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда жеке учаскелердің агрегаттардың жұмысын тоқтатып тастауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |