Денелердің электрлік өзара әрекеттесу қасиетін сипаттайтын физикалық шама электр заряды деп аталады.
Көрсетілетін тәжірибелер:
Электр зарядының сақталу заңы: тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылыстарының барлығында да электр зарядтарының қосындысы сақталады.
q1+q2+...+qn=const
Денелердің электрленгенін білуге арналған құрал – электроскоп., электрометр.
Бос электр зарядтары қозғала алатын заттарды өткізгіштер деп атайды.
Жартылай өткізгіштерге: германий, кремний, селен т.б. жатады.
Электр зарядтары еркін қозғала алмайтын заттарды оқшаулағыштар немесе диэлектриктер деп атайды. Оларға: шыны, фарфор, кварц, плексиглас, резеңке, дистильденген су, керосин, әр түрлі майлар, газдар жатады.
Видеофильм арқылы денелердің электрленуі туралы тәжірибелер көрсету.
IV. Пысықтау.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§28. 29. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер. №5 –эксперименттік тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |