Сабақ Тақырыбы: (6-сынып үшін) Мұғалім: Кульпеисова А. Ж



Дата10.06.2017
өлшемі49,72 Kb.
#19026
түріСабақ
«Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №25 НЖББ мектебі» ММ

Ашық сабақ

Тақырыбы:
(6-сынып үшін)

Мұғалім: Кульпеисова А.Ж.

Қостанай қ. 2014 ж.

Тақырыбы: Теміржол көлігі. Жалғауларды қайталау.


Мақсаты: Теміржол көлігі туралы оқушылардың сөздік қорын байыту. Жалғаулардың түрлері бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: география
Әдісі: Сұрақ-жауап, ми шабуылы
Сабақ түрі: саяхат-сабақ
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сабақта кім кезекші?

  2. Бүгін сыныпта кім жоқ?

  3. Бүгін нешесі?

  4. Қазір қай жыл мезгілі?

  5. Бүгін аптаның қай күні?

  6. Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

  7. Бүгін ауа райы қандай?

  8. Көңіл күйің қандай?

  9. Үй жұмысы не болды?

І. Түсті төртбұрыштардың артында сурет жасырынып тұр. Кез келген түсті таңдап алып, ашыңдар. Суретті табыңдар.

ІІ. Бүгінгі тақырыбымыз: Теміржол көлігі.

ІІІ. Сөздікпен жұмыс:

Теміржол көлігі – железнодорожный транспорт

Темір жол – железная дорога

Пойыз – поезд

Жүрдек пойыз – скорый поезд

Жолсерік – проводник

Жолаушы – пассажир

Бекет – станция

(Ауызша сөздерді қайталап, сөздікке жазу)

ІV. Кім біледі, вагонның қандай түрлері бар?



  1. Купе вагоны

  2. Плацкарт вагоны

  3. Жалпы вагон

Олардың қандай айырмашылығы бар?

Бүгін біз сендермен Қостанайдан Астанаға дейін пойызбен барамыз. Ең алдымен, әрқайсымыз пойызға билет сатып алу керекпіз. Кім қандай вагонға отыратынын тапсырма арқылы анықтаймыз.

Тапсырмалар:

Купе вагоны:

Сөйлемдерді дұрыс құрастыр:

Вокзалы, теміржол, бар, қалада. Вокзалдың, тұр, жолаушылар, алдында.

Тұр, қасында, вокзалдың, жүрдек пойыз.


Плацкарт вагоны:

Сөйлемдерді аудар:

Менің әкем теміржол бекетінде жұмыс істейді.

Вокзалдың ішінде кассалар, асхана, дәріхана бар.

Біз жүрдек пойызбен Астанаға барамыз.
Жалпы вагон:

Сөздерді буынға бөл. Түрін ажырат:

Вокзал, перрон, теміржол, билет, жолсерік.
(Оқушылар отыратын вагондарын анықтайды)
Оқушыларға жол картасы көрсетіледі.

Қостанай қаласынан Астанаға дейін саяхат.

1-бекет: Тобыл

1-топ: (купе вагоны) тапсырма

«Жолсерік» сөзін жікте

2-топ: (плацкарт вагоны) тапсырма

«вокзал» сөзін тәуелде

3-топ: (жалпы вагоны) тапсырма

«билет» сөзін септе
2-бекет: Аманқарағай

Тапсырма: Қатені тап: (флипчарт)

Қаладе теміржол вокзалі тұр. Вокзалдің ішінда қонақ үй бар. Вокзалдің алдынде жолаушылер тұр. Ал вокзалдің артынде жүк вагоні тұр. Вокзалдің қасынде жүрдек пойыз тұр. Вокзалдің астынде жүк қоймасі бар.

3-бекет: Есіл

Пойыздар тарихынан

Ең бірінші паровоз Уэльс қаласында 1804 жылы 21 ақпанда пайда болды. Оны ойлап тапқан – ағылшын құрастырушысы Ричард Трезивик. Оның жылдамдығы 8км/с болды. 1825 жылы ағылшын құрыстырушысы Джордж Стивенсон алғашқы жолаушылар пойызын құрастырды. Оның жылдамдығы 25 км/с болды.

Қазіргі пойыздардың жылдамдығы – 500 км/с. Ондай жылдамдықпен жүрдек пойыздар қозғалады. Ең бірінші жүрдек пойыз 1964 жылы 1 қазанда Жапонияда пайда болды.

Тапсырма: 1-топ мәтінді аударады

2-топ мәтіннен жалғауларды тауып, түрін ажырату

3-топ жаңа сөздерді тауып, аудару.

4-бекет: Жақсы

Грамматикалық тапсырма (флипчарт)



  1. Мен вокзалдың қасында ....

тұрамын

тұрасың


тұрады

  1. Әсет ертең ... Астана қаласына барады.

пойызда

пойызбен


пойызға

  1. Олар кассадан билет сатып ....

алдым

алдық


алды

  1. Мен .... қай вагонға отыратынымды сұрадым.

жолсеріктен

жолсерікті

жолсерікпен


  1. Менің .... купе вагонына билет сатып алды.

әпкесі

әпкем


әпкеңіз

  1. Біздің отбасымыз көп ..... аралады.

жердерді

жерларды


жерлерді

  1. Бүгін сабақта біз қызықты тақырып .....

өттік

өтті


өттің
5-бекет. Атбасар

Мәтін арқылы сұрақтар құрастыру. (2 минут) Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.


6-бекет Астана Минидебат (қорытындылау)

Пойыздың жақсы жақтары көп.



Сөздікті тексеру.
Оқушыларды бағалау
Үй жұмысы: «Вокзалда» диалог құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет