Сабақ тақырыбы : Синонимдер Сабақ мақсаты



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі430,66 Kb.
#28471
түріСабақ
  1   2
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті

19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Сейталиева Шамшырақ Әділханқызы.

Сыныбы: 5 «в»

Сабақ тақырыбы: Синонимдер

Сабақ мақсаты:

1)оқушыларға синонимдер туралы түсінік беру,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;

2)оқушылардың мысалдар арқылы ереже шығара білу, ойлау қаблеттерін дамыту;

3)оқушыларды сауатты,таза жазуға, синоним сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, шағармашылық жұмыс, постер қорғау, интервью.

Көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар, суреттер, стикерлер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.Зейіндерін сабаққа бөлу.

Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің жанұям» тақырыбында омоним сөздерді қатыстырып мәтін жазу.

«Интервью» әдісі арқылы омоним тақырыбын еске түсіру.

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.



3. Жаңа сабақ.

Зат есім Сын есім

Кім? Қандай?

Мұғалім Ажарлы

Ұстаз Келбетті

Оқытушы Сұлу

Педагог Әдемі



Етістік Үстеу

Не істеу? Қашан?

Кідіру Жуырда

Аялдау Жақында

Тосу Таяуда

Күту Жуықта

Әр бағандағы сөздерге сұрақ қойып бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып синонимдердің ережесін шығару.


Синонимдер

Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын айтамыз.





Әдепті

Инабатты

Ибалы

Ізетті

Сыпайы

Мәдениетті

Жаңа сабақты пысықтау

Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойны.

Суреттерге қарап оқушылар синонимдер қатарын тізбектеп шығарады.



Ұстаз,мұғалім,оқытушы Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент

Ер бала, жігіт, ұл Тамақ, ас, ауқат, тағам, дәм





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет