Сабақ тақырыбы: 7-сабақ. Менің ұстаздарым



Дата19.12.2016
өлшемі36,53 Kb.
#4199
түріСабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

______ Қ. Төлегенова

____ ____2015ж
2-сынып «Өзін-өзі тану»

Сабақ тақырыбы: 7-сабақ. Менің ұстаздарым

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

  • Ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, түрлі түсті қарандаштар.

Шаттық шеңбері:

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір- бірімен сәлемдеседі. Оқушылар үнтаспаға қосылып, «Жарқын жүзді ұстазым» әнін бірге айтады.



Жарқын жүзді ұстазым

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын  тарттың жаныңа,

Шәкіртім  деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның  осыдан

Басталғанын  түсіндім.

Мейір  толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешірерсің кінамды.

Әңгімелесу
Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
- Ұстаз деп кімдерді айтамыз?
- Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсыңдар?
- Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?


Ойын
Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы да ашуға болады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында өлең оқу ұсынылады. «Ұстаз» өлеңі (А. Сопыбеков)

Ұстаз

Күлімдеген,

Күнім деген,

Қамқор болған ұстазым.

Жаны жайсаң,

Жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын.

Бәрін білген,

Білім берген

Жас ұрпаққа талмастан.

Әрбір жастың –

Қарылғаштың

Көңіл сырын дәл басқан.

Талаптанып,

Қанаттанып...

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып...

Азамат боп шығамыз.



Тапсырма
Мұғалім ұстаз ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз ойларын пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер»


Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген «Жаңа ақпаратты» талдау арқылы ұстаздың адам өміріндегі маңызы түсіндіріледі.
Оқушыларға мұғалім еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа ақпаратпен танысу ұсынылады.


Мәтінмен жұмыс
Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіну үшін «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.
Қорытындылау
Дәптермен жұмыс

Тыныштық сәті:
Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денесін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз, жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың исін сезінесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз(тыныштық).



Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыныз. (тыныштық) көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз(тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана – табиғатқа «рахмет» деп айтайық.

Тапсырма:
«Менің ұстазым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.


Жүректен жүрекке
Балалар мұғалімді ортаға алып, өз тілектерін арнап, ұстаздарымен қосылып ән айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет