Сабақтың жоспары № Топ №



Дата08.07.2017
өлшемі0,99 Mb.
#20892
түріСабақ
«Бекітемін»

Оқу бөлімінің меңгерушісі А.К.Аралбаева
Пән атауы ___________________________________________

Сабақтың жоспары №________


Топ №































Сабақтың өтілген күні































Сабақтың тақырыбы: Презентация жасау. Үлгітүр негізінде презентация жасау тақырыбына практикалық жұмыс

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Типі: аралас сабақ

1.Мақсаты

Білімділігі: Студенттерге Power point бағдарламасында презентациялау жолдарын және сілтемені слайдта қолданылуын түсіндіріп, үйрету.

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелігі: Уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеу.

II. Күтілетін нәтиже :

  • Студенттер білу керек: MS POWER POINT бағдарламаның қызметтерін, атап айтқанда слайдтарға мәтіндерді жазуды, түстер мен түрлі терезе құрылымдарын қолдануды, мәзірлермен жұмыс істеуді.

  • Студенттер жасай біледі: Power Point программасын іске қосу және слайдтарды қою, өшіруді.

  • Студенттер меңгеру керек: Презентацияға түрлі өзгерістерді енгізіп, анимация және сілтеме жасау жұмыстарын жүргізуді.

III.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, компьютерде практикалық жұмыс орындату
IV. Құралдар: ДК, проектор, слайд, үлестірмелі материал

V. Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Студенттермен амандасу.

  • Студенттердің сабаққа қажетті оқу-құралдарын қадағалау, сабаққа нұсқау беру.

  • Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 2 –бет төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі:



3. Негізгі бөлім:

3-бет Бүгінгі өтетін тақырып бойынша берілген қысқаша теориясын жазады.

Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.

Слайд-көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

Гиперсілтеме-мәтінді, графиканы, анимацияны, дыбыстық файлдарды бір бірімен байланыстырады.

Практикалық жұмыс жасау. Яғни студенттерге таратпа практикалық тапсырма жұмысы беріледі.

Практикалық жұмыс

Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:

1. «Пуск» батырмасын шертіңіз - «Все Программы» - «Microsoft office» - «Microsoft PowerPoint»

2. Ашылған терезеден ГЛАВНАЯ менюді таңдаңыз – СОЗДАТЬ СЛАЙД басу арқылы – МАКЕТ батырмасын басу арқылы өзінізге керек түрін таңдаңыз.

3. ДИЗАЙН меню арқылы слайдтың стилін таңдау керек

4. ВСТАВКА – ФИГУРЫ немесе РИСУНОК («Рабочий стол-Фоны бумасынан» керек суретті алыңыз) мәзірін орындау арқылы суретті қою керек.

Келесі мәтіндерді енгізіңіз тақырыбы

1 слайд:«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

2 слайд: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



3 слайд: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда.

5. Енді осы мәтіндерді безендіру қажет ол үшін: Қаріп түрін және өлшемін, түсін беріңіз

6. Қойылған суретке ФОРМАТ менюі арқылы безендендіру қажет

7. ПЕРЕХОДЫ менюі арқылы слайдтың келесі слайдқа аусуын тағайындау

8. АНИМАЦИЯ менюі арқылы мәтінге түрлі анимацияны қоюыңыз.

9. Келесі бойынша:



  • 1 слайдты – 2 слайдқа;

  • 2 слайдты – 3 слайдқа;

  • 3 слайдты – 1 слайдқа СІЛТЕМЕ немесе Ctrl+K пернелер үйлесімін басуға болады. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы - Гиперссылка- жасаңыз.

10. Презентацияны құрастырып біттіңіз енді оны сақтау керек. Ол үшін: Басты менюдегі «Файл» - «Сохранить как» және «Имя файла» деген жерге презентацияның атын жазып сақтаңыз. Сіз презентацияны әзірлеуді аяқтап, оны көрсетуге дайын болсаңыз: Жарайсыз!



Сабақты бекіту.

Сұрақтар арқылы бекіту:

  1. Слайд үлгісін қалай қоюға және өзгертуге болады?

  2. Аусуды қалай қоюға және өзгертуге болады?

  3. Анимацияны қалай қоюға және өзгертуге болады?

  4. Фонның түсін қою және өзгертудің неше әдісі болады?

  5. Гиперсілтеме не үшін қажет қалай қоямыз?

Студенттерді бағалау. Студенттерді практикалық жұмыс бойынша бағалау.

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?

  • Қиын және жеңіл жерлері болды ма?

  • Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

  • Қиыншылықтар болды ма?

  • Ұсыныстарыңыз бар ма?

Сабақты қорытындылау.

  • Сабақтың мақсатына жеттік пе?

  • Не үйрендік?

Үйге тапсырма беру.

Тапсырма: Студенттер еркін тақырып бойынша презентация жасау.





Каталог: uploads -> doc -> 0c81
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c81 -> Сабақтың мақсаты: Сюжеттік композиция немесе пейзаждың пландық кеңістігін көрсету
0c81 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы Ұлы суреткер Сабақтың мақсаты
0c81 -> Сабақ Тақырыбы: 11 сынып Өткізген: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет