№64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектеп бастауыш пәні мұғалімі Насирова Инобат Тургунова Ашық сабақ
Тақырыбы: 3-ті қосу кестесі
С/мақсаты:
Білімділік: 3 – ті қосу кестесін құру, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тақырыпты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу.
С/көрнекілігі: Стикерлер, смайликтер, автобус, аялдамалар, үлестірмелі қағаз кесте.
С/кестесі: Ұйымдастыру
А) салемдесу
Ә) оқушыларды сабаққа даярлау
Б) балаларды жайғастырып тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.
«Күлімде, күн күлімде!
Күлсін барлық бала- шат!
Берекелі бүгіндей!
Бейбіт болсын болашақ!»
Балалар математика сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонағымызға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.
А) Сабағымызды бастамас бұрын біз бір – бірімізге жылы сөздер айтайық (балалар кезектесіп жақсы тілектер айтады. Мысалы: Белсенді болайық, сабақты жақсы оқиық, әдепті болайық, ақылды болайық, ұқыпты болайық.
Мұғалім оқушыларға: Дос болайық бәріміз
Жарассын достық әніміз
Иықтасып жүрейік
Қиындықта бәріміз.
Бүгінгі математика сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз жақсы болу үшін өткенді қайталап қосуға және азайтуға есептер шығарамыз, тапсырмалар орындаймыз. Бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Кім тапсырманы орындай алмаса жолда түсіп қалады. Сондықтан бәріміз сабаққа араласып отыруға тырысайық. Саяхатқа біз мына көңілді автобусбен шығамыз. Ол үшін сендерге билет алу керек. Ал мен сендерге билеттің орнына есептері бар парақшалар таратамын.
3 + 3 2 + 2 7 + 2 4 + 2 5 + 3 6 + 3
8 – 1 7 – 3 6 – 2 5 – 4 4 – 2 3 – 1
Есепті шығара алған бала автобуспен саяхатқа барады. Орындай алмаса қалып қояды.
Жақсы, тапсырманы орындап болдық. Бәріміз жол жүруге дайынбыз ба?
Мен жүргізушінің көмекшісімін.
Құрметті жолаушылар!
Біздің автобусымыз саяхатқа бірер минуттан кейін аттанады, ұқыпты, тәртіпті болыңыздар.
Есік жабылды.
Сапарларыңыз сәтті болсын!
Жолымызды қысқартып, келесі аялдамаға тез жету үшін біз мынадай математикалық диктант шешейік.
ІІ үй жұмысын тексеру .
99-бет жасыл қоршаудағы есеп.
Математикалық диктант. Бір қолында неше саусақ бар ?
Бір аптада неше күн бар?
7 мен 9 – дың арасындағы санды ата
Бірінші қосылғыш – 7, екінші қосылғыш – 2 мәні қанша болады?
10 – ның алдындағы сан
Мінекей, 1 – ші аялдамаға да келіп жеттік.
Жаңа сабақ:
Бұл «Білім аялдамасы».
Мұнда сендерді мынадай тапсырмалар күтіп тұр:
Дәптермен жұмыс
«Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық».
( айы, күні) көркем жазу 3. Кестемен жұмыс 3 санының құрамы.
Біздің автобус қалай жүріп келеді. (шапшаң, тез) Көңіл күйлерің қалай? Көңілді отырсындар ма? Саяхат ұнап жатыр ма? Онда кішкене демалыс аялдамасына тоқтап кішкене демалып алайық.
Қызыл өрік (би)
Сапараымызды жалғастырайық.
1-есеп
Суретте нелерді көріп тұрмыз? (домино). Сол домино ішіндегі дөңгелекшелерді қосып есеп шығарайық.
5+3=8 6+3=9 7+3=10
8-3=5 9-3=6 10-3=7
Ереже:
Бірінші қосылғыш пен екінші қосылғышты қосқандағы мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ бірінші қосылғыш шығады. Мұны кері амалдар дейді.
3-есеп.
Кесінділердің бірінен ұзын және екіншісінен қысқа кесіндінің түсі қандай? Одан 3см ұзын және 3см қысқа кесінді сыз. Өзің сызған кесндінің ұзындығын салыстыр.
Сары 4см . 7см. 1см. 7см ұзын.
5-есеп
Болды-6 берді-3
Қалды-3.
3.Сынақ аялдамасы. Бұл аялдамада «Шатаспақ» ойыны
1. 2 жылқының неше аяғы бар? 8
2. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? ( Міну керек)
3. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)
ІІІ Әлі аялдамаға жеткен жоқпыз. Олай болса жету үшін оқулықпен жұмыс жасап жіберейік.
Геометриялық фигураларды ата.
Соңғы аялдамаға да жақындап қалдық. Олай болса соңғы аялдамаға жету үшін мына тапсырмаларды орындайық. Математикалық эстафета. Тақтамен жұмыс. Екі қатар жарысады.
6 + 0 = 4 – 3 =
10 – 3 = 8 + 2=
4 + 3= 9 – 1=
8 – 8 = 9 - 3 =
7 + 3 = 7 - 2 =
5 – 3= 3 + 2 =
Соңғы аялдама:
IV. Сабақты пысықтау:
Сабақта белсенді араласқан оқушыларды атау.
Саяхат ұнады ма?
Ал енді мен жүргізушінің көмекшісі ретінде сендерге бір сөзді жасырдым сол сөзді шешіп көрейік.Сандарды ретімен орналастыра отырып, оқып сөзді табу.