Сабақ тақырыбы: §1, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты



бет47/66
Дата14.04.2017
өлшемі7,84 Mb.
#13894
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 35-ж. №2, 36-ж.№3, №4.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: : §53. §54.Жұмыс.Қуат. 35-ж. №1, 36-ж.№1, №2.

7- сынып

Сабақ тақырыбы: §55. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.

1. Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?

  2. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталыд?

  3. Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?

  4. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?

  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

  6. Қуат дегеніміз не?

  7. Қуатты қалай есептеуге болады?

  8. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

  9. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.




Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.

Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.

Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.

Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде

1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.



Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.



Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.



Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет