Рамканыӊ оӊ және сол бөліктеріне бағыттары қарама-қарсы болған Ампер күштері әрекет етеді. Нәтижеде тогы бар рамка айналмалы қозғалыс жасайды.
Солай етіп, магнит өрісі тогы бар рамканы айналмалы қозғалысқа келтіреді.
Амперметр, вольтметр, гальванометр ж.т.б. электрөлшеуіш аспаптардыӊ жұмыс істеу принципі магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсеріне негізделген.
Рамкадан ток өткен кезінде ол магнит өрісініӊ әсерінен айналмалы қозғалыс жасайды