Сабақ тақырыбы 1-2-сабақ. Адамзат әлемі және құндылықтар Осы



бет2/4
Дата01.10.2024
өлшемі36,95 Kb.
#205414
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
03.09.24.10-сын

Ойшақыру. 4-тапсырма. Жұптық жұмысты орындатады. Оқушылар мәтін бойынша құндылықты қалай түсінетіндерін айтады, берілген кесте мен диаграмманы толтырады.
Дескриптор:

  • суреттерді сипаттайды;

  • мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

  • мәтін бойынша болжам жасайды;

  • басқа тілден енген терминдерді табады;

  • тірек сөздерді табады;

  • мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі. Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй смайликтері арқылы бағалайды.

Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін толықтырады.




Сабақтың ортасы

Ойқазына. 5, 6-тапсырма. «Тірек сөздер» стратегиясы. Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, мәтін бойынша өз ойларын айтады, сөз тіркестерін құрастырады.
Дескриптор:

  • тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • оқылым мәтініне қатысын айтады;

  • берілген сөздерді сын есімдермен тіркестіріп жазады.

«Есте сақта!» айдарымен берілген конспектіге қатысты мәліметті түсіндіреді, мәтін бойынша конспект жасаудың жолдарын көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздерін қалыптастыру үшін оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады.
7, 8-тапсырма. «Дана үкілер» техникасын қолданып, оқушыларға үнтаспадан мәтінді тыңдатады, негізгі ұғымдарды тапқызып, жаңалық болған ақпаратты дәптерлеріне жазғызады, талдатады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды, негізгі ұғымдарды табады, жаңалық болған ақпаратты дәптерлеріне жазады, мәтін мазмұны бойынша конспект жасайды.
9-тапсырма. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша күрделі жоспар құрғызады.
Күрделі жоспардың құрылымы:

  1. Мәтіндегі маңызды бөліктердегі тірек сөздерді табу.

  2. Мәтіндегі маңызды бөліктердің мағыналық компоненттерін анықтау.

  3. Тақырыптарды ретімен қойып жазу.

Дескриптор:

    • мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

    • мәтіндегі негізгі ойды табады;

    • мәтін мазмұнын талдайды.

Тілдік бағдар. Мұғалім интонацияның құрамдас бөліктері (әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс) туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.
11-тапсырма. Грамматикалық тақырыпты бекіту үшін тілдік бағдар бойынша интонациялық сөйлеу
ағымындағы маңыздылығына сәйкес топтастыру сызбасын толтырады.

Оқулық,
желімқағаз- дар







12-тапсырма. Берілген сөйлемдерді интонациясына сай оқытады.
Дескриптор:

  • грамматикалық тақырыпты меңгереді;

  • интонацияның құрамдас бөліктерін сипаттайды;

  • сөйлеу барысында интонацияның негізгі компоненттеріне мән береді.

«ПОПС» формуласының негізінде оқулықтағы 13- тапсырманы орындатады. Сыныпты топқа бөледі, берілген мәтінді оқытады, құндылықтардың түрлеріне қарай өз ойларын айтуын сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет