Қандай көңіл-күй?
Қуану,шаттану, мәз болу
4.Оқулықпен жұмыс
70-жаттығу.
Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдалана отырып, әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп, өздерің теріп алған синоним қатарларынан пойыз жасаңдар.Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
71-жаттығу.
Мәтінді оқып, оның мазмұнын өз ойларыңды қоса отырып әңгімелеңдер.
Ғажайып, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып,олардың орнына қолданып көріңдер.
Синонимдік қатар құру.
Әрқатарға сөздер беріледі. Сөздерге синонимдер табады.
1 қатар:туысқан- туыс,тума, ағайын
2 қатар:данышпан-дана, ұлы, ғұлама, ойшыл
3 қатар: азайту- алу, кеміту,шегеру, қысқарту
5.Сабақты бекіту.
Постер қорғау.
Сабақты толық түсінген,өзгеге көмек бере алатын оқушы қызыл түсті стикерді жабыстырады,мен тақырыпқа түсіндім,синонимдерді таба аламын деген оқушы жасыл түсті стикерді,мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет деген оқушы сары түсті стикерді жабыстырады.
Сабақты толық түсіндім,өзгеге көмек бере аламын
|
Тақырыпқа түсіндім,синонимдерді таба аламын
|
Тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет
|
|
|
|
6.Үйге тапсырма.
72-жаттығу.
Синонимдер тақырыбын оқу.
7.Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |