9-сынып қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
13-14/қараша
|
Қазақ әдебиеті
45 минут
|
9-сынып
|
Сабақ тақырыбы:
|
1980 жылдардан бергі ақындар айтысы
|
Жалпы мақсат:
|
Айтыстың әдебиет тарихынан алатын орны мен маңызын түсіндіру. Айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде оқушыларға жан-жақты жеткізу.
|
Сілтеме:
|
Қазақ әдебиеті оқулығы, хрестоматия , айтыс кітаптары.
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
АКТ пайдалана біледі. Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Әр түсінікке өз көзқарасын білдіреді. Оқушылар айтыстың мағынасын аша алады. Шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры дамиды.
|
Негізгі идеялар:
|
Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Айтыскер ақындар кітабы, суреттер, демонстрациялық материал, сызбалар, бейне жазбалар, үнтаспа.
|
Оқыту әдістері:
|
Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс, диалогтық оқыту
|
1.Жеке жұмыс
2.Топтық жұмыс
3.Жұптық жұмыс
|
Дерек көздері:
|
Ғаламтор, ақындар айтысынан үзінділер жинау
|
Ойлау деңг.
|
Мақсат
|
Күтілетін нәтиже
|
Түрткі
(сұрақ, тапсырма, жағдаят)
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Білу
|
Айтыстың әдебиет тарихынан алатын орны мен маңызын түсіндіру. Айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде оқушыларға жан-жақты жеткізу.
|
Айтыс өнерінің құндылығын ұғынып,әр тақырыпта жазылған айтыс өлең-жырлардың мәнін ашады
|
1.Ойға шабуыл: тренинг, топқа бөліну.
2. Айтысқа түсетін ақынға ең алдымен не керек? (кластер жазғызу)
|
Тренинг «Сөз шебері»
Білетін айтыскер ақындардың аттарын топтастыру
Оқушылардың ойымен бөлісу, өз ойларын тыңдау, оқуға талпындыру.
|
1.Суреттер арқылы топқа топтау.
|
Әрбір жасаған жұмысты бағалап отыру.Кестеге түсіру
|
|
|
Түсіну
|
Халықтың өмірде көрген білгендерінен жасаған ой түйінін ұғындыру, айтыстың тілін меңгерту.
|
Әдебет теориясыннан алған білімдерін кеңейтеді
Айтыстың түрлерін мағынасын ашады.
|
1. Айтыскер ақындар тілі
|
Айтыс өлеңдері арқылы әңгіме дебат құрғызу
|
Адамдар
бойындағы жақсы мен жаман
қасиеттерін өлең жолдары арқылы айтқызу
|
Айтқан қасиеттер арқылы бағалап отыру.
|
Қолдану
|
Шығармашылық
қабілетін арттыру
|
Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алатынын ұғады.
|
а) Рөлдік ойын: айтыстың түрлеріне байланысты қызықты жайдарман құрғызу»
|
Әр топқа қызықты жайдарман құрғызу
|
1)оқушылар өз ойларын дамыта
отырып, рөлге кіріп, қызықты
етіп көрсетеді
|
Көрсеткен жайдармандарын бағалау
|
Талдау
|
Дәлел табуға нұсқау. Әр топ өздеріне берілген қалпақ бойынша нақты дәлел табуға талпынту;
|
Дәлелдеуге дағдыланады, демек, машықтанады.
|
Постер құру: «Ақындар айтысы»
|
6 қалпақ бойынша
Қалпақты бір топтан үш оқушы келіп, таңдайды. Әр топ өз қалпағының түсіне қарап, анықтаманы өздері айтыс түрлеріне байланысты табады
|
Берілген қалпақ бойынша өз
ойларын нақты, түсінікті қылып
жеткізеді
|
Әр қалпақты сөйлеген сөздеріне байланысты бағалау
|
Синтез /Жинақ-тау/
|
Ереже кестесін құрастыруда жинақылық таныту.
|
Қажеттілігін салыстыра отырып, жинақтайды.
|
а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, нақты ережеге сай кесте құру.
|
Әр топтан 1 оқушыдан алдымызға шығып, ыстық орындықта отырған оқушыға 6 қалпақ бойынша сұрақ қояды
|
Екі топ жарысады
Екі оқушыға қарсылас топ
өздеріндегі қалпақ бойынша
сұрақ қояды.
|
Сұраққа жауап берген оқушылар бал жинайды
|
Бағалау
|
Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.
|
Ойланып шешім қабылдайды, ізденуге жол табады.
|
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі
|
«Кім» жылдам» ойыны сұрақтар қоямын, оқушылар тез жауап беру керек.
Кім көп қысқарған сөздер құрастыра алады?
|
Қорытынды слайд бойынша
оқушылардың білімін бағалау
|
Қорытынды бағаларын журналға қою
|
Достарыңызбен бөлісу: |