Бекітемін
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
К.Кемелбаева
|
Келісемін
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары
Қ.Жұмағалиева
|
Күні: 04.12.12 Уақыты: 12.45-13.30 Сыныбы: 10 Б
Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім
Сабақ тақырыбы: Презентация жасау
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: VIP-тест, практикалық жұмыс, «Ойлан тап» ойыны, Ассоциация әдісі,
«Қарлы кесек» ойыны, түсіндірмелі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft Office Power Point бағдарламасында автомазмұн шебері
көмегімен презентация жасауды меңгерту
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетімен презентация құруға, ақпараттық
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, таным белсенділігін қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: таратпалар, компьютердегі слайдтар, компьютерде тесттер, электронды оқулық
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу:
- түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
VIP-тест программасы арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
1. Электронды оқулықтан тапсырмалар беріледі
Тапсырмалар: 2,3,5,6,7
2. «Ойлан тап» ойыны
Жауабы: Презентация жасау
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
Жаңа презентацияны үш түрлі әдіспен жасауға болады.
Мастер автосодержания көмегімен;
Ұсынылған қалыптар негізінде;
Бос презентацияны пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап жасау.
Мастер автосодержания көмегімен презентацияны жасау. Power Point-ты іске қосқан кезде, терезенің оң жағында орналасқан Приступая к работе – Создание презентации – Из мастера автосодержания командасын орындағанда келесі диалогтық терезе шақырылады.
Слайдты жасау процесі үш этаптан тұрады.
І – Вид презентации. Мұнда тиісті батырманы басқанда ашылатын алты блок ұсынылады. Әрбір блокта презентацияның бірнеше стандарты бар, сендер олардың тақырыбы сәйкесін таңдап аласыңдар.
Шебермен жұмыс істеудің ыңғайсыздығы, біз таңдап алғанды алдын-ала көре алмаймыз.
ІІ – Стиль презентации. Сендер презентация жарияланымының келесі түрін көрсетесіңдер.
ІІІ – Презентация параметрлері. Мұнда презентацияның аты беріледі., сонымен қатар барлық слайдтардың төменгі колонтитулы үшін мәтін енгізіледі.
Готово батырмасында тышқанмен басу шеберге жұмыстың аяқталуы жайлы команданы береді және ол жиналған ақпарат негізінде слайдтардың базалық жиынын жасайды.
Сергіту сәті
«Қарлы кесек» ойыны.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Практикалық жұмыс
MS Power Point бағдарламасында Мастер автосодержания көмегімен презентация жасау
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» тақырыбында презентация жасау
Пуск – Программы – Microsoft Office – Microsoft Office Power Point командасын орындап программаны іске қос
Приступая к работе – Создание презентации – Из мастера автосодержания командасын орында
Ашылған диалогты терезеде Вид презентации – Учебный курс командасын таңда
Содан соң Стиль презентации – Презентация на экране командасын таңда
Келесі этапта Параметры презентации – Заголовок слайда өрісіне «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» тақырыбын жаз
Келесі Нижний колонтитул өрісіне өз атыңды және тегіңді жаз
Готово батырмасын бас
Соңғы ашылған слайдқа Президентке құттықтау жаз
Презентацияны сақта
Файл – Сохранить как ...
ҮІ. Қорытынды
Ассоциация әдісі
Power Point бағдарламасы терезесінің элементтері
ҮІІ. Үйге: 1.6.4 - тақырыбын оқу
ҮІІІ. Бағалау
«Өзін-өзі бағалау» парағы арқылы бағалау
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасын тексері кезеңі
|
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
|
Жаңа сабақты бекіту кезеңі
|
Қорытынды кезеңі
|
Жалпы ұпай
|
Баға
|
Арыстанбаев Жолдасбек
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
5
|
20-17 – «5»
16-12 – «4»
11-9 – «3»