Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үшбұрыштар Сабақ тақырыбы: 7-сынып геометрия курсын қайталау. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.3.4 үшбұрыштың теңдік белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану Сабақтың мақсаты: - үшбұрыш теңдігінің белгілерін қайталау; - үшбұрыш теңдігінің белгілерін қолданып есептер шығару.
Сабақтың басында: - оқушылардың назарын сабаққа аудару; - оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын/оқу мақсатын анықтау; - сабақтың соңында оқушылардан күтілетін нәтижелерді анықтау. 7-сынып геометрия курсының негізгі ұғымдарын қайталау. Жазықтықтағы қарапайым фигуралар: Мұғалім оқушыларға жазықтықтағы негізгі фигураларды (нүкте, түзу) және олар арқылы құрастырылатын қарапайым фигураларды (бұрыш, кесінді, жартытүзу, үшбұрыш және әртүрлі көпбұрыштарды) ескі түсіруді ұсынады. Оқушылар еске түсіреді және анықтамаларды айтады, тақтада сызбаларын салады, фигуралардың белгіленуіне назар аударады. Білімді жаңғырту Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Өткен жылы біз ежелгі және қызықты ғылым геометрияны оқып бастадық. Сабақта әртүрлі геометриялық фигуралармен, олардың қасиеттерімен, белгілерімен таныстық. Үлкен қызығушылық туғызатын фигуралардың бірі - «ҮШБҰРЫШ». Мысалы, слайдта ою-өрнектегі үшбұрыштарды көруге болады. Біздің бүгінгі сабағымыс осы үшбұрышқа, дәлірек айтсақ, оның теңдігінің белгілеріне арналады». Оқушылар үшбұрыш теңдіктерін еске түсіріп, ауызша айтып шығады. Үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін білуге арналған тапсырмалар Үшбұрыштың теңдігінің белгілері бойынша «Лото» ойынын өткізу (жұппен). Жұмысты орындауға 4 минут уақыт беріледі. Әрбір жұпта екі түрлі карточка болады: үшбұрыштар және белгілерінің нөмірлері. Әрбір суретке сай келетін белгінің нөмірін сәйкестендіру керек. Жұмыс аяқталған соң жұпта өзара бағалау жүргізеді. Өзара бағалау
Бағалау критерийлері: - үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін сурет бойынша ажыратады; - үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісін сурет бойынша ажыратады; - үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісін сурет бойынша ажыратады; - тең элементтері жетіспейтін үшбұрыштарды сурет бойынша ажыратады. Әртүрлі нұсқада берілген өзара тексеруге арналған математикалық диктант (жеке жұмыс). Тапсырма: сұрақты мұқият тыңдап, егер тұжырым дұрыс деп ойласаңыз «ИЯ» деп, егер тұжырым дұрыс емес деп ойласаңыз «ЖОҚ» деп жауап беріңіз. Жұмыстың орындалуына 3 минут уақыт беріледі. Кейін оқушылар жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізеді. Әрбір нұсқаға арналған дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі. 1-нұсқа. 1. Егер үшбұрыштар тең болса, бірінші үшбұрыштың әрбір бұрышы екінші үшбұрыштың әрбір бұрышына тең болады ма? (жоқ) 2. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір қабырғасына екінші үшбұрыштан тең қабырға табуға болады ма? (ия) 3. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен бұрышына тең болса, онда екі үшбұрыш тең болады ма? (жоқ) 4. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (ия) 5.Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (жоқ) 2-нұсқа. 1. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір қабырғасы екінші үшбұрыштың әрбір қабырғасына тең болады ма? (жоқ)
2. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір бұрышына екінші үшбұрыштан тең бұрыш табуға болады ма? (ия)
3. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен екі бұрышына тең болса, онда екі үшбұрыш тең болады ма? (жоқ)
4. Егер бір үшбұрыштың үш бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма (жоқ)
5. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (ия) Өзара бағалау Бағалау критерийлері: - Үшбұрыш теңдігінің сипаттамаларын біле отырып, дұрыс тұжырымды анықтайды; - Үшбұрыш теңдігінің сипаттамаларын біле отырып, дұрыс емес тұжырымды анықтайды; Мұғалім: Үшбұрыш теңдігінің белгілерін не үшін білуіміз керек, оларды тағы қайда қолдануға болатынын қарстырайық.
ІІІ. Үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін қолдануға арналған тапсырмалар