Сабақ тақырыбы: §33. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық §35. Ультрадыбыс



Дата25.08.2017
өлшемі165,92 Kb.
#27530
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі

Мерзімі:23.01.2016 ж ___________________



Пән аты: Физика

Сыныбы: 9 «а,ә,в»

Сабақ тақырыбы: §33. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық.. §35.Ультрадыбыс.

Сабақ мақсаты:

  1. Дыбыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық туралы оқушыларға түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, камертондар, домбыра

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Дыбыс деген не?

  2. Дыбыс қалай таралады?

  3. Вакуумда дыбыс тарала ма?

  4. Дыбыс жылдамдығы таралу ортасына байланысты ма?

  5. Дыбыстың қандай сипаттамаларын білесіңдер?

  6. Музыкалық дыбыстар деген не?

  7. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?

  8. Дыбыс тембрі деген не?

  9. Негізгі тон, обертон деген не?

  10. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.





Дыбыстың шағылуы.

Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.

Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.

Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.





IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 28-жаттығу. №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §33- §35. 27-жаттығу, №1, №2 . 28-жаттығу, №1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет