Сабақ тақырыбы 1 ( I )-топ элементтері және олардың қосылыстары. №6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"



Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106094
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ химия


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2С 

1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары



Мектеп:

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп - интернаты

Күні:

10.12.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Амандуллаева Гульзира Каржаубаевна


Сынып:

9 Ә

Қатысқандар саны:

31


Қатыспағандар саны: 2


Сабақ тақырыбы

1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары.
№ 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:

ХЭПЖ сілтілік металдардың орналасуын және олардың физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

Оқушылардың көбісі үйренеді:

Металдар мен бейметалдардың салыстыра алады;

Кейбір оқушылар үйренеді:

-элементтердің электрондық құрылысын және периодтық кестедегі орналасуы арасындағы байланысты түсіндіреді.

Бағалау

критерийлері

-сілтілік металдардың қасиеттерін біледі;

-өз бақылауларын тексере алады және бақылауларын қорытындылай алады;

-химиялық реакция теңдеуін (оттегі, хлор, су) құрастырады және теңестіреді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Барлығы, көпшілігі, кейбіреулері және ешқандай сөздерін пайдалана отырып, 1-ші топтағы металл реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша жинақтау

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Периодтық кесте, сыртқы қаптама, байланыстар, құрылыс, реакция, металл, ерітінді, жалын

жұмсақ, жылтыр, қарқынды, сілтілі

реакцияға түсу, жану, тоқтату



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Барлығы/көпшілігі/кейбіруелері 1-топ металдары … болып табылады

Олардың барлығы/көпшілігі/кейбіреулері Х түсімен жанады/байланыс түзеді/сыртқы қаптама электрондарынан тұрады …

Суда, олар/кейбіреулері/1-топ металдары қарқынды/баяу ерітеді/сілтілі ерітіндіні тоқтатады



Олардың бірде-бірі түспейді/өндіреді/жанады/құрады/ Х ие.

Кейбір/барлық Х Y реакциямен түседі?

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары:

- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;


- Құрметтеу;

- Сыйластық;


- Ынтымақтастық;
- Ашықтық;
- Өмір бойы білім алу.

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Бейнебаян, презентация

Пәнаралық байланыстар

Физика (атом құрылысы)

Бастапқы білім

Бұрын өткізілген барлық тақырыптар, осы бөлім үшін қажет

Әсіресе металдардың салыстырмалы қасиеттерін айтарлықтай білу



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Мұғалім сабақтың барысында сабақ ХЭПЖ жайлы өтетінін хабарлайды.

Периодтық кестемен жұмыс жасау

http://www.ptable.com/ немесе http://periodictable.com/

1.ХЭПЖ канша топ және период бар?

2.Топ номерімен нені анықтауға болады?

3.Период номерімен нені анықтауға болады?

4.ХЭПЖ элементті Ме екенін қалай анықтауға болады?

5. Қай топта Ме орналасқан?


Презентация

http://www.ptable.com/

немесе

http://periodictable.com/





Сабақтың ортасы 6-12 мин

13 – 20 мин

21-35 мин
36-37 мин


Сабақтың тақырыбына шығу үшін бейнебаян көрсету.

https://twig-bilim.kz/film/alkali-metals-5693/



Бейнебаянға қатысты сұрақтар.

1.Не себепті берілген топ элементтері сілтілік металдар деп аталады?

2.Жоғарыдан төменге қарай топ белсенділігі қалай өзгереді?

3.Неліктен?

4. Сумен әрекеттескен кездегі реакция белгілері қандай?

5. Топтың қандай басқа заңдылықтарға сай өзгеру белгілері бар

6.Ең жеңіл сілтілік металл?
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік крийтерийлерімен таныстыру.
Оқушылармен атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін талқылау.
6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"

(*немесе бейнебаян көрсету)

Натрий металының сумен реакциясын демонстрация арқылы жүргізу: реакцияның сілтілік ерітінді түзетіне назар аударту. Содан оқушылар төмендегі кестені дәптерлеріне салып, толтырады.



Сілтілік металл + H2O → Сілті + H2

Реактив

H2O


Реакция теңдеуі

Қорытынды

Бақылау

Na









Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.



Орындау уақыты 15 мин

Тапсырма 1

  1. Белгісіз қосылыстың құрамында 4,6г натрий,0,2г сутек,2,4г көміртек және 9,6г оттек бар. Белгісіз қосылыстың формуласын анықтаңыздар.

m(Na)=4.6g Шешуі:
m(H)=0.2g 4,6/23 :0,2/1 : 2,4/12 : 9,6/16

=0,2:0,2:0,2:0,6/0,2 = 1:1:1:3 = NaHCO3

m(C)=2.4g

m(O)=9.6g

NaxHxCxOx =? Жауабы: NaHCO3
Тапсырма 2

2.Массасы 10 г сілтілік металл суда ерітілді. Нәтижесінде 2,87л (қ.ж.) сутек бөлінді. Суда еріген металды анықтаңыздар.

2Me +2H2O=2MeOH +H2

X - 22,4 л х = 78 /2 = 39 K

10г – 2,87л
Тапсыpма 3

3.Натрийдің карбонаты мен гидрокарбонатынан тұратын 60г қоспаны қыздарғанда 2,7г су түзілді. Қоспадағы натрий карбонаты мен натрий гидрокарбонатының массалық үлестерін есептеңдер


2NaHCO3 =Na2CO3 + H2O + CO2

Na2CO3 – ыдырамайды

n(H2O) = 2.7/18= 0.15*2=0.3 моль

Mr(NaHCO3) = 23+1+12+48=84г/моль

m(NaHCO3)= 0.3*84=25.2 g

60 – 100%

25.2 – x x=42% NaHCO3

w (Na2CO3)=100% – 42% = 58%



Бейнекөрсетілім «Сілтілік металдар»
https://twig-bilim.kz/film/alkali-metals-5693/

Қосымша 1


https://bilimland.kz/kk#lesson=10290
Натрий металы;

пышақ;


дистелденген су;

Бейнебаян


Қосымша 2



Сабақтың соңы

38-40 мин







Үй жұмысы

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: 8-9 тапсырмалар. 103 бет

Лайықты деңгей: 4,5 есептер

Шығармашылық деңгей:6,7 есептер



Қосымша 1

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

-сілтілік металдардың қасиеттерін біледі;



Көбісі:

-өз бақылауларын тексере алады және бақылауларын қорытындылай алады;



Кейбіреулері:

-химиялық реакция теңдеуін (оттегі, хлор, су) құрастырады және теңестіреді.



Өзара бағалау.

Сілтілік металдармен (әсіресе натрий) жұмыс жасау өте қауіпті.

Демонстрацияны қорғаныс көзілдірігінде өте абайлап өткізу керек.





Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Сабақ тақырыбы: Ғажайып химия

Сабақ мақсаты:

• Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып қызығушылығын арттыру. Оқушылардың пәнге ынтасын, қабілетін дамыту.

• логикалық сұрақтар, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәнерін, теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.

• білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге дағдыландыру


Сабақ түрі: Жарыс

Сабақ кезеңдері

1.Кезең “ Ұй тапсырмасы”

Бұл кезеңде оқушыларға үй тапсырмасы берілген.Тапсырма белгілі бір элементтің адам ағзасындағы роліне слаид жасап қорғау керек болады.

2.Кезең «Жорға»

Оқушыларға химиялық сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру арқылы ең жоғары баллға, яғни 5 баллға ие болады.

1.Оқушы

1.Оттектің атомдық массасы нешеге тең?

2. Заттардың қанша агрегаттық күйі бар?

З. Құрамындағы бөлшектер жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін

қоспалар қалай аталады?

4.Галогендер деп қандай элементтерді айтамыз?

5. Өзі ауыр металлға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.


2. Оқушы
1.Синтез дегеніміз не?

2. Өмір мен ойдың элементі?

3. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл

4. Химиялық құбылыс дегеніміз не?

5. Сабыр түбі сары ……

Қорытынды: жинаған ұпай сандары бойынша топ марапатталады.


3.Оқушы

1.Қан құрамында болатын элементті ата

2.Сілтілік металдарға қандай элементтер жатады?

3. Атомдық массасы 32 –ге элемент

4. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата.

5. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.


4.Оқушы

1.Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды.

2. Оттегі элементі қай топта орналасқан?

3. Сілтілік – жер металдары қай топта орналасқан?

4. Фосфордың реттік нөмері қанша?

5. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ


5. Оқушы

1.Физикалық құбылыс дегеніміз не?

2. Жай заттар дегеніміз не?

3.Күрделі заттар дегеніміз не?

4.Құрамындағы бөлшектер микроскоппен де көрінбейтін қоспалар қалай аталады?

5. Құрғақ жерде сақтайсың,



Онсыз тамақ татпайсың
3 Кезең. Химиялық портрет. Оқушылар осы суреттерді таңдап алып, химиямен байланыстырады.



Қорытынды: жинаған ұпай сандары бойынша оқушылар марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет