Сабақ тақырыбы: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары


Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы



бет6/14
Дата30.12.2021
өлшемі258,6 Kb.
#106805
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ТАРИХ 6ТАП ҚОНАШ Г (1)
6. Магнит өрісі
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.

Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. Тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.) 1950 жылдың соңында Қазақ КСР ҒА жүйесінде 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, 19 институт, 13 секторы 2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база жұмыс істеді. 500 ге жуық аспирант оқыды.



1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет