Магнит өрісі. Магниттік индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Суперпозиция принципі. Ампер заңы. Лоренц күші. Тогы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы
Магнит өрісі. Магниттік индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Суперпозиция принципі. Ампер заңы. Лоренц күші. Тогы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. Электрмагниттік индукция. Өздік және өзара индукция құбылысы.
Магнит өрісінің күштік сипаттамасын магнит индукциясының векторы деп атайды да, В әрпімен белгілейді. Магнит индукциясы векторының бағытына магнит өрісінде еркінше орналасқан тілшенің S-оңтүстік полюсінен N- солтүстік полюсіне қарай бағыты алынады.
Магнит өрісінің берілген нүктедегі магнит индукциясы деп магнит моменті бірге тең рамаға әсер етуші максималь айналдырушы моментті айтады.
Магнит өрісі - күш өрісі болып табылады, сондықтан оны магнит индукция сызықтарымен өрнектеуге болады, ол сызықтардың әр нүктелеріне жүргізілген жанамалар векторымен бағыттас болады.