Сабақ Тақырыбы : Математика әлемінде Өткізген : математика пәнінің мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі77,89 Kb.
#28312
Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Алға негізгі мектебі
Ашық сабақ

Тақырыбы :

Математика әлемінде

Өткізген : математика пәнінің мұғалімі

Бакенова Салтанат Каирбеккызы

2016 – 2017 оқу жылы

«Математика әлемінде» сыныптан тыс тәрбие шарасы

Ойын сайысының мақсаты:

1. Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана-сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.



Түрі: топтық жарыс

Қолданылатын технология: ақпараттық технология

Көрнекілігі: компьютер, логикалық есептер.

Жүру барысы:

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Назарларыңызға “ Математика әлемінде ” атты сайысымызды ұсынбақпыз.

Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын. Олай болса, бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады:



1 тур.Математикалық эстафета

2 тур.Эрудит

3 тур.Сиқырлы таяқшалар

4 тур.Сөзжасам

5 тур.Кім шапшаң?

Ал енді І турды бастайық.



І-тур: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.



«Математикалық эстафета»

Бұл турда сіздерге математикалық сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда, қарсы топтар жауап бере алады.



5 сынып:

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  2. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

  3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  4. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше кісі бар? (4)

  5. адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

  6. Ең кіші натурал сан. (1)

  7. 7 май шам жанып тұр. Екеуі сөніп қалды, қанша май шам қалды?) 2

  8. Екі жұп жылқылар 40 км шауып шықты, әр жылқы қанша км шапты?) 40км

  9. 1 килограмм мақта ауыр ма, 1 килограмм темір ауыр ма?) тең

6 сынып:

  1. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4)

  2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар? ( 1,2,3)

  3. Бір аяғымен тұрған әтештің салмағы 50кг, екі аяғымен тұрған әтештің салмағы неше кг.(3)

  4. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

  5. Теңдеуде де, өсімдікте де бар. ( түбір)

  6. 41- жай сан ба? ( ия)

  7. Бос ыдыстың ішінде қанша жаңғақ бар?( 0)

  8. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (90)

  9. 5 алманы 5 қызға тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек. (1 алманы себетпен қоса беру керек)

ІІ-тур: «Эрудит»

Бұл бөлімде сіздерге бірнеше ұяшықта әртүрлі бағытта есептер мен сұрақтар берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың күрделілігіне қарай ол ұяшықтарда берілетін ұпайлардың саны көрсетілген. Кезекпен екі топқа ұяшықты таңдатамыз да, сол ұяшықтың сұрағына жауап берсе көрсетілген ұпайды алады.

Ақбота” есептері

10-Арман,Аян,Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды.Абзал Арманнан,Ал Аян Абзалдан кіші емес.Бұл үйдің үлкені,ортаншысы,кішісі кім? (Аян Абзал Арман)

20- Ақбота байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады.Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті. (19)

30- Шаршының сол жағында үшбұрыш,оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жағына орналасқан. ( ортасында)

Кенгуру” есептері:



10- 1000-100+10-1=? 999

20- 1+1*1-2=100 0

30- 3х2006=2005+2007+? 2006

Есептер:

10 - Қабырғасы 6см және 8см.Тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (48)

20 –Квадраттың қабырғасы 9 см.Периметрі?(36)

30-Үшбұрыштың қабырғасы 3см,4см,5см.Периметрі ?(12)

Жұмбақтар:

10- Екі қарын,

Төрт құлақ.Бұл не? (жастық)



20- Сәуле шашып маңайға

Үш шырағы жанып тұр.

Кезекпенен жағылып,

Бағытқа жол салып тұр. (Бағдаршам )




  1. Сегіз аяқ,сегіз қол,

Жібектен тор тоқиды,

Өз ісінің шебері,

Сырын білген оқиды! (Өрмекші)

III тур.Сиқырлы таяқшалар.

Бұл турда әр теңдіктен бір шырпыны қозғап,ақикат теңдікке айналдыру керек.Әр дұрыс теңдікке 5 ұпай беріледі.



ІV-тур: «Сөзжасам»

Бұл турда Арифметика сөзінен әр түрлі сөз құрастыру керек.

(Акт,Акр,ар,арка,камера,кара,карма,карт,карта,кит,макет,марка,март,мат, мера,мерка,метка,мир,миф,рак,ракета,риф,рифма,ритм,тара,тема,тик,тир,трек,фара,факт,ферма,фирма)

V-тур.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

«Кім шапшаң?»:

50848:56-67940:79+605*73-320*68 (квадрат)

44165 – А; 860-В; 44213-А; 908-К; 48-Р; 22453-Т; 21760-Д;

Әділқазылар қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, оларды құттықтайды. Бүгінгі көріп тамашалаған “Математика әлемінде ” білімдер сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет