Сабақ 2
Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері
Сабақтың мақсаты: Оқушылар адам эволюциясының бағыттарын, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектерін үйренеді.
Оқушылар өз ойын жеткізе білуге, дәлелді пікір айтуға дағдыланады.
Оқушылар еңбексүйгіштікке, бірлікке тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар адам эволюциясының бағыттарын, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектерін түсінеді.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типы: Аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Шағын топтық жұмыс, крестиктер мен нөлдіктер, ойлан-бірік-бөліс, сұрақты ұстап ал, шежіре құрастыру әдісі
Құрал-жабдықтар, көрнекілік: плакат, маркер, бейнематериал т.б.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 11-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, интернет көздерінен алған бейнематериал
Кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Ұйымдастыру
2 минут
|
Оқушылармен амандасу
Топқа бөлу
|
Амандасу
суреттері арқылы топқа бөлінеді
|
2.Үй тапсырма-сын сұрау
5мин
|
Топтастыр: Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.
Белгілері
|
дәлелдемелері
|
1,3,8,10,13,14,16
|
Анатомиялық
|
2,6
|
Эмбриологиялық
|
5,7,9,10,11,15
|
Физиологиялық
|
4,12
|
Палеонтологиялық
|
1. Құлақ қалқанының болуы. 2. Адамның дамуы жатыр ішінде ұрықтанған жұмыртқадан басталуы. 3.Адам тәрізді маймылдар жоғары дәрежелі жүйке қызметі жақсы дамыған. 4. Қазбадан табылған тұқымды шаңжапырақ. 5. Қан құрамының ұқсастығы. 6. Дамудың алғашқы кезеңіндегі желбезек саңылауының болуы. 7. Маймылдарда адамға ұқсас қуану, ызалану, қайғыру сезімі. 8. Ортаңғы құлақта 3 дыбыс сүйегінің болуы. 9. Кездесетін ауру түрлерінің ортақтығы. 10. Көкет, сүт бездерінің , тістерінің жіктелуі. 11. Ұрпағына мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасау . 12.Археоптерикс, Австралопитектердің табылуы. 13. Рудимент ,атавизм мүшелерінің болуы. 14. Миының балыққа ұқсауы, клоакасының болуы. 15. Жазалау сезімдері болады. 16. Хромасомаларының ДНК молекулалары мен генднрдің жиынтығы ұқсас.
|
Тапсырманы орындайды , сәйкестігін табады.
|
ІІ.
"Шежіре"3 мин
|
Приматтар отрядының шежіре картасын сызу.
Дриопитектер-раманопитектер-аустралопитектер-епті адамдар-архантроптар- неоантроптар
|
Ақылдасады , Шежіре құрастырады
Бағалау парағына топтық жұмысқа қатысып, түйінді ой айтқан оқушыларды топта ақылдасып, критерийлер бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
|
3.«ЗЕРТТЕЙІК -ЗЕРДЕЛЕІК ТАНИ БІЛУ »
6 мин +4мин
|
1 топ. Ежелгі адамдар
2топ. Ертедегі адамдар
3 топ. Қазіргі адамдар
ЖОСПАРЫ:
1. Аты
2. Тіршілік еткен уақыты
3. Сыртқы келбеті
4. Ми көлемі
5. Еңбек құралдары
6. Тұрмыссалты
|
-Топ бойынша оқығандарын түсіндіреді, топта талдап, спикер оқушылар тақырыпты айтады.
|
"БҰЛ Не?"1мин
|
Сурет бейне бойынша сураққа жауап беру
|
Суретті мұқият қарап,өз тұжырымын айтады
|
Ой толғаныс
Жұптық жұмыс
Бекіту
5мин
|
Сәйкестігін табу
А. Ежелгі адамдар
В. Ертедегі адамдар
С. Қазіргі адамдар
1.Архантроптар
2.питекантроптар
3. краманьондықтар
4. Тік жүретін адам Homo erectus
5. синантроп
6. Гейдельберг
7. Неандертальдық
8. Саналы адам Homo Sapiens
9. бойы 170-180 см
10. миының көлемі 1600 см куб
11. 40-45 мың жыл бұрын өмір сүрген
12. 200-300 мың жыл бұрын өмір сүрген
13. бойы 160-165 см
14. миының көлемі 1400 см куб
15. миының көлемі 1100 см куб
16. 1-1,5 млн жыл бұрын өмір сүрген
|
Дәптерлеріне жазып алады
жұмысын қорғау
орындарына сәйкестендіреді
|
ІҮ. "Полиглот"
2мин
|
Латын. аударғанда "питекантроп" қандай мағына білдіреді:
Кытай адамы
Маймыл адам
Человек умелый
Тік жүретін адам
|
Мағынасын табады,орындарына сәйкестендіреді
Жұптық жұмыс орындайды. Суретті құрастыру арқылы, түсіндіреді
|
Тест
6мин
|
1. Рудиментті табыңыз:
а) түкті адам; ә) аппендикс; б) құйрықты бала.
2. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? а) Ж.Б.Ламарк; ә) Ф.Энгельс; б) Ч.Дарвин.
3. Адамның тарихи дамуы:
а) онтогенез; ә) филогенез; б) антропогенез.
4. Жеке түрлердің өз ата тектерінің белгісіне қайта оралуы қалай аталады?
а) рудимент; ә) атавизм; б) гомологиялық мүше.
5. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау, антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады?
а) әлеуметтік; ә) биологиялық; б) экологиялық.
6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес антропогенездің қай факторына жатады? а) әлеуметтік; ә) биологиялық; б) экологиялық.
7. Адамның шығу тегін, дамуын, қалыптасуын зерттейтін ғылым:
а) палеонтология; ә) эмбриология; б) антропология.
8. Адамда соқырішек, үшінші қабақ ата тегінен қалған белгілерге жатады. Осындай белгілердің ғылыми атауы: а) рудимент; ә) атавизм; б) гомология.
9. «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім?
а) К.Линней; ә) Ф.Энгельс; б) Ч.Дарвин.
10. Адам тәрізді маймылдар қуанады, ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды, сезім мүшелері, қан құрамы, ауру түрлері ұқсас болады. Бұл қандай дәлелдемелерге жатады?
а) анатомиялық ә)физиологиялық;б) палеонтологиялық
Жауаптары: 1 – ә, 2 – б, 3 – б, 4 – ә, 5 – а, 6 – ә, 7 – б, 8 – а, 9 – а, 10 – ә
|
|
Ү. Үйге тапсырма
2 мин.
|
-үйге тапсырма береді;
-Қорытындылайды, қоштасады.
|
|
Бағалау 3мин
|
Топ басшылары баллдарын санайды
|
Топ мүшелерін бағалайды
|
ҮІ. Рефлексия
2 минут
|
"интервью" әдісін пайдалана арқылы сабаққа рефлексия жасайды
|
Сабақтан алған пікірлерін жазады, іледі
|
р/с
|
Аты-жөні
|
«Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері»
|
"Шежіре"
|
.«ЗЕРТТЕЙІК -ЗЕРДЕЛЕІК »
|
"БҰЛ Не?"
|
Сәйкестігін табу
|
"Полиглот"
|
Тест
|
ЖАЛПЫ ҰПАЙ
|
|
|
5мин
|
3мин
|
6+4
|
1мин
|
5мин
|
2мин
|
5мин
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Биология 11
Сабақ 3
Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері 11 сынып
Мақсаты: 1. Оқушыларға адамның шығу тегі антропогенез тарауы бойынша білімдерін толықтыра отырып, дамыту. Эволюция ғылымы мен дүниетанымын кеңейту.
2 . Адамдардың шығу тегі туралы ақпараттар бере отырып, адам нәсілдері туралы білім беру.
Достыққа , татулыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие қалыптастыру, биологиялық білімнің құндылығын түсіндіру.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдісі: жеке және топпен жұмыс, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, өзі-өзі бағалау. Т.б.
Көрнекілігі: Адам бассүйегінің муляждары, қанатты сөздер, электронды оқулық, кестелер , суреттер.т.б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, тарих т.б.
«Адамды адам еткен – еңбек»
Сабақтың кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушынның іс-әрекеті
|
1. Психалогиялық ахуал туғызу
4мин
|
(Зейінді жаттықтыру)
Оқушыларға 20 сөз оқылады. Одан кейін оқушылар қалам алып, естерінде қалған сөздерді жазады. Мұғалім қанша сөз жазылуына байланысты оқушылардың зейін көлемін анықтап айтады.18 ден жоғары өте зейінді.13-17-ге дейін жақсы 8-12 дейін орташа, 2-7 төмен.
Сөздер: Жасуша, эукариот, вирус, араморфоз, прокариот, гомология, палеонтология, микроэволюция, бактерия, құс, сүтқоректі, микроорганизм, саңырауқұлақ, өсімдік, эволюция, рудимент, атавизм, сөз,еңбек, қоғам.
|
Тыңдайды , жазады сабаққа деген ынтасы көтеріледі
|
Топтарға бөлу
Түрлі кесінділер беріледі ,мозайка құрасту арқылы шағын топтарға бөліну
|
Оқушылар түрлі кесінділер таңдап, сол бойынша мозайка құрастырып ,топқа бөлінеді.
|
«Ойлан ,тап » 7 мин
|
1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым. (Антропология )
2. Адам пайда болған заман (Кайнозой)
3. Адамның тарихи дамуы ( Антропогенез)
4. Адамның қазып алынған сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеоантропология)
5. Крамоньондықтар кімдерге жатады? (Саналы адамға)
6. Қандай адамтәрізді маймылдың бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға ұқсас болады? (Гиббон )
7. Қандай адамтәрізді маймылдың 385 анатомиялық белгілері адамға ұқсас? (Горилла)
8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? (Ч.Дарвин )
9. Өте ертедегі адам – Қытай адамы (Синантроп )
10. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады? (Әлеуметтік )
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Топтық жұмыс 6+4 мин
|
1топ «Монголоид»
2топ «Негроид»
3топ «европоид»
нәсілдердің ерекшеліктерін постер құрастыру ,қорғау
|
Ойланады құрастырады топ мүшелерімен ақылдасып құрастырады.
|
Жеке жұмыс
6 мин
|
«Веер» әдісі арқылы тексереді
А4 парағынан таратып беру
«Сұрақ-жауап»
Оқушылардын алдына бірі сары, ал енді бірі қызыл стикерлер таратам.
Стикер таратып шығады
|
А4 парағын, гармошкалап оған тақырыптың негізгі түйінінен оқушылар сұрақ түзеді және бір –біріне алмасып жауап іздеп жазады, талқылайды
Қызыл стикерге бір сұрақтан жазып шығады да, сағат тілімен орын топтар алмасады да сол алдарындағы қарсыластар жазған сұрақтарға қызыл стикерлерге жауап жазады. Және қайта орындарына келеді де , жаңағы жазған жауаптарды дұрыс не бұрыстығын талқылайды. Бағалайды.
|
Бірнеше жауаппен құрастырылған тест
6 мин
|
Тақтаға тест сұрақтары көрсетіледі , жауаптары жоқ жауаптарын оқушыларға құрастыруға ұсынады .
А-В деңгей -бірнеше дұрыс жауаппен
С-деңгей - 1 дұрыс жауппен
құрастыруға
|
А-В деңгей -бірнеше дұрыс жауаппен
С-деңгей - 1 дұрыс жауппен
құрастырады .
АВС-деңгейлі оқушылар тақтаға шығып нұсқаларын жазады ,талдайды дұрыс жауабын береді.
Оқыды, талдайды, дұрыс жауаптарды анықтайды
|
Сәйкестігін тап
Интерактивті тақтамен жұмыс
5 мин
|
Сәйкестігін тап
Флипчатттағы тапсырманы орындайды
|
Тапсырмалар орындайды сәйкестендіру . Оқушылар ойланып, тапсырмаға жуап береді
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Эссе жазу:
Адам немесе нәсіл тақырыбына.
|
Тапсырманы күнделікке жазады
|
Рефлексия
5мин
|
Синквейн құру
Зат есім: Адам.
Сын есім: ардақты, күрделі. (қабілетті, дарынды)
Етістік: Дамиды, ойлайды, сезінеді. (көбейеді, өседі, т.б.)
Бірінші сөзге қатысты көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
Адам деген ардақты ат.
Синоним: Адамзат. (пенде) Тұлға. Индивид.
|
Құрастырады ,оқыды
|
Сызықтық диктант. Дұрыс болса, қате болса, — белгісі қойылады.
Адамның шығу тегі мен тарихи дамуын зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. +
Жануарларды омыртқалылар және омыртқасыздар деп екіге бөлген, «эволюция» және «биология» терминін енгізген Ч.Дарвин.-
Епті адам « Homo erectus» деп аталады. –
Ата-тектің белгілерінің қайталануы рудименттік белгі деп атайды.-
Ч. Дарвин «Адам- тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны» деп көрсетті.+
Еңбек- адам эволюциясының негізгі факторы.+
Антропогенез адамның шығу тегін зерттейтін ғылым.+
Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу әлеуметтік фактор.-
Жауабы: + – – – + + + –
Достарыңызбен бөлісу: |