Сабақтың басы
0-5 мин
5-10 мин
10-15 мин
|
1) Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын еске түсіру
Оқушылар формуласын жатқа жазады. Оқушылар жазып болған соң парақтарын тақтаға іледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.
2) Топта жұмыс жасауға және бірін- бірі бағалауға дағдылану үшін оқушылар тапсырманы топпен талқылайды.
1 топ тапсырмасы. Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?
2 топ тапсырмасы. Жалпы кернеу 3 В болса, жалпы ток және
R2, R3 кедергісі арқылы өтетін токты тап.
Әр топ оқушылары тапсырмаларымен ауысып өзара бағалау жүргізеді және бір- біріне кері байланыс жасайды.
|
|
Сабақтың ортасы
15-33мин
33-38 мин
|
3) Оқушылар қолдану дағдысын дамыту мақсатында өздік жұмыс орындайды
Тапсырма №1: Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің
көрсетуін анықта.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтарын және Ом заңын есептер шығаруда қолданады.
|
тізбектің бөлігіндегі жалпы кедергіні есептейді;
амперметрдің көрсетуін анықтайды.
|
Тапсырма №2: Суретте берілгендері бойынша тізбектегі жалпы токты және кернеуді тап.
Тапсырма №3: Суретте берілгендері бойынша тізбектің
жалпы кедергісін тап.
Тапсырма №4: Тізбектің жалпы кедергісін тап.
R1=R2=1,8 Ом, R3=R5=1 Ом,
R4=R9=R10=3 Ом, R6=R8=1,2 Ом,
R7=0,8 Ом, R11=R12=0,3 Ом, R13=0,7 Ом.
Дұрыс жауаптарды қолданып оқушылар өзін- өзі бағалайды, мұғалім немесе оқушылар бірі- біріне кері байланыс жасайды.
|
|
Сабақтыңсоңы
38-40 мин
|
4) Рефлексия
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
5) Үйге тапсырма §41 оқу
Тізбектің А және В нүктелерінің арасындағы кернеу 220 В болса, (сурет) жалпы ток күші қандай?
Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу
10 В болғанда жалпы ток күшін тап.
|
|